Түркістан – Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы: Түркістан шаһарындағы туристік полиция қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Түркістан қаласына келуші қонақтар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шаһарда 25 туристік полиция қызметкері жұмыс істейді. Оларға арнайы нысанды киім, құрал-жабдықтар мен қажетті техникалар берілген.

Туристік тәртіп сақшылары – Қ.А.Ясауи кесенесі, Керуен сарай кешені, Президент саябағы аумағын сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін екі ауысыммен бақылап, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алады. Көмек қажет болған жағдайда жәрдем етеді.

Туристік полицияның қызметіне соңғы бір айда 650-ден астам азамат жүгінген. Мамандардың айтуынша, туристер мен қонақтар «Түркістанда қандай қонақ үйге тоқтауға болады?», «Көші-қон полициясы қайда орналасқан?» және бір нүктеден екінші нүктеге қалай жетуге болатыны жайындағы сұрақтармен жиі келеді.

Қызметкерлер – жедел әрекетке дайын жас мамандар. Қазақ, орыс, түрік, қытай, ағылшын тілдерін және қала тарихын жетік меңгерген.

Осы ретте тілге тиек ететін тағы бір мәселе, Түркістан қалалық әкімдігі тарапынан құрылған жұмыс тобы заңсыз сауда-саттықтың алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Заң талаптарын бұзған, белгіленбеген орындарды өз бетінше иемденген кәсіпкерлер мен саудагерлерге әкімдік тарапынан бірнеше рет түсіндіру шаралары жүзеге асқанымен, кей азаматтар ескертуге немқұрайлылық танытып келді.

Жауаптылар ендігі кезекте заңсыз орналасқан сауда дүңгіршектерінің иелеріне «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 204-і бабымен хаттамалар толтырылып, дүңгіршектер айыптұраққа қойылатынын ескертеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin