Түркістан облысында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша 250-ге жуық жоба мақұлданды

«Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда әрбір аудан және ауылдық округ әкімдеріне үлкен жауапкершілік пен ізденіс, еңбекқорлық керек. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеріп, кәсіпкерлікті дамытуға арналған жобаның қаражаты тиімді жұмсалуы тиіс. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аппараттың апталық отырысында осы мәселеге арнайы тоқталып, жұмысты күшейтуді тапсырды. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша баяу қимылдап, көш соңында қалған аудан әкімдерінің, жауапты басқармалардың жұмысын сынға алды.

– Аудандар мен қалаларды аралап, әкімдермен, елмен кездесіп жүрміз. «Ауыл аманаты» жобасын үйлестіру жұмыстары — әлі де төмен деңгейде. Жартыжылдық бітіп жатыр, баяу жүруде. Осы жобаға қатысты басқармалар, қаржылық мекемелер, «Ырыс» қаржы ұйымы, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, әкімдер, кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтары жұмысты жандандыруы тиіс. Тұрғындарға құжат дайындауға, жобаларын жүзеге асыруға көмектесіңіздер. Жобаның сәтті жүзеге асырылуына тікелей жауаптысыздар. Бұл – Мемлекет басшысының назарында тұрған аса маңызды тапсырма. Мемлекет ұсынған қаржы тиімді жұмсалып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беруі қажет, – деді Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Н.Бекмұратов пен «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның төрағасы Ф.Байдуллаевтың есептері тыңдалды.

Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен жыл басында 11 миллиард теңге, наурыз айында республикалық бюджетті нақтылауда қосымша 8,9 миллиард теңге қарастырылып, жалпы 19,8 миллиард теңге бөлінді. Облыс бойынша негізгі 6 бағытты қаржыландыру көзделіп отыр. Нәтижесінде 3 220 бірлік жобаға қолдау көрсетіліп, кемінде 3413 бірлік жаңа жұмыс орындары құрылады. Несие қаржысын таратушы ретінде сенім білдірген өкіл «Түркістан ӘКК» АҚ-ы белгіленді. Өтінім қабылдау «Түркістан ӘКК» АҚ-ы еншілес мекемесі «Ырыс» ШНҰ» ЖШС арқылы жүргізілуде.

Жобаны іске асыруда өңірде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға барлық ауылдық округтерде скрининг жұмыстары жүргізіліп, бірінші кезекте (11 миллиард теңгеге) жобаға қатысатын 16 ауданнан 32 ауылдық округі анықталды. 44 кооператив анықталып, әлеуетті несие алушылардың тізімі жасақталды. Кооперативтердегі мүшелер саны – 3406 адам. Бүгінгі күні 425 жоба қабылданып, 1,1 миллиард теңгеге 236 жоба мақұлданып, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде.

Талдауға сәйкес өтінімдердің 90 пайызы мал шаруашылығы саласын дамыту бағыттында өткізілген немесе 425 жобадан 380 жоба мал шаруашылығы, 40 жоба егін шаруашылығы, 5 жоба балық шаруашылығын дамытуға бағытталып отыр.

Жиында құс шаруашылығын дамыту, балық шаруашылығын дамыту және жобаларды әртараптандыру бойынша тапсырмалар берілді. Сонымен бірге осы қолдау арқылы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар санын азайтып, кәсіпкерлер санын көбейту міндеті де күн тәртібінде екені мәлімделді.

Айта өтейік, «Ауыл аманаты» жобасы мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өткен жылдың 26 қарашасында бекіткен №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасына 100 млрд теңге бөлінді. Осы жобаны Үкімет мүшелері өңір әкімдерімен бірлесіп, оның мүмкіндіктері мен ережелерін халыққа жеткізіп жатыр. Ол 2,5 пайызбен беріліп жатыр. Нәтижесінде ауылдағы 18 мың тұрғын жұмыспен қамтылып қана қоймай, жеке кәсібін ашуға мүмкіндік алады. Бағдарлама аясында 320 мың адамды қамту көзделіп отыр.

