Түркістан облыстық білім басқармасының ұжымы лагерьлерге сенбілік өткізді

Республикалық “Таза Қазақстан” акциясы аясында Түркістан облысы білім басқармасы әр апта аймақтың әр аудандарына сенбілік жұмыстарын жүргізеді. Бұл апта Түлкібас ауданында орналасқан “Самал” жазғы сауықтыру лагеріне тазалық жұмыстарын жүргізді.

Эконауқанға білім саласының барлық ұйымы бірлесіп, белсенділік танытты. Жоғары деңгейде тазалық жұмыстарын ерікті түрде жүргізді.

Тазалық шарасына Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлынан бастап, орынбасарлары, басқармадағы бөлім басшылары мен бас мамандар атсалысты.

Айта кетерлігі, Түркістан облысының білім басқармасының «Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Самал» жазғы сауықтыру лагерінің ғимараты «Сайрам — Өгем» МҰТП-нің жер аумағында орналасқан. Лагерьде Түркістан облысының балалар үйлерінің 150 тәрбиеленушісі 10 маусымнан 23 тамыз аралығында 75 күн демалады. Лагерь 6 жаздық корпус 15 қыстық корпустан тұрады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin