Бұл туралы «КСЕЛЛ» АҚ Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына жолдаған хатында мәлімдеген.
Мобильді оператор өзінің телекоммуникациялық инфрақұрылымын жаппай жаңарту бойынша ауқымды жобаны жалғастыруда. Яғни, «Кселл» байланыс, және интернет қызметтерінің сапасын, цифрлық сервистердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ, қалалық және ауылдық жерлерде интернетпен қамту аймағын кеңейту үшін базалық станциялар мен басқа да жабдықтарды модернизациядан өткізіп жатыр.
Жаңарту бойынша ең белсенді жұмыс бүгінде елдің оңтүстігінде жүргізілуде. Осы ретте Түркістан қаласында шілде айында компания 3G стандартында жұмыс істеп тұрған 15 базалық станцияны 4G және 5G стандартына дейін жаңартып, модернизациялады. Олардың қатарында, Тәуке хан даңғылы, Абылайхан көшесі, Қожанов, Саттарханов, Жарылқапов, Нұрмаханов, Сандыбай, Ерубаев, Төлеби, Мұңайтпасов көшелері бар.
Түркістан облысында күрделі жұмыстар істелді. 23 базалық станция Құмкент, Қасымбек, Зертас, Аққұм, Қайнарбұлақ, Жаңаауыл, Қарасу, Қарабұлақ, Ленгір, Таскешу, Ұзынарық, Ақсу, Қарабұлақ секілді ауылдарда операторлар базасы жаңаланды.
Орайы келгенде айта өтейік, Түркістанда 44 240 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған. Биыл Тәуке хан даңғылы, Қазыбек би, Төле би, М.Абенова, Н.Төреқұлов, Н.Тынышқұлов көшелеріндегі кабель желілерін салу құрылысы нәтижесінде қосымша 4520 абонент сапалы электр қуатымен қамтылды.
Сондай-ақ Айбергенов көшесі, «Бірлік-2» аумағы және жобадан тыс қалған 7 нысанды электрмен қамту үшін тағы да жоба әзірленді. Аталған жұмыстарды 2024-2025 жылдар аралығында жүргізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде қосымша 6 500-ден аcтам абонент электр жүйесімен қамтылады. Бұл бастама қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтуды 99 %-дан 99,5%-ға жеткізеді.
Шаһарда 48,1 шақырым электр желісі тартылып, 24 дана трансформатор орнатылды. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің 2024-жылға жоспарланған инвест бағдарламасының 70%-ы орындалды.
Компания Түркістан қаласы және облыс бойынша барлық модернизациялық жұмыстардың негізгі бөлігін күзге дейін бітіруді жоспарлап отыр. Алдағы 2 аптада оператор Түркістанда және аудандарда өзінің 20 базалық станциясын жаңаламақ. Олардың қатарында 127 көше, Мұстафа Шоқай, Иассы, Исмаилов, секілді көшелерде орналасқан базалық станцияларды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ Сауран ауданы, Шаға, Ескі Иқан ауылдарында, Отырар ауданы, «Көксарай» су қоймасы, Мақтаарал ауданы Алғабас, Еңбекші, Минералсу, Атакент ауылдарында базалық станцияларды модернизациялау жұмыстары жүріп жатыр. Компания өңір бойынша жыл соңына дейін тағы 77 базалық станцияны жаңалаудан өткізуді көздеп отыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.