
Облыстық мәслихат хатшысы мен фракция жетекшісі қоғамдық қабылдау өткізді.
Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев пен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев онлайн режимде тұрғындардың өтініштерін тыңдады.
Қоғамдық қабылдауда партия филиалының фейсбук және инстаграмм әлеуметтік желілеріне түрлі сұрақтар мен өтініштер түсті. Олардың басым бөлігі жақында өтетін әкімдер сайлауына, әлеуметтік жағдай, қоршаған ортаны қорғау, арнаулы оқу орындарына грант бөлу, және тағы басқа мәселелерге қатысты болды.
Облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев Түркістан облысы құрылғалы өңірде ауқымды жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етті.
«Бұрын қоғамдық қабылдауларда инфрақұрылым, су, газ, жол мәселелері өте жиі көтерілетін. Қазіргі таңда бұл бағыттар бойынша өтініштер мен сұрақтар азайды. Осы арқылы өңірде, Түркістан қаласында нақты жұмыстар атқарылып жатқанын білуге болады», – деді мәслихат хатшысы.
Ал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев тікелей эфир барысында түскен әрбір өтініш пен сұрақ хаттамаға енгізіліп, тиісті жауаптар берілетінін айтты. Сонымен бірге алдағы саяси бетбұрыс – әкімдер сайлауы туралы сұрақтарға жауап берді.
«Биыл елімізде бірінші рет ауылдарда әкім сайлауы өткізілмек. Ол сайлауға ешқандай партияда тіркелмеген үміткерлер де қатыса алады. Дегенмен олардың қоғамдық жұмыста, мемлекеттік қызметте, жалпы басшылық пен үйлестіруде тәжірибелері болулары тиіс. Ел алдындағы жауапкершілікті көтеру оңай іс емес», – деді ол.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысындағы филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 1380 қабылдау жүргізіліп, 3666 тұрғынның мәселелері қаралды. Оның ішінде: барлық деңгейдегі мәслихаттағы партия фракциясы депутаттары 792 жеке қабылдау жүргізіп, 2168 азаматтың өтініштері назарға алынған.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
You’re really a good webmaster. This web site loading speed is amazing.
It kind of feels that you’re doing any unique trick. Also,
the contents are masterwork. you’ve performed a wonderful task in this
subject! Similar here: sklep online and
also here: Dyskont online
877220 400792You produced some decent points there. I looked on the net to the concern and identified a lot of people go together with together together with your web web site. 710786
133945 4136You must participate in a contest for among the best blogs on the web. I will suggest this site! 189151
245599 191318very good put up, i really love this internet site, keep on it 383558
548855 52404Aw, this is an incredibly nice post. In thought I would like to put in location writing like this moreover — spending time and actual effort to create a very good article but exactly what do I say I procrastinate alot by means of no indicates seem to get something accomplished. 304805
658930 803286An extremely fascinating examine, I may possibly possibly not concur entirely, but you do make some really valid points. 487791