Түркістан облысында «Серпін» бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі оқу орындарының өкілдері облыс жастарына жан-жақты мәлімет беруде.

«Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.

«Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етілетіндігіне және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.

Биыл бағдарлама шеңберінде елімізде 3653 грант бөлінген. Осы жылы 800-ден астам Түркістан өңірінің жастары грантқа ие бола алады.

Айта өтейік, «Серпін» бағдарламасы елімізде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатыр. Ескеретін жайт, бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған. Ақпараттандыру жұмыстары 20 шілдеге дейін жүзеге асады.

Шараға мектеп түлектері қатысып, еліміздің теріскейіндегі 23 жоғарғы оқу орнының бірінде студент атануына мүмкіндігі бар. Оқу гранттарының 2 500-ден астамы — педагогика бағытында болса, 700-ге жуығы — инженерлік өңдеу және құрылыс саласы.
Сонымен қатар, 300 грант — IT саласына бөлінсе, 70-ке жуық грант — ауыл шаруашылығы және биоресурстар бағытында.

Айта кетейік, 2023 жылы «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикаға бөлінген 3 653 гранттың 983-не Түркістан облысының талапкерлері ие болған. Сонымен қатар, серпіндіктердің 70-90 пайызы тұрақты жұмыс орнына орналасқан.

«Серпін» жобасының басты мақсаты — еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, білікті мамандар даярлау.

«Серпін» бағдарламасына мына аймақтардың түлектері қатыса алады: Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстары.

Гранттар мынадай облыстарда орналасқан ЖОО-ларға бөлінді: Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай облыстары.

Гранттар тек педагогикалық, IT және техникалық, ауыл шаруашылығы мамандықтарына беріледі.

Жоба бойынша грантқа түскен түлектер шәкіртақы алады және жатақханамен қамтамасыз етіледі. «Серпін» бағдарламасы түлектері үшін оқу аяқтаған соң грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.

Гранттар тізімінде 5000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар, оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған.

  «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin