Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасады. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының апталық отырысында айтылды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүйелеуді, тұрғындардың экологиялық белсенділігін көтеруді тапсырды. Облысағы барлық мекеме қызметкерлері өздерінің ғимараты мен ауласын таза ұстауы керек екенін жеткізді.
– Барлық аудан, қала, ауыл әкімдіктерінің ғимаратына, ауласына мониторинг жүргізіледі. Білім, мәдениет, медицина, спорт мекемелерінің қызметкерлері де өз аймақтарын таза ұстаулары тиіс. Облыстық, республикалық маңызы бар жолдардың жан-жағы да тексеріледі. Жауапты басқармалар, мекемелер жұмысты күшейтсін. Тұрғындардың белсенділігін көтеріңіздер. Түсіндіру, ағарту, ақпараттық жұмыстар жүргізілсін. Орынбасарлар мен аудан, қала әкімдері осы бағыттағы жұмысты жүйелеу жөнінде ұсытыстарыңызды беріңіздер. «Таза Қазақстан» акциясы тоқтаусыз жалғасады, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асыру жөніндегі баяндамалары мен ұсыныстары тыңдалды. Білім, мәдениет, туризм және медицина саласы өкілдерінің акцияға қосқан үлесі және алдағы жоспарлары туралы баяндалды.
Аталған акция бойынша облыстағы 2500-ден астам білім беру ұйымында (1421 балабақша, 1052 мектеп, 50 колледж) экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға баулу көздеген жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңға дейін білім беру ұйымдарының күшімен 12 360 дана ағаш көшеті отырғызылып, 81 800 ағаш түбін әктеу жұмыстары жүрді. 243 тонна қоқыс қалдықтары шығарылып, 89 шақырым аяқжолдар тазаланған. 1200 ғимараттың, шарбақтардың әктеу, сырлау жұмыстары жүргізіліп, 72 мыңнан астам қызметкер тазалық жұмысына өз үлестерін қосты.
2024 жылы 22 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге (жалпы құны 14,7 миллиард теңге) 7,7 миллиард теңге қаржы қаралды. Сонымен қатар 2024 жылы 91 білім мекемесіне (61 мектеп, 25 балабақша, 1 қолдау орталығы, 4 балалар лагері) ағымдағы жөндеуге 4,7 миллиард теңге қаржы қаралды.
Тұтастай алғанда, өңір бойынша 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і – «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы есебінен, 32-сі – республикалық бюджет есебінен. 2023 жылы 20 мектеп тапсырылған. 2024 жылы қалған 15 мектептің 13-і пайдалануға берілетін болады, 2-і 2025 жылға өтпелі.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2024 жылы облыста жалпы қуаттылығы 1 800 оқушы орындық 8 мектеп құрылысын жүргізу ұсынылып, облыстық мәслихаттан қолдау тапты.
Аталған мектептерде 3 507 оқушы білім алады.
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.
Анықтама үшін нақтылай кетсек:
Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.
Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:
2023 жылы басталған 29 мектеп:
— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;
— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;
— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;
— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;
— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;
— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;
— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;
— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;
— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;
— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;
— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;
— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;
— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;
— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.
Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.
Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.
2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.
Тарқата айтсақ:
Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;
Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;
Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;
Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;
Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;
Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;
Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.
2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.
Дәлірек айтсақ:
Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;
Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;
Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;
Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;
Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;
Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;
Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;
Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;
Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;
Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.
Күрделі жөндеуге тоқталсақ.
Түркістан облысында 1900-2011 жылдар аралығында пайдалануға берілген 121 мектеп күрделі жөңдеу жұмыстарын қажет етеді. Оған қажетті қаржы көлемінің жалпы сомасы 80 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі таңда 66 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Бұл ретте күрделі жөндеуге қажетті қаржы 50,4 миллиард теңгені құрап отыр.
2024 жылға 22 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы 7,7 миллиард теңге қаржы қаралды. Тарқата айтсақ, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасымен 7 мектеп (2,7 миллиард теңге), облыстық бюджеттен 15 мектеп (4,9 миллиард теңге) күрделі жөндеуден өткізіледі. Оның ішінде 5 мектепті («Ауыл — ел бесігі» бағдарламасымен – 3, облыстық бюджеттен – 2) ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіне пайдалануға беру жоспарланған. Ал, қалған 17 мектеп («Ауыл — ел бесігі» бағдарламасымен — 4, облыстық бюджеттен — 10) келесі жылға өтпелі.
Айта кетерлігі, өңірдегі жазғы демалыс лагерьлерінде оқушыларға «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының тәрбиелік жұмыстары жүргізіледі.
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдар да тазалық акциясына өз үлестерін қосуда. Облыс бойынша қызмет ететін 24 681 медициналық қызметкердің 12 766-сы сенбілік және тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Бүгінгі таңға дейін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында медициналық нысандардың аумағында 10 957 түп ағаш отырғызылып, 61 842 түп ағаш әктелді. 391 медициналық нысанның қасбеттері, 200 шақырым шарбақтарды ақтау-сырлау жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 3 мыңға жуық мәдениет қызметкері мен 70 техника тартылды. 12 мыңға жуық ағаш, 10 мың гүл отырғызылып, 6 мыңға жуық ағаштың түптері ақталды. 200 тонна қоқыс шығарылды. Киелі және тарихи орындарда тазалық акциялары ұйымдастырылған.
Облыс тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру, адамдарды мүлікке ұқыпты қарауға үйрету, қоғамдық орындардағы дөрекілік пен қоғамға жат теріс мінез-құлыққа тосқауыл қою мақсатында идеологиялық жұмыстар жүруде. Сәуір айында 2891 адамға хаттама толтырылып, 40,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, 19,6 миллион теңге өндірілген.
Облыс көлемінде «Жастар ресурстық орталықтарының» тарапынан 127 волонтер ұйымдары жұмыс істесе, экологиялық акциясына 80 мыңға жуық ерікті қатысты. 92 636 мыңға тарта ағаш көшеті және 10 мыңға жуық гүл отырғызылып, 1107 тонна қоқыс шығарылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының мән мағынасын өскелең ұрпаққа насихаттауда ауыл, көше, төбе билері мен ақсақалдар алқасы, ардагерлер ұйымдарының мүшелері үлкен рөл атқаруда.
Халықты ақпараттандыру жұмыстары бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында тұр. Арнайы eGov mobile платформасында жүргізілген сауалнама қорытындысымен өңірде халықтың 53,6% акция туралы хабардар болған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.