Бүкіл Қазақстан бойынша Үкімет AMANAT партиясымен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» жобасына жол ашты. Оны Қазақстанда бірінші болып Ақтөбе облысы іске асыра бастады, ал 2019 жылы ол Жамбыл облысында пилоттық режимде сәтті іске асырылды. AMANAT партиясы жанынан азаматтар мен әкімдерді әдіснамалық сүйемелдеуді, оқытуды, өтінімдерді қабылдау және қаражатты бөлу процесінің мониторингін қамтамасыз ететін жобалық кеңсе ашылды. Осы жоба бойынша микрокредит беру мерзімі 5 жылды құрайды, бұл ретте мал шаруашылығы саласындағы бастамалар үшін 7 жыл кезең көзделген. Максималды сома – 2,5 мыңнан 8 мыңға дейін (зәкірлік кооперация) АЕК, номиналды сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%-дан аспайды.

Қаражатты ала алады: ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер; зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын жұмыскерлер; ЖК ретінде тіркеусіз тауарларды өндіру немесе өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар (оның ішінде әрекетсіз ЖК); отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар; ЖК-да өнім өндіретін табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен сату немесе айырбастау үшін жеке қосалқы шаруашылықтың мүшелері; табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.

«Бұл біздің ауылдарды көтеруге мүмкіндік беретін нақты қадамдар. Жобаны пилоттық іске қосу қорытындысы бойынша Жамбыл облысының 11 ауылдық округінде ауылдардағы орташа айлық табыс 1,7 есе өсті, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 есе азайды, жұмыссыздық деңгейі 36% — ға төмендеді. AMANAT партиясы мен үкіметтің міндеті — «Ауыл аманаты» жобасын бүкіл елге масштабтау. Жобаның барлық артықшылықтары туралы халықты дұрыс ақпараттандыру маңызды», — деп атап өтті AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов.

Ол Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша тиімді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«Біздің облыс бүгінде президенттің ауылдық аумақтарды дамыту туралы тапсырмасын орындауға дайын, соның арқасында «Ауыл аманатына» дайындық кезінде әрбір ауылдық округке скрининг жүргізілді, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың нақты саны, әрбір отбасының табысы, халықты сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін дамыту қажет өндірістер анықталды», — дейді өңір әкімі Ералы Тоғжанов.

Өңір әкімдігі бойынша бірінші кезеңде өңірдің 24 ауылдық округінде 2700-ден астам жоба іске асырылатын болады. Осы мақсатқа 3 млрд теңге бөлінді. Жобаның ерекшелігі ақшалай, тауарлық несие беру болып табылады. Атап айтқанда, 27 ірі шаруа қожалығы есебінен ауыл тұрғындарына 6 мың бас мал беру жоспарлануда. Қарызды ауыл тұрғындары алған төлдерімен қайтарады. Бүгінгі таңда 42 жеке қосалқы шаруашылыққа 650 бас мал берілді.

«Ауыл аманаты» аясында құс шаруашылығына ерекше көңіл бөлінуде. 2100-ден астам жоба ауыл шаруашылығы қызметінің осы түрімен байланысты.

«Ауыл аманаты» — өте жақсы бағдарлама, өйткені 2,5% — бен, бірінші жылға арналған демалыспен және ауылдық жылжымайтын мүлік кепілімен бірде-бір қаржы ұйымы қарыз бермейді. Біз бәріміз бұл идеяны қолдауға дайынбыз. Өйткені, жергілікті сапалы ауыл шаруашылығы өнімі – Ұлт денсаулығы!»,- деді кәсіпкерлер.

AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауылдағы өмір сүру деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударғанын атап өтті. Таяудағы 7 жылда ауыл тұрғындарының табысын арттыруға 1 трлн теңге бөлу көзделген, бұл ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық пен атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, сонымен қатар өзін өзі қамтушыларды заңдастыру. Бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны және несиелеудің шарттарына тоқталатын болсақ, ең бірінші кезекте жобаны іске асыруда жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріліп жатқанын айтты.

