Түркістан: Сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу тақырыбында мәжіліс болып өтті

Түркістан қаласы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу тақырыбында мәжіліс болып өтті.


Жиналысқа қала әкімі Н.Тұрашбеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Қарғабай, қала әкімдігіне қарасты дербес бөлім мен тиісті мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды қала әкімі Н.Тұрашбеков ашып, жүргізіп отырды.

Мәжілісте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Н.Құдайбергенов баяндама жасады. Нұрлан Мұхтарұлының мәлімдеуінше ағымдағы жылдың 29 наурыз – 12 мамыр аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің және оған қарасты мекемелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілген. Талдау қорытындысы бойынша бірқатар мәселелерді алға тартты. 2021 жылы елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 700 млн. теңгеден (739 848 000 тг.) астам сома жоспарланса, 2020 жылы – 2 млрд. 100 млн. теңгеге (2 098 612 000 тг.) жуық соманы құраған. Өз кезегінде, бөлім елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету мақсатында 660 млн. теңгеден астам (660 752 449 тг.) сома құрайтын 4 мемлекеттік сатып алу келісім-шартына отырған. Келісім-шарттар «негізгі және қосалқы көшелер» – деп бөлінген екен.

Бұдан соң қала әкімінің орынбасары Т.Тасов қала әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің (соның ішінде, бөлімге қарасты мекемелердің) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесі бойынша енгізілген ұсыныстардың орындалуы бойынша баяндап өтті. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Түркістан облысы бойынша департаменті» және Түркістан қаласы әкімдігімен 2021 жылдың 18 наурызында қала әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі ММ-нің қызметіндегі және бөлімге қарасты мекемелердің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу бойынша бірлескен бұйрыққа сәйкес, комиссия құрамы бекітіліп жұмыстар жүргізілгендігіне тоқталды.

Жиын соңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Қарғабай баяндамада айтылған кемшіліктерді жою, алдын алу бағытында жұмыстарды жүргізуге шақырды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.