Түркістан – Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы: Түркістан халықаралық әуежайының әлеуетін ұлғайту, халықаралық әуе рейстері және туризм саласын дамыту бойынша мемлекетаралық келісімдерді жүзеге асыру барысы талқыланды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, кездесулер өткізді.

Сапар барысында Зұлпыхар Жолдасов «Henan Civil Aviation Development & Investment Group» (ҚХР) бас директорының орынбасары Цяо Ченмен кездесіп, облысқа инвестиция тарту, Түркістан халықаралық әуежайының әлеуетін ұлғайту, халықаралық әуе рейстері және туризм саласын дамыту бойынша мемлекетаралық келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады.

100 миллион халқы бар Хэнань провинциясына биыл Қытайдан және шетелдерден 120 миллион турист келеді деп жоспарланған. «Henan Civil Aviation Development & Investment Co.Ltd (HNCA Group)» компаниясы – Хэнань провинциясының авиация саласының дамуын жеделдетуге жауап беретін, авиациялық компанияларды қайта құруға және ынтымақтастыққа қатысатын Чжэнчжоу әуежайының дамуына жетекшілік ететін ірі компания. Аталған компания авиациялық логистиканы нығайтуға және авиациямен байланысты салаларды оңтайландыруға бағытталған «Бір белдеу, бір жол» бастамаларына белсенді қатысады. Өңірлер арасында экономика, мәдениет, туризм салаларында тығыз байланысын орнату өзекті.

Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай Халық Республикасы үздік 5 елдің қатарына кіреді.

Таяуда ғана Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Хэнань провинциясына іссапармен барып, Түркістан облысы мен Хэнань провинциясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Осы әріптестік негізінде тиісті жұмыстар жүреді.

Түркістан қаласы мен облысы бірегей туристік ресурстарға ие және экономиканың осы саласын дамытуда үлкен әлеуетке ие.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin