
Түркістан облысында өзін «Атамекен» ҰКП маманы ретінде таныстырып, алаяқтықпен айналысқан азамат құрықталды.
Сайрам ауданының тұрғыны мектеп мұғалімдеріне жәрдемақы тағайындап беремін деп, жәбірленушілердің жеке басына қатысты мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін алып, несие рәсімдеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жанна Тілеубекова мәлімдеді.
Жеңіл жолмен олжалы болғысы келетіндер тұрғындарды грант, несие, жәрдемақы немесе «Бастау Бизнес» жобасына тіркеу арқылы сертификат алып беру ісіне көмектесемін деп сан соқтыруға тырысады. Сондықтан, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жандар ескеруге тиіс жайт — «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасына қатысушыларға курс ұсынып, бизнес-жобасын сүйемелдеуге көмектеседі. Ал, грант ұсыну, ақша беру – мекеме құзыретіне кірмейді.
«Тұрғындар арасында кәсіпкерлер палатасы қаражат береді деген түсінік қалыптасқан. Бұл қате пікір. Біздің ұжым кәсіпкерлерге қаражат алу тетіктерін көрсетіп, жобаларын сүйемелдеумен айналысады. Барлық қызметтер ақысыз негізде көрсетіледі. Кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеті – кәсіпкерлікке оқыту, кеңес беру, бизнесте мемлекеттік қолдау шараларын жүргізуді қамтамасыз ету. Сондай-ақ, заңнамалық талаптар мен жаңалықтар туралы хабардар ету, кәсіпкерлердің құқығын қорғап, бизнестің жүйелі проблемаларын шешу»,- деді Жанна Асылбекқызы.
Жалпы «Бастау Бизнес» жобасына өтінім қабылдау басталған кезде алаяқтар қазақстандықтарға грант ұтқанын және оның ақшасын жіберу үшін банктегі есепшоты қажет екендігін айтып алдайды. Тиісті қаражатты «Қазпошта» арқылы жібереміз дей отырып, жеңімпаздың барлық жеке дерегін білуге тырысады. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмазхан Тастанбеков мұндай жағдаймен кезіккенде бірден құзырлы органдарға жүгінуге шақырады. Құқық қорғау саласы қызметкерінің айтуынша, қазіргі таңда аталған алаяқтық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүгізілуде.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
882994 516167 Spot on with this write-up, I truly believe this internet site needs significantly a lot more consideration. Ill probably be once again to read much more, thanks for that info. 318965
973855 259491Nicely picked details, numerous thanks towards the author. It is incomprehensive in my experience at present, however in common, the convenience and importance is mind-boggling. Regards and all of the best .. 322801
521112 818106bathroom towels really should be maintained with a excellent fabric conditioner so that they will last longer:: 577802
770446 4022My California Weight Loss diet invariably is an cost effective and versatile staying on your diet tv show made for folks who uncover themselves planning to drop extra pounds and furthermore ultimately keep a significantly healthier habits. la weight loss 973936
945826 699393I observe there is a lot of spam on this weblog. Do you require assist cleaning them up? I may possibly assist among classes! 481562