«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ғимаратында облыстық партия филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының таныстырылымы туралы баспасөз мәжілісі өтті. Брифингте облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев партиялық Жол картасының негізгі бағыттарын БАҚ өкілдерінің алдында баяндады.
Жол картасында сайлауалды бағдарламаның 4 бағыты бойынша 136 іс-шара жоспарланған.
Бірінші бағыт «Табысты арттыру» деп аталады.
Қазірдің өзінде «Ауыл аманаты» бойынша облысқа республикалық бюджеттен 19,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға 64 ауылдық округтегі 4 000-ға жуық жобаны қолдау көзделіп отыр. Сонымен қатар 75 кооператив таңдалып, несие алушылардың тізімі жасақталу үстінде.
Бүгінгі күнге ауыл тұрғындарынан 847 өтінім қабылданды, оның ішінде 248 өтінім несие комитеті тарапынан мақұлданған, 459 өтінімнің құжаттары — қаралу сатысында. Жоба құнына қарай 11 адамның есепшотына 59 миллион теңге аударылды.
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген пайызбен несиелендіру бағдарламалары мен Мемлекет басшысының бастамасымен ауылдағы халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын ауыл тұрғындарына жергілікті билік кеңінен түсіндіруде. Мәселен, Арыс қаласы әкімінің тапсырмасымен құрылған арнайы жұмысшы топ ауыл тұрғындары мен шаруа қожалық иелерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп жатыр.
Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіруге құжаттар қабылданып жатыр. Арыс қаласы бойынша бұл бағдарламаны алғашында пилоттық режимде Ақдала, Дермене ауыл округтерінде іске асыру жоспарланған болса, қала әкімдігінің ықпалымен аталған бағдарлама Қожатоғай, Байырқұм, Жиделі ауылдары қосылған.
Осыған орай, қалалық Сәулет және қала құрылысы, Ауыл шаруашылығы, Кәсіпкерлік, Жер қатынастары бөлімінің басшылары мен мамандарынан құралған топ өкілдері Ақдала, Дермене ауылдық округтары мен аумағындағы елді мекендерді аралап шықты.
Онда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алатындығы және техниканы лизингке рәсімдеуге болатындығы түсіндірілді.
Бұдан бөлек, үйіргелік және кәсіпкерлік нысан жерін заңдастыру мен жеке кәсіпті дамытуға қатысты қолдау, көмек шаралары туралы дербес бөлім басшылары мен сала мамандары тарапынан әр азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құжаттарды рәсімдеуде нақты көмектер мен кеңестер берілді.
«Жер аманаты» бойынша өткен жылы облыста 1 миллион гектардан астам жер ортақ жайылымға қайтарылған болатын. Жол картасына сәйкес, 5 жылда 490 мың гектар жерді қайтару қарастырылса, оның 330 мыңы биылға жоспарланған. Бүгінгі күнге 51,1 мың гектар жер қайтарылды.
Екінші бағыт «Өмір сапасын арттыру» деп аталады.
2027 жылға дейін облыста жаңадан 96 мектеп салуға, тозығы жеткен 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге ықпал етілмек.
Медицина саласында 28 жаңа денсаулық сақтау нысанын салуға және ауылдық елді мекендерді медицина саласының мамандарымен қамтуға күш салынады.
Үшінші бағыт «Өмір сүру жағдайларын жақсарту» деп аталады.
2027 жылға дейін барлық қаржыландыру көздерінен 4,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынбақ. Тозығы жеткен 271 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен қаржы бөлінеді.
Сонымен қатар биыл жөндеу жұмыстары басталған Кентау қаласындағы «Жылу орталығындағы» жұмыстар партиялық бақылауға алынды.
Қазірдің өзінде Энергоорталықтың 8 қазандығын қайта құруға сметалық құжаттама жасалды. Биыл 4 қазандықты қайта құру жоспарланған. Бүгінгі таңға облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлініп, конкурстық шаралар жүргізілуде. Қалған 4 қазандықты қайта құру 2024 жылға жоспарланған.
Облыста 185 мыңға жуық зейнет жасындағы азамат тұрады. «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында алдағы 5 жылда 400-ден астам ардагерге түрлі деңгейдегі көмектер көрсетілмек.
Сонымен қатар «Кедергісіз келешек!» жобасы бойынша алдағы 5 жылда 6,7 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамту көзделген.
Төртінші бағыт «Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды күшейту» деп аталады.
Бұл жерде газ отынымен жұмыс істейтін қоғамдық көліктер санын ұлғайту, Түркістан қаласы аумағындағы жасыл белдеуді дамыту, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын санитарлық талаптарға сәйкестендіру, Кентау қаласына қарасты елді мекендерді экологиялық аймаққа кіргізу секілді жұмыстар жүргізіледі.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
An eradication of the infectious focus was successfully performed in 84 of patients, averaging 1 walmart priligy
Both totes have a chain link background and a center dark
stripe that is bordered by white and red stripes.
Popular brands that are frequently replicated include Louis Vuitton, Chanel, Gucci, Prada, Hermes,
and many more.
fake bags
replica bags online
LuxuryTastic
LuxuryTastic
luxury tastic
luxury tastic
replica bags online
replica bags online
LuxuryTastic
replica bags
fake bags online
replica handbags
luxury tastic
fake bags online
replica handbags
fake bags online
replica bags
replica handbags
fake bags
replica bags online
replica bags
replica bags online
replica bags
replica bags online
fake bags online
fake jordans mz407
replica shoes,replica
shoes fo769
Reps Shoes cv883
Replica Sneakers for women,Reps Shoes vg555