Түркістан: Сарыағаш ауданында мемлекеттік бағдарламаның арқасында кәсібін дөңгелетіп отырғандар көп

Түркістан облысы Сарыағаш қаласының тұрғыны Конысбаев Нагашыбай Узенбаевич ««Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде өз кәсібін ашқан азамат.


Ол 2020 жылы «Ағаш ұстасы» мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуды бітіріп, 2021 жылы жаңа бизнес-идеялар үшін берілетін 583 400 теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Қазіргі таңда тұрғылықты мекен жайы бойынша ағаш ұстаханасын ашып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Кәсібі күн сайын кеңейіп отырған азамат еңбек етемін дегендер үшін елден қолдау көп екенін айта келе, бағдарламаны жүзеге асырушыларға алғысын білдірді.

Ал, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округі Абуова Айжан Ашировна аз қамтылған көп балалы отбасы, 8 адам (6 баласы бар, ері – жеке кәсіпкер) 2020 жыл қаңтар айында өтініш беріп, АӘК-тің шартты түріне 3 айға 340053 теңге қаржы тағайындалды, айына 113351 теңгеден қаржы төленген.

Мемлекеттік АӘК түрі бойынша алған 340053 теңгеге Айжан жиhаз жасайтын шеберханасын дамыту үстінде.

Қазіргі таңда ауыл тұрғындарынан сұраныс қабылдап, өз-ісін жүргізуде.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.