Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында кәсіп бастауға ниет білдірген жастар қатары қалың

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, елімізде мемлекеттік бағдарламалар арасында жастардың тегін оқуына, жұмыспен қамтылуына, кәсіппен айналысуына арнайы бағдарламалар биыл молынан қарастырылып отырғаны жасырын емес. Бұл орайда жаңадан кәсіп бастағысы келетін немесе бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беріле бастады. Өтінім бергендердің дені мал бағу мақсатын көздеп отыр. 

Биыл бұл бағдарлама аясында еліміз бойынша 5,8 мың жас 5 миллион теңге сомасында шағын несие ала алады. Ал Түркістан облысы бойынша 594 жасқа жеңілдетілген шағын несие беру мақсатында 2,9 миллиард теңге қаржы қаралды.

Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану мақсатында Түркістан облысында жергілікті жерлердегі NEET санатындағы жастар мен оқу орындарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

Жүйелі жұмыстар мен тиянақты ақпараттық түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде өз кәсібін бастауға ниеттілер қатары артқан. Тарқата айтсақ, бүгінде облыс бойынша жалпы 204 жас бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытқан. Оның ішінде Түркістан қаласы – 7, Арыс қаласы – 9, Кентау қаласы – 3, Бәйдібек ауданы – 6, Жетісай ауданы – 2, Қазығұрт ауданы – 46, Мақтаарал ауданы – 3, Отырар ауданы – 15, Ордабасы ауданы – 24, Сайрам ауданы – 15, Сарыағаш ауданы – 26, Сауран ауданы – 9, Төлеби ауданы – 14, Түлкібас ауданы – 14, Шардара ауданы бойынша 11 үміткерден өтінім келіп түскен. Өтінім бергендердің дені мал бағу мақсатын көздеп отыр.

Жуырда 2,5 пайыздық несиені алуға ниет білдірген талапкерлердің бизнес-жоспарымен танысу мақсатында комиссия отырысы өткізілді. Оған өңір бойынша 25 жоба ұсынылып, оның 23-і комиссия қарауынан өткен.

Ерекше атап өтерлігі, бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы бойынша барлық аудан, қала, ауылдар мен елдімекендерде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары арнайы насихаттық топ құрып, жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осы жұмыстар аясында бүгінге дейін өңірдегі 38 қала, 229 ауыл, 214 ауылдық округ, 301 елдімекен, 22 кент, 32 базар және сауда орындары, 12 кәсіпкерлік орын қамтылды. Нәтижесінде орталық мамандары тарапынан облыс бойынша 18 мыңнан астам NEET санатындағы жастарға жеке тұрғын үй мекенжайлары бойынша кеңестер берілді. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсіндіру бағытында Жастар орталығының парақшаларында 775 пост жарияланды.

Еске сала кетсек, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін, басқа бағыттар үшін – 5 жылға дейін, көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін 3 жылға дейін беріледі.

Несие алушылардың жасы 21-ден 35-ке дейін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Үміткердің жасы құжат тапсыру сәтінде ескеріледі. Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Несие 5 жылға, яғни 60 айға берілсе, жеңілдікті кезең 20 айды құрайды.

2023 жылдан бастап ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде қазақстандықтардың тиімді шарттармен шағын несие алу мүмкіндігі пайда болