Түркістан облысындағы Ассамблея құрылымдарының өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға қосып жатқан үлесі зор

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тіл – этоннаосаралық қатынас тілі» жобасы аясында «Этоннаос өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретудің тиімді жолдары: жаңа инновациялық әдістер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов модераторлық етті.

Келелі кеңеске Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, облыстық ҚХА жанындағы этоннаомәдени бірлестік өкілдері және аудан, қалалардағы аралас мектеп мұғалімдері, аудан, қалалардағы тіл оқыту орталықтарында қазақ тілін үйрететін оқытушылар және этоннаос жастары қатысты.

Басқосуда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Дайындық орталығы қазақ, орыс тілдері бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ақбота Мырзаханова, облыстық білім басқармасы оқу бөлімінің бас маманы Зүбайра Алтаева өңірде этоннаостар арасында мемлекеттік тілді насихаттау және дәріптеу бағытында сөз қозғап, тілді үйренудің тиімді жолдарын түсіндірді.

Сала мамандары жиында барлық салада іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу арқылы грамматикалық сауаттылықты арттыруға жол ашылатындығын атап өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Гүлмира Исатайдың айтуынша, өңірдің барлық аудан, қалаларында Мәдениет басқармасына қарасты тіл орталықтары жұмыс істейді. Өткен жылы осы курстарға 4 мыңға жуық адам қамтылды.

Жиында атап өтілгендей, қазіргі таңда Түркістан облысындағы Ассамблея құрылымдарының ұйытқы болуымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінде «Достық үйінде» жексенбілік мектеп ашылған. Жалпы қазіргі таңда облыстағы этоннаос өкілдерінің 92 пайызы қазақ тілін жетік біледі.

Іс-шарада сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева: «Мемлекеттік тілді меңгеру – Отанға, елге деген құрметтің белгісі әрі барлығымызды біріктіре түседі. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында «Мен қазақ тілі уақыт өте келе этоннаосаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін. Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз», — деді. Сондықтан мемлекеттік тілді үйрену, оның қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосу – азаматтық парыз» дей келе, этоннаос өкілдерін мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, күнделікті қатынас құралы ретінде қолдануға шақырды.

«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

Жамбыл облысынан «Достық керуені» келді

Бір апта бұрын «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында «Таразым – Тұмарым, Түркістаным – Тұраным» атты салтанатты іс-шара өтті.

Аталған шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ мен Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.

Жиынның мақсаты – өңірлердегі қоғамдық келісімді нығайту бағытында тәжірибе алмасу, ҚХА этоннаомәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулерін өткізу және коммуникациялар қалыптастыру, биылғы XXXІІІ сессия тапсырмасына сәйкес ҚХА жобаларын ілгерілету, «Cалауатты сана» жобасын кеңінен насихаттау.

Алдымен жамбылдық делегация Түркістан төрінде жаңадан бой көтерген «Достық үйін» аралап көрді және этоннаомәдени бірлестіктердің көрмесімен танысты.

Делегация құрамында этоннаомәдени бірлестік жетекшілері, Ақсақалдар, Аналар кеңесінің төрағасы, орынбасары, ардагерлер, «Ассамблея жастары» жетекшісі, мүшелері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, облыстық Кенен Әзірбаев атындағы филармония әншілері, БАҚ өкілдері болды.

«Достық үйінде» өткен салтанатты іс-шараға өңірдегі ҚХА жанындағы Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің төрағалары мен төрайымдары, мүшелері және этоннаомәдени бірлестіктер жетекшілері мен өкілдері қатысты. Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов «Достық керуені» жобасының ел ынтымағы мен жалпыұлттық бірлікті арттыруда маңызы жоғары екенін атап өтті.

Сондай-ақ іс-шарада Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева және Жамбыл облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сейілхан Асқарбек қоғамдағы бірлік пен келісімді ілгерілету, жастарды позитивті этоннаосаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу жайында келелі әңгіме, салиқалы сөз қозғады.

Бірлікті бекемдеген басқосуда Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

Бұдан соң салтанатты шара Жамбыл облыстық филормониясының концерттік бағдарламасына ұласты.

Шара барысында көршілес қос өңір арасындағы әріптестік, достық байланысты және этоннаосаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар ҚХА мүшелері Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаевтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Маңғыстаулық Ассамблея мүшелері Түркістан облысының этномедиация тәжірибесімен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен өткен ХХХІІІ сессиясында Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарын Медиация саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша көш басындағы өңірлердің қатарына жатқызған болатын.

Сол жиында ел Президенті республикадағы облыс әкімдіктеріне, «Қоғамдық келісім» КММ-не аталған облыстармен тәжірибе алмасу жөнінде тапсырма берген еді. Осы орайда, айдың басында Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы делегациясы Түркістан облысының этоннаомедиация саласындағы тәжірибесімен танысу мақсатында арнайы іссапармен келді.

Алдымен маңғыстаулық делегация Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, «Ұлы Дала Елі» орталығындағы құнды жәдігерлермен танысты. Бұдан соң Түркістан төрінде жаңадан бой көтерген «Достық үйін» аралап көрді.

Делегация құрамында Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этоннаомедиация кеңесінің төрағасы Жаңбырбай Матаев және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Достлуг» әзірбайжан этоннаомәдени бірлестігінің мүшесі, этоннаомедиатор Тагиев Таги Зираддиноглы бар.

Осы ретте, «Достық үйінде» өңірдің медиация саласындағы жұмыс тәжірибесімен танысу сапарына орай ауқымды жиын өтті.

Алқалы басқосуға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Нұралы Әбішов, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев және Медиация кеңесінің мүшелері, сонымен қатар, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың төрағалары мен этоннаомәдени бірлестіктерінің төрағалары және өңірдегі кәсіби медиаторлар қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар қос өңірдегі этоннаосаралық келісімді нығайту бойынша өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.

Жиын соңында маңғыстаулық делегация мүшелері Түркістан облысының тиімді тәжірибесін жұмыс барысында қолданатынын айтып, алғыстарын білдірді. Жиынға қатысушылар елдік пен бірліктің жолында күш біріктіріп, елге қызмет ете беретіндіктерін жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin