Түркістан – Түркі әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы: Түркістанның әлеуеті арта түсті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кестеге сай Түркістан қаласы тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Кездесуде Түркістан қаласын дамыту жолдары қаралып, тұрғындардың өтініштері, ұсыныстары, сұрақтары тыңдалды. Өңір басшысы облыс орталығында атқарылған жұмыстарға тоқталып, кемшіліктерді жою жөнінде де ой қозғады.

– Түркістан қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталсақ, өсім байқалады. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 38 пайызға өсіп, 2023 жылы 370 миллиард теңгеден асты. Биыл 4 айда бұл көрсеткіш 78 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға өскен. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 82 пайызға өсіп, 22 мыңнан асты Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылы 26 млрд. теңгені құрап, жоспар 1,8 миллиард теңгеге артығымен орындалды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 356 миллиард теңгені құрап, жоспар 7 миллиард теңгеге артық жүзеге асты. Құрылыс саласында да өсім бар. Біз өндіріс орындарын көбейту, инвестиция тарту жұмыстарын күшейте береміз. Олай жасамаса болмайды. Біз әкімдік тарапынан инфрақұрылым, әлеуметтік нысандарды салып береміз. Бірақ тұрғындар өз үйінің, өз ауласы мен көшесінің тазалығын сақтауға үлес қосулары тиіс. Бұл ретте «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қолдау көрсеткен түркістандықтарға алғысымды білдіремін, – деді Дархан Сатыбалды.

Жиында өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 2023 жылы 16,5 миллиард теңгеге жеткенімен, жоспар толық орындалмағаны айтылды. Сонымен бірге қаржыны игеру, салық түсімдері бойынша кемшіліктер сөз болды. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді ұлғайту, кәріз жүйесі және өзге де мәселелерге байланысты жұмысты ширату жөнінде тапсырма берілді. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларға да тоқталды. Жалпы Түркістаның туристік әлеуеті көтеріліп, экономикы жақсарып келеді.

Кездесуде тұрғындар тарапынан өтініштер мен ұсыныстар айтылды. Сонымен бірге жеке қабылдауда тұрғындардың мәселелері ашық айтылып, хаттамаға енгізілді. Ол түйткілдерді шешу бойынша жұмыс жүреді.

Тағы бір алып-қосарымыз, Түркістанда инфрақұрылым саласы жақсарып келеді. Қаланы 100% таза ауыз сумен қамту үшін 2 нысанның құрылысы жүргізілуде. Ауыз су құбырларын қайта жаңғырту және су жинау ғимаратын қайта құру жұмыстары жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы бүгін өткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының түркістандықтармен кездесуінде айтылды.

Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 36,5% немесе 16 336 абонент қамтылған. Жыл қорытындысымен 55,8%-ға жеткізу жоспарлануда. Жалпы бүгінгі таңға 17 жобаны іске асыру жоспарланып, 2 нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылды. Қазіргі таңда 11 нысанның құрылысы жүргізілуде, 4 нысан құрылысы республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 95% сарқынды су желісімен қамтамасыз етіледі.

Сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін электр қондырғылары мен желілерін қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ табиғи газбен қамтамасыз ету де жолға қойылған. Бүгінгі күні көгілдір отынды 40 мыңға жуық абонент немесе қала тұрғындардың 98,0% дербес шот ашып пайдалануда. Өткен жылы басталған Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты 36 тұрғын үйді газбен қамтамасыз ету құрылысы аяқталып, дербес шот ашу жұмыстары жүргізілуде.

Биыл қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 59,1%-ға жеткізіп, қаладағы асфальт жолдарды 500-ге жуық шақырымға жеткізу жоспарлануда. Осы мақсатта, қала аумағында 4 нысанда құрылыс жұмыстары атқарылуда. Атап айтсақ, 2 көпір салынуда және сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 100-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 84 көшеге жарықтандыру жүргізіліп, нәтижесінде 700-ден астам көше түнгі жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етілген. Осылайша қаланың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 86,5%-ды құрады. Биыл 230 көшеге жарықтандыру жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелердің үлесі 95%-ға жеткізу көзделуде.

Қала аумағында жалпы 458 аялдама қажеттілік бар. 276 аялдама жаңадан орнатылған, қосымша қажетті 182 аялдама кезең-кезеңімен жаңартылады. Облыс орталығында қазіргі кезде 22 қоғамдық көлік бағыты бар. Оның 16-сы «Жолаушы» ЖШС-і, 6 бағыты – «ТехПрофАвто» ЖШС-і. 2 тасымалдаушы мекеме сыйымдылығы жоғары 210 автобуспен қызмет көрсетеді. Жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 100%-ға жеткізілді. Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесі енгізілген. Одан бөлек, тұрғындардың өтініштеріне сәйкес жыл соңына дейін қала аумағында қосымша жаңа бағыттар ашылады деп жоспарлануда.

Жалпы биыл 49 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 23 ойын алаңшасы, 4 саябақ пен сквер және 22 нысан негізгі көшелерді көгалдандыру жүйелері ағымдағы жөндеуден өтуде. Күтіп-баптау жұмыстары жалпы 258 нысанда аумағы 626 гектарды құрайды. Күту жұмыстары жыл бойы жүргізіледі. Қала аумағындағы нысандарды күтіп ұстау жұмыстарын «Жасыл Түркістан» КММ-нің 250 көгалдандыру жұмысшысымен бірге мердігер мекемелер тарапынан 2200 жұмысшы жұмыс атқарады. Тазалау, суғару, қоқыс шығару, жасыл желектерді күтуге арналған, саябақтармен аллеялардағы аяқ жолдарды тазалауға және ағаштарды бұтауға, сыпырумен жолақтарды жууға арналған тағы басқа жұмыстар жүргізетін үлкен-кіші 200-ден астам техника жұмыс атқарады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin