Түркістан облысында «Сарыағаш — Дарбаза — Мақтаарал» бағытындағы темір жол құрылысы бойынша жұмыстар пысықталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Сарыағаш-Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы темір жол құрылысын жүргізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларының қатысуымен мәжіліс өткізді.

Жергілікті әкімдік тарапынан теміржолдың жүретін жері белгіленіп, жерді рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған сәйкес тиісті аудан әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Жұмыстарды ширату бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Түркістан облысында ұзындығы 152 шақырым болатын Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы былтыр қарашада басталды. Оның аясында қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы жаңа өткізу пункті ашылады. Бұл теміржол торабы бойынша жүк ағынын болашақта 20-25 миллион тоннаға дейін артуы мүмкін.

Маңызды жоба Түркістан облысын республиканың магистральдық теміржол желісіне қосу арқылы оның дамуына үлес қоспақ. Жоба Сарыағаш стансасындағы кептелістерді азайтып, Өзбекстанға экспорттық жүк тасымалдауды арттырады.

Жаңа теміржол желісін салу қолданыстағы Сарыағаш – Ташкент учаскесінен жүктерді жаңа тармаққа қайта бағдарлауға, «Сарыағаш» станциясының жүктемесін азайтуға және жалпы Өзбекстан бағытында экспорттық тасымал көлемін арттыруға жол ашады. Өз бұл бағыт республикалық теміржол желісіне қосылып қана қоймай, Түркістан облысын кесіп өтетіндіктен, осы өңірдің дамуына оң ықпал етпек.

Осы орайда атап өтер маңызды ақпарат, шекара маңында орналасқан ауылдар жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. Түркістанда облыс тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамту бағытында жиналыс өтті.

Аталған бағытта «Қазақтелеком» байланыс операторының серіктесі «OK Telecom» ЖШС өкілдері мен Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мамандары арасында келіссөздер жүргізілді.

Қос тараптың келісімі бойынша бүгінде Сарыағаш ауданы Достық-2 шекара аумағында орналасқан елдімекендер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды.

Оған қоса Ынтымақ, Бостандық, Еңкес, Дербісек елді мекендерін үй жағдайындағы жоғары жылдамдықты интернетке қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде, ауыл тұрғындарына қашықтан оқуға, жұмыс жасауға және заманауи цифрлық технологиялардың барлық артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Облыс аумағындағы ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жол картасына сәйкес, Сарыағаш ауданы бойынша «Кселл» ұялы байланыс операторының 5 базалық станциясын және «Билайн» ұялы байланыс операторының 16 базалық станциясын орнату жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте жаңа базалық станция орнатуға тұрғындар тарапынан туындаған радиофобия мәселесі елді мекендерді толыққанды жоспар бойынша мобильді интернетпен қамтылуына кедергі келтіруде. Осыған байланысты облыс тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырамыз!

Айта кетейік, Сарыағаш ауданы бойынша , «OK Telecom» байланыс желісіне Ынтымақ ауылынан 155 абонент, Бостандық – 85 абонент, Достық 1.2 — 130 абонент, Еңкес — 120 абонент, ал Дербісек елді мекенінен 35 абонент қосылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin