Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев облысқа жасаған сапары барысында өңірдегі медициналық ұйымдарды аралап, алқа отырысын өткізді.
Мәжілісте вице-министр ана мен бала денсаулығын қорғау, тыныс алу, ас қорыту ағзалары және нерв жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіштеріне тоқталып, медициналық көмектің сапасын жақсарту жайын алға тартты. Сондай-ақ арыз шағымдарға талдау жасалды.
Жиында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Асхан Байдувалиев медициналық-техникалық жарақтандыру, дәрімен қамтамасыз ету, ұйымдардағы жөндеу жұмыстары, жоспардағы ірі медициналық жобалар, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасына тоқталды.
Айта кетейік, сапар барысында вице-министр Түркістан қалалық емханасына арнайы барып, егу кабинеттерінің жұмыс барысын бақылады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.