Түркістан: Пилоттық режимде іске қосылған мүгедектігі бар жандарға арналған портал тиімділігін көрсетіп отыр

Былтыр пилоттық режимде мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қызметтерді пайдалануға арналған aleumet.egov.kz порталы іске қосылған болатын.


Бүгінде техникалық оңалту құралдарының 24 түріне және мемлекеттік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтерге тапсырыс беруге арналған бұл жүйе өз тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Айжани Нұрланова брифингте мәлімдеді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Жамбылұлының тапсырмасына сәйкес, жаңа порталды насихаттау, жұмыстарын таныстыру мақсатында Түркістан қаласында, Төле би, Келес, Түлкібас аудандарының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, порталдың жұмыс барысы қадағаланды.

«Жүйенің мақсаты – мүгедектігі бар жандардың жеткізушілермен тікелей делдалсыз байланысты қамтамасыз ету. Порталда қызметтерді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек. Порталдың басты артықшылығы — пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту техникалық құралдарын таңдау мүмкіндігі. Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтардың қажетті заттарына тез арада қол жеткізе алады. Бұрын мемлекеттік сатып алу арқылы техникалық құрал-жабдықтармен қамту кезінде азамат 8 айға дейін күтуі керек болса, енді порталға тапсырыс беруден бастап үйге жеткізуге дейінгі уақыт 15 күнге дейін қысқарды. Ең бастысы, мүгедектігі бар азаматтар тауарлар мен қызметтердің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады. Біз аудандарды аралау барысында порталмен жұмыс істеу барысы тексерілді. Аймақтарда анықталған мәселелер дер кезінде шешімін тапты. Сондай-ақ, тұрғындар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспановқа толғандырған сауалдарын тікелей ұялы байланыс арқылы қойып, жауаптарын алды. Мүгедектігі бар азаматтар портал пайда болғалы қажетті заттарының сапасы артқандығын айтты. Қолдауға мұқтаж азаматтардың қажеттілігін қамтамасыз ету, тауар мен қызметтің сапасы – министрдің тікелей бақылауында»,- деді министр кеңесшісі.

Бүгінгі таңда порталдағы тізілімде 64 қызмет түрі бар. Атап айтқанда, 14-і ымдау тілі маманы, 18 жеке көмекшінің қызметін көрсету, 14 оңалту техникалық құралдары және 18 ұйым санаторий-курорттық емдеу қызметін қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, 9 ымдау тілі маманы және 85 жеке көмекші порталда жеке тұлға ретінде тіркелген.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.