Түркістан: Төлебилік тұрғын 10 мыңға жуық балық өсіруде

Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі Қосағаш елді мекенінің тұрғыны Темірбекова Әлима өз ауласында балық өсіру шаруашылығын қолға алған.


Кәсіпкер ауласынан шағын бассейн жасап, онда балықтың сазан және маринка түрлерін өсіруде. Балықты шабақ кезінен күтіп баптаған Әлима Темірбекованың тұқымбағында бүгінде 9000-нан астам ірілі-ұсақты балық бар.

«Қолдан балық өсіру оңай шаруа емес. Себебі балықты дер кезінде жемдеп, судың деңгейін қадағалап отыру қажет. Балық өсіруді осыдан 4 жыл бұрын жолдасым бастаған еді. Мен жолдасымның аманатын жалғастырудамын. Өзен мен тұщы су қоймаларының балықтарында йод, бром мен D дәрумені біршама аз, бірақ онда ақуыз жеткілікті мөлшерде болады. Етке қарағанда балық ақуызында метионин сынды маңызды аминқышқылы болады. Балық ақуызы ағзаға тез сіңеді, сондықтан оны асқазан ауруларының алдын алу үшін пайдалануға болады. Балық құрамындағы йод пен фтор эндокринді жүйе ауруларын емдеуге ықпал етеді. Үй шаруасында оны жемдеп, күтіп, қарағандықтан болар, балықтардың салмағы да жақсы. Күздің күні екі бассейнді біріктіріп, балықтарды сатылымға шығаруды көздеп отырмын. Кейіннен босаған бассейндерге жаңа шабақ алып, өсіремін», — деді кәсіпкер.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.