Несие алу үшін ауыл тұрғындары алдымен ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіру қажет. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігі тиеді деген ойдамын. Шартта көрсетілгендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғылықты азаматы болуы керек. Оған қоса, міндетті түрде кепілге қоятын жылжымайтын мүлкі болуы шарт. Егер кепіл болмаған жағдайда туыстардың кепілін пайдалануға болады. Бағдарламада уақыт шектеуі жоқ.

Аталған жоба 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез-келген мүліктің 60 пайызы бағаланады. Бір жылға дейін демалыс қарастырылған.

Бұл ретте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы облыс бойынша «Жұмысшы топ» құрамымен бірге барлық аудандарды аралап, бағдарламаның концепциясын құруға, басым бағыттарын таңдауға, несие беру ережесіне қатысады. Нақтырақ айтқанда, палатаның қызметі жобаларды сүйемелдейді, бизнес жоспар дайындап береді, құжаттарды жинақтауға көмек береді.

«Несие алушы ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы кооперативіне кіруіне кеңес береміз. Неге десеңіз, бұл арзан бағамен жем сатып алуға, жер жыртуға, қоқыс шығаруға, арнайы техникаларды арзан бағамен пайдалануға мүмкіндік береді. Қысқасы, кооперативке бірігудің пайдасы көп. Бірінші кезекте сату мәселесі шешіледі. Мәселен, кооперация мүшесі 8,6 миллион, ал төрағасы 27 миллион теңге ала алады», — дейді сарапшылар.

Көршілікті қызықтырған, пайыздық мөлшерлемесі өте төмен бұл қандай несие? Ауыл халқы бұл несиені қалай алады? Қойылатын талаптары мен шарттары жеңіл ме?

Ал несиенің шарттары мынадай:

Пайыздық мөлшерлемесі – 2,5 %.

Мерзімі – 5-7 жыл.

Ең жоғарғы қарыз мөлшері – 8,6 миллион теңге.

Коопертивтер үшін – 27,6 миллион теңге.

Қаражатты ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер; зейнеткерлік жасқа толмаған жұмыскерлер; жеке кәсіпкер ретінда тіркелмеген бірақ, тауарларды өндіру немесе өткізумен айналысатын, жұмыстарды орындауды және қызмет көрсетуді дербес жүзеге асыра алатын тұлғалар және еңбекке қабілетті, өз кәсібін бастауға ниетті ауыл мен шағын қала тұрғындары ала алады.

Микронесиенің мерзімі – 5, ал, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін. Ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке (8 65 000 теңге), зәкірлік кооперацияны дамыту үшін 8 мың АЕК-ке (27 600 000 теңге) дейінгі көлемде. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі 2,5 пайыздан аспайды. Шағын несиені алу үшін еліміздің заңнамасына сәйкес салық органдарына тіркелуі, кепілге қоятын мүлкі болуы қажет. «Ауыл аманаты» несиесі – ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген бизнес өкілдеріне, зейнет жасына жетпеген қысқартылатын жұмыскерлерге, жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және әрекетсіз жеке кәсіпкерлерге, отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратындарға, сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдар өндірістік кооперативтердің мүшелеріне арналған.

Микронесие сенім білдірілген өкіл арқылы халыққа беріледі. Сенім білдірілген өкілді бюджет заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган айқындайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік деңгейде бағдарламаны әзірлегенімен, оның жанында микрокредит беретін ұйым жоқ. Сондықтан, ақшаны бөліп беру, микронесиені үлестіру, жобаларды таңдау–әкімдіктердің мойнында. Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндіруінше, аталған несие әкімдіктерге қарасты әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялар арқылы беріледі. Осы корпорациялар құжаттар, өтінім қабылдау тәртібін анықтап, микрокредит алатын үміткерлерді іріктейді. Беру тәртібі, негізгі шарттары, тәсілдері, үміткерлердің санаттары, қарыздардың мерзімдері мен сомалары сенім білдірілген өкіл шешімімен белгіленеді және несиелік шартта көрсетіледі. Үміткерлерді сенім білдірілген өкіл тапсырма шартына сәйкес айқындайды. Негізінен шарттары оңай. Сұралатын құжаттар да көп емес. Біріншіден, кепілдікке қойылатын мүлкің болуы керек.

Мәселен, ол ауылдағы үйің немесе техникаң, көлігің болуы мүмкін. Ал, кепіл мүлкі болмаған жағдайда, кәсіпкер меншік иесінің келісімімен, нотариалды рәсімдеу арқылы туыстарына немесе достарына жүгінуіне болады. Қаржыландыру 2023-2025 жылдар аралығында үш кезеңде өтеді. Несие беру биыл басталды. Ол ірі қара мал өсіруге, құс шаруашылығына, наубайхана немесе кондитерлік өндірісті дамытуға, туризм кәсібімен айналысуға беріледі.

«Бұл несие тек ауылдар мен шағын қала тұрғындарына арналған. Бізге ақпарат сұрап, қала тұрғындары да хабарласып жатады. Бірақ бұл – ауылды дамытуға арналған бағдарлама. Сондықтан бұған көпшілік түсіністікпен қарағаны жөн. Елімізде бұған дейін мұндай бағдарлама болған емес. Бұрын осыған ұқсас бағдарлама болды, онда көпбалалы отбасыларға ғана 4 пайызбен берілген. Ал қазір мұның ауқымы кеңейді. Бұл жоба әр өңірде жергілікті басқару органдары арқылы жүзеге асырылады. Олар қаржы бөлетін операторларды анықтаса болды, ақша дайын тұр», — дейді Ауыл шаурашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев.

Кредит алуға ниетті азамат жергілікті әкімдікке келіп, өтініш береді. Ол өтініш аудандағы оператор – ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне жолданады. Ал кооператив рұқсат берсе болды, мәселе шешілді деген сөз.

«Негізінен шарттары да оңай. Сұралатын құжаттар да көп емес. Біріншіден кепілдікке қойылатын мүлкің болуы керек. Мәселен, ауылдағы үйің немесе техника, көлік болуы мүмкін. Шыны керек, қазіргі уақытта ауылдағы үйлерді кепілдікке қойып, қандай банк кредит беріп жатыр? Сондықтан да, бұл мүмкіндікті жастар пайдалануы керек», — дейді несиеге қол жеткізгендер.

Ақтөбе облысында халықтың мұндай жобадан хабарсыз қалмауы үшін «Ауыл аманаты» қоры құрылған. Қазір онда ылғи жастар жиналып, ауыл тұрғындарына арналған тренингтер өткізіп тұрады. Яғни жобаға қатысам деген ауыл тұрғындары сол қорға хабарласып, жоба туралы, жинау керек құжаттар туралы біліп, тіпті бизнес жоспар құруды да үйрене алады екен.

Мал өсірем деген шаруа үшін жақсы мүмкіндік. Десе де, ауыл тұрғындарының басты мәселесіне айналған жайылымдық жер тапшылығы қалай шешіледі? Малмен айналысу үшін ауыл тұрғынына мал жаятын жайылым, шөп шабатын шабындық керек.

«Біздің өңірде ондай мәселе жоқ. Жайылымдық жер тапшылығы үлкен қалалар орналасқан өңірлерде бар шығар. Бірақ Ақтөбе өңірінде ондай қиындықтар әзірге болған жоқ. Неге десеңіз, ірі-қара өсірумен айналысатын кәсіпкерлер ауылға жақын отырудан қашады. Себебі олар етті, сүтті немесе асыл тұқымды мал бағады. Ондай малдардың екпесін егіп, барынша түрлі ауру ошағынан алшақ ұстауға тырысады. Ал ауылда әркімнің малы әртүрлі. Екпе уақытымен егілді ме, жоқ па біле алмайсың. Сондықтан да біздің кәсіпкерлер ауылға жақын жер алмауға тырысады. Соның есебінен біздің өңірде жайылымдық жер тапшылығы жоқ», — дейді Қазақстан фермерлер қауымдастығының Ақтөбе облысындағы өкілі Берік Сариев.

Жалпы, қарға тамырлы қазақтың алтын бесігі – ауыл. Жалпы еліміз бойынша 6295 ауылда 7,5 миллион адам, халқымыздың 38,2%-ы тұрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының 2023 жылдың басындағы мәліметінде айтылған. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев осыны ескеріп, 2022 жылы қарашада өткен сайлаудан соң қызметіне кіріскенде Үкіметке ауылды дамытудың тұжырымдамасын жасауды тапсырып, жарлыққа қол қойған болатын. Оны жүзеге асыру мақсатында сол жылы жамбыл облысында басталған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы енді бүкіл өңірді қамтитын бағдарламаға айналды. 

Жаңа жоба азық-түлік қауіпсіздігін, өңірде мал басының көбеюін қамтамасыз етуге, тұрғындардың табысын арттыруға серпін беруге, ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту және ауыл азаматтарын жұмыспен қамтуға бағытталған.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

26 Comments

  1. We are a group of volunteers and starting a new scheme in our community.
    Your website provided us with valuable info to work on. You have done
    a formidable job and our whole community will
    be thankful to you.

  2. Its such as you read my thoughts! You appear to know so much about this,
    like you wrote the book in it or something. I believe that you could do with a few % to power the message house a bit, however instead of that, that is magnificent
    blog. An excellent read. I will definitely be
    back.

  3. It’s a pity you don’t have a donate button! I’d definitely donate to this fantastic blog!
    I guess for now i’ll settle for bookmarking and adding your RSS feed to my Google
    account. I look forward to brand new updates and will talk about this blog with my Facebook group.
    Talk soon!

  4. I absolutely love your blog and find nearly all of your post’s to be exactly what I’m looking for.
    Would you offer guest writers to write content to suit your needs?
    I wouldn’t mind publishing a post or elaborating on a lot of the subjects you write
    regarding here. Again, awesome weblog!

  5. I would like to thank you for the efforts you’ve put
    in penning this site. I’m hoping to view the same high-grade blog posts by you later on as well.

    In truth, your creative writing abilities has encouraged me to get my own website
    now 😉

  6. You actually make it seem so easy with your presentation but
    I find this topic to be really something which I think I would never
    understand. It seems too complicated and extremely broad for me.
    I’m looking forward for your next post, I’ll try to get the hang of it!

  7. Excellent blog right here! Also your website a lot up very fast!
    What host are you the usage of? Can I get your affiliate link on your host?
    I want my website loaded up as fast as yours lol

  8. I was curious if you ever considered changing the page layout of your website?
    Its very well written; I love what youve got to say.
    But maybe you could a little more in the way of content so people could connect with it better.
    Youve got an awful lot of text for only having 1 or 2 images.
    Maybe you could space it out better?

  9. Pretty section of content. I just stumbled upon your site and in accession capital
    to assert that I acquire actually enjoyed account your blog posts.

    Any way I’ll be subscribing to your feeds and even I achievement you access consistently fast.

  10. Hello, Neat post. There’s an issue along with your website in web explorer, would
    test this? IE still is the market chief and a large section of other folks
    will pass over your magnificent writing due to this problem.

  11. Wonderful goods from you, man. I’ve take into account
    your stuff prior to and you’re just too fantastic. I really like what you have acquired right here, really like what
    you’re saying and the best way during which you assert it.
    You’re making it enjoyable and you still take care of
    to stay it sensible. I can not wait to learn much more from you.

    This is actually a terrific web site.

  12. Have you ever considered creating an ebook or guest authoring on other websites?
    I have a blog based upon on the same subjects you discuss and would love to have
    you share some stories/information. I know my
    audience would value your work. If you are even remotely interested,
    feel free to send me an e-mail.

  13. Hey! Someone in my Myspace group shared this site with us so I
    came to take a look. I’m definitely loving the information. I’m book-marking and will
    be tweeting this to my followers! Outstanding blog and fantastic design.

  14. This design is spectacular! You most certainly know how to keep a reader entertained.
    Between your wit and your videos, I was almost moved to start my own blog (well,
    almost…HaHa!) Great job. I really loved what you had to say, and more than that,
    how you presented it. Too cool!

  15. Thanks , I have recently been searching for info approximately this topic for a long time and yours is the greatest I’ve
    came upon till now. But, what about the bottom line?
    Are you certain in regards to the supply?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.