Түркістан облысында агроқұрылым иелерінің сұранысына орай мемлекеттік қолдау көрсетілді

Биыл Түркістан облысында 860 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өңірде астық ору науқаны ойдағыдай өтті. 263,8 мың гектарға егілген астықтан 464,5 мың тонна өнім жинау жоспарланған-ды. Биыл 3,1 миллион тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау күтіліп отыр. Бүгінгі күнге жаздық дақылдардан 200 мың тоннаға жуық көкөніс, 70 мың тоннадан астам картоп, 170 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналды. Жыл соңында 4,1 миллион тонна мал азығын жинау жоспарланып, 3,5 миллион тонна (82%) мал азығы дайын. Жауыптылар: «Жиын – терім жұмыстары толығымен мерзімінде аяқталатын болады» — деп сендіріп отыр.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспановтың мәлімдеуінше, егістікті әртараптандыруға сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың гектарға артып, 318 мың гектарға, көкөніс, картоп, бақша дақылдары 9,7 мың га артып, 129,1 мың гектарға, мал азығы 6,7 мың га артып, 227,7 мың гектарға жеткізілген. Майлы дақылдар, керісінше, 6,3 мың гектарға қысқартылып, 73,5 мың гектарға, мақта дақылы өткен жылмен салыстырғанда 14,9 мың гектарға қысқартылып, 111,4 мың гектарға орналастырылған.

Облыс әкімі күзгі егін жинау науқанын мерзімінде аяқтауды назарда ұстап отыр. Мақта бағасы бойынша мақта өндеуші зауыттардың басшыларымен бірлесіп, тиісті шаралар қабылданып жатқаны тағы бар. Биылғы күзгі егінді жинау жұмыстарымен қатар, келесі жалдың көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бастаудың қажеттігін айтқан өңір басшысы минералды тыңайтқыштармен уақтылы қамтамасыз ету, озық агротехнологияларды енгізу бойынша да бірқатар тапсырмалар бергені — есте.

Жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан 33,7 мың тонна жанар-жағар май бөлініп, тауар өндірушілерге босатылуда. Сонымен қатар агроқұрылымдардың сұранысын ескере отырып, 500 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнының 50%-ын субсидиялауға 6,5 миллиард теңге, пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 372 миллион теңге, тұқымының шаруашылығын қолдауға 600 миллион теңге қаржы бөлініп, 15 мыңға жуық агроқұрылымға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin