Түркістан: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жиын өтті

Түркістан облысы бойынша «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлзия Нұрғалиқызы Қарсыбай аудан әкімдігінде «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс–қимыл» жөнінде жиын өткізді.


Басқосуға дербес бөлім басшылары мен қызметкерлері, онлайн жүйеде қала, ауылдық округ әкімдері қатысты. Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы-әдеп жөніндегі уәкілі Есімхан Жанысұлы Қадырбеков жүргізіп отырды.

Г.Қарсыбай «Сыбайлас жемқорлыққа модернизациялау» және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру» жөнінде баяндама жасады. Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді. Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Стратегиямен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай:

  • мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;
  • қоғамдық бақылау институттарын енгізу;
  • мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;
  • құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, күшейту, мемлекеттік қызметкер, депутаттар мен судьялар үшін шетелдік шоттарға тыйым салынады. Жақын туыстардың бірлескен жұмысына байланысты мүдделер қақтығысы болдырылмайды. Сондай-ақ, жемқорлықпен сотты болған мемлекеттік қызметкерлер жаңа заңға сәйкес ешқандай мемлекеттің үлесі бар мекемеге жұмысқа орналасуына жол берілмейді. Жеке және заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы алуына болмайды. Жиынға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Сондай-ақ, осы тақырыптағы жиналыс аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында, Төлеби ауданының халықты жұмыспен орталығында және аудандық Жастар ресурстық орталығында өтті.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.