Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жүйеленіп келеді

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып, тұрғындардың экологиялық сауатын көтеру, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған іс-шаралар жүйелене түседі. Бүгін осы мәселеге байланысты Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен кеңес өтті. Жиында «Таза Қазақстан» акциясының атқарылу барысы, соның ішінде басқармалардың және аудан, қала әкімдерінің акция аясында атқарған жұмыстары қаралды. Мәжіліске тиісті басқармалар мен департамент басшылары сондай-ақ селекторлық режимде аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары тазалық, абаттандыру жұмыстарын үздіксіз жүргізуді, тазалық сақтау бойынша насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Облыстағы барлық басқарма, департамент қызметкерлері өздеріне белгіленген аумақты таза ұстауы керек екенін айтты.

– «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы — Президенттің бастамасымен қолға алынған іс. Енді біз тазалық жұмыстарын жалғастырып, апта сайын пысықтап отыратын боламыз. Облыстық, республикалық маңызы бар жолдардың жан-жағы да тексеріледі. Жауапты басқармалар, мекемелер жұмысты күшейтсін. Тұрғындардың белсенділігін көтеріңіздер. Түсіндіру, ағарту, ақпараттық жұмыстар жүргізілсін. Аудан, қала әкімдері мен орынбасарлардан осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды талап етеміз. Дұрыс нәтиже болмаса, ауыл округі әкімдері, аудан әкімдерінің жауапты орынбасарларына шара көрілетін болады. Акция аясында кең көлемді сенбіліктер ұйымдастыру қажет, – деген облыс әкімінің бірінші орынбасары «Таза Қазақстан» акциясы тоқтаусыз жалғасатынын жеткізді.

Мәжілісте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков пен облыстық қоғамдық даму басқармасының орынбасары Болат Жанәбілдің «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асыру жөніндегі баяндасы мен ұсыныстары тыңдалды. Білім, жол, дін, спорт, мәдениет, кәсіпкерлік, табиғат, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту басқармалары мен экология департаменті және «ҚазАвтоЖол» мекемесінің өкілдері акцияға қосқан үлесі және алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экоакциясы асяында атқарылған жұмыстарға апта сайын талдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда өңірде аталған акция аясында абаттандыру, көгалдандыру санитарлық тазалық, қоқыс шығару және полигондарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар атқарылуда.

Жалпы облысқа қарасты 807 елді мекенінде сенбілік жұмыстары кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаевтың айтуынша, Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясын ақпараттық сүйемелдеу бойынша арнайы медиа-жоспар әзірленіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Медиа-жоспарға сәйкес, баспа бұқаралық ақпарат құралдарында  «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын түсіндіретін тақырыптық айдарлар ашып, материалдар жарияланды.

Атап айтқанда, акция туралы мемлекеттік тапсырысты орындаушы облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Жанубий Қозоғистон» газеттері мен 17 аудан, қалалық баспа БАҚ-тарда ақпараттық материалдар, постерлер, сұхбаттар жарияланды.

Есепті кезеңде БАҚ пен әлеуметтік желілерде 161 059 материал жарияланды. Оның ішінде республикалық БАҚ-та — 281, өңірлік БАҚ-та-2709. Әлеуметтік желілерде 46 212 пост, пабликтерде – 111 536 жарияланып, 321 бейнеролик әзірленіп, таратылды.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығы туралы вирустық бейнероликтер (ұзақтығы – 15-45 сек) әзірленіп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, жергілікті «Turkistan» телеарнасы мен аудан, қала әкімдіктері мен аудан, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің, жастар ресурстық орталықтарының беттерінде «Facebook», «Instagram», «Youtube.com» әлеуметтік желілерінде ілгерілету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілді.

Одан бөлек, республикалық «Хабар24», «Қазақстан» ҰТА, «1 арна-Еуразия» телеарналары мен аудандық «Са-НҰР», «Сәт», «Ел-Нұр», «Арыс толқындары» телеарналары мен okg.kz, yujanka.kz, janubiy.kz және басқа ақпараттық порталдарда ақпараттық жұмыстар жүргізілді.

Акцияны насихаттау бойынша арнайы әзірленген материалдар республикалық nur.kz, tengrinews.kz, zakon.kz, kazinform.kz, stan.kz, inbusiness.kz, halyq-uni.kz сайттарына орналастырылып, арнайы инфобаннерлер, бейнероликтер 200 ауылдық округ пен 800 елдімекен, 1000 мектеп пен 700 арухананың whatsapp чаттары арқылы  таратылды.

«Таза Қазақстан» акциясын ақпараттық жариялау жөнінде 2024 жылғы 9, 16, 30 сәуір және 21 маусым күндері Түркістан Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз жиыны (4 рет) ұйымдастырылды.

Акцияны насихаттау мақсатында ескі эскизбен 32 баннер, жаңа эскизге сәйкес 14 аудан, қаладағы 78 сыртқы жарнама құралдарында (Түркістан — 7, Арыс – 1, Кентау — 4, Бәйдібек — 2, Жетісай — 5, Келес — 3, Қазығұрт — 6, Мақтаарал — 1, Ордабасы — 10, Отырар — 9, Сайрам — 4, Сарыағаш — 14, Сауран — 3, Созақ – 2, Төлеби — 6 , Шардара – 1), 8 лед-экранда (Мақтаарал — 1, Ордабасы — 1, Сауран – 4, Түлкібас — 1) тақырыптық материалдар орналастырылған.

Сондай-ақ, халық көп шоғырланатын жерлердегі 56 демонстрациялық экранда (Түркістан — 12, Арыс – 2, Кентау — 4, Бәйдібек — 1, Жетісай — 1, Келес — 2, Қазығұрт — 5, Мақтаарал — 1, Ордабасы — 8, Отырар — 1, Сайрам – 4, Сарыағаш — 1, Сауран — 5, Созақ – 2, Төлеби — 4 , Түлкібас – 3) 7 тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, 96 (Түркістан — 2, Арыс – 1, Кентау — 1, Бәйдібек — 3, Жетісай — 6, Келес — 11, Қазығұрт — 4, Мақтаарал — 2, Ордабасы — 13, Отырар — 8, Сайрам – 3, Сарыағаш — 1, Сауран – 5, Созақ – 14, Төлеби — 16,Түлкібас – 2,  Шардара – 4) орында 7 түрлі аудиоджингл таратылуда.

Табиғат тазалығына ерекше назар аударатын жастардың сенбіліктерге көптеп қатысуының нәтижесінде бір шама игі шаралар жүзеге асты.

Акция шеңберінле өиткізілген іс-шараларға 80  мыңға жуық ерікті қатысты.

 Сондай-ақ, 17 аудан, қала көлемінде 92 мыңға жуық ағаш көшеттері және 10 мыңға жуық гүл отырғызылып, 1 180  тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 198  киелі-мекендерде, көше бойларындағы ағаштарды әктеу, сырлау, қоқыс қалдықтары шығарылса. 230 қарт кісілердің үйілеріне тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Жас Түркістан» еріктілер ассоциациясы құрылып, «Бұл сенің өңірің» акциясы негізінде 500 жастың қатысуымен тимбилдинг ұйымдастырылса, «Асыл Мұра» жобасы асында Түркістан облысының  тарихи мәдени орталықтары мен туристік аймақтарында аптасына 1 рет 300 жастың қатысуымен квест ойындары ұйымдастырылды.

Төлеби ауданы әкімдігі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «JAKE TAU» тур агентігімен бірлесе ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 150 жастың қатысуымен, Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі таулы аймақта орналасқан демалыс орындарында, Бадам өзені жағалауларының бойында қоқыстарды тазалап, жабайы өскен, қураған ағаштардан тазартты. Жалпы жастар белсенді атсалысып, тазалыққа шақырып, 5 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Қоқыс шығарып қана қоймай командаға бөлініп, жарысып, көңіл көтеріп, белсенді жастар марапатталды. Бірінші орын алған командаға арнайы демалыс аймағына бір күн тегін демалуға жолдама берілді.

Сондай-ақ акция аясында сенбілікке шақыра отырып, осы эстафетаны Алматы қаласының жастарына тазалық этафеттасын жолдады

Қазығұрт ауданында облыс жастары «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясын қолдау мақсатында, Қазығұрт ауданының әкімі, аудандық мәслихатының депутаттары, Жастар ресурстық орталығының басшыларының қатысуымен арықтарды тазалап, бұлақ көздерін ашу жұмыстары жүргізді.

Аталған акцияға жалпы 150-ге жуық облыстың белсенді ерікті жастары, депутаттар, қоғам белсенділері, жастар орталығы қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Акцияның «Өнегелі ұрпақ» кезеңінде «Ардагерді ардақтайық» жобасы аясында қарттар үйлерінде абаттандыру жұмыстарына, экологиялық мәдениетті қалыптастыру  бағытында тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әлі де Түркістан өңірінде қарқынды жүзеге асуда. Маусым айынан бастап, бұл акцияға мемлекеттік бағдарлама аясында «Жасыл ел» жастар жасағымен 1550 жас елімізді көгалдандыру және абаттандыру бағыты бойынша өз үлестерін қосуда.

«Сондай-ақ, Түркістан облысы «Taza Alem» ұлттық жобасы аясында «Қоршаған ортаны таза ұстау — әрбір азаматтың борышы», «Ауылым-алтын  бесігім» тақырыптарында  балаларға арналған ойын алаңшалары мен елді мекендердегі  көше бойлары тазаланып, тұрғындар арасында эстафеталық челендждер ұйымдастырылды.

«Таза Қазақстан» акциясына өңірдегі 11 этномәдени бірлестік мүшелері де белсенді түрде атсалысып келеді. «Қоғамдық келісім» КММ-не қарасты 9 филиалдың ұйымдастыруымен жыл соңына дейін 170 сенбілік өткізіліп, оған 7 мыңға жуық жерлесіміз қатысады деп күтілуде. Бүгінге дейін мекемеге қарасты аудан-қалаларда 40 сенбілік өтіп, 1,5 мыңнан астам адам қатысқан.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы бағыттағы жұмыстар бір реттік акция емес, өз жалғасын тауып келеді» — деп отыр Ерлан Күзембаев.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin