Түркістан: Сайрам ауданында жыл басынан бері 42,6 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне тапсырылған

Сайрам ауданының даму бағдарламасына сәйкес, биыл 58 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, жыл басынан бері 42,6 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне тапсырылған.


Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Бүгінгі таңда Сайрам аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 2 425 азамат тіркелген. Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында 2020 жылы Ақсу ауылы, Интернациональная көшесінде орналасқан тұрғын үй (көлемі 592,4 ш.м.) ғимаратына аудандық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 17 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар баспанамен қамтылған.

Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында былтыр тұрғын үйге мұқтаж 5 отбасыға ипотекалық тұрғын үйді сатып алу үшін бастапқы жарнасын төлеуге 5 млн теңге сертификат түрінде берілген. Одан бөлек, баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға республикалық бюджет есебінен 249 млн теңгеге 31 коммуналдық тұрғын үй сатып алынған. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.