Түркістан: Түлкібаста 50 гектардан астам жерге шие көшеті отырғызылады

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 54 гектар аумаққа шиенің (чирешня) ерте пісетін сұрыбы отырғызылып жатыр.


Оның 50 гектары Мичурин ауылдық округінде орналасқан «Мөлдір» ЖШС-не тиесілі. Серіктестік директоры Қ.Үсембаев көшетті әзірге 30 гектарға егіп, қалған 20 гектарын күз айларында егуді жоспарлап отыр.

«Біз көшетті арнайы Түркиядан алдыртып отырмыз. «Американка» деп аталатын шиенің бұл түрін ерте өнім беретіндіктен және өте жоғары сұранысқа ие болғандықтан таңдап алдық. Қазіргі таңда, арнайы мамандардың көмегімен көшеттерді талапқа сай етіп отырғызып жатырмыз», – деді мекеме басшысы.

Сондай-ақ, 4 гектар аумаққа шиенің тап осы түрін егуді Ақбиік ауылдық округіндегі «Нұрсәуле Фрутс» ЖШС де қолға алған. Сондай-ақ, аталған серіктестік ерте көктемде 50 гектар алқапқа «Гала», «Голден Делишес», «Старкримсон» сортты алма көшеттерін де отырғызған. Мекеме басшысы өнімге деген сұраныс арта түссе баудың көлемін де кеңейтуді көздеп отыр. Екі шаруа қожалық та баудан мол өнім алу үшін израилдік технологияны қолдануда.

Айта кетейік, қазіргі таңда жалпы ауданда ерте пісетін шиенің сорты 33 гектар жерге отырғызылған. Жоғарыда аталған серіктестіктердің жоспары жүзеге асса баудың көлемі 87 гектарға дейін ұлғаймақ.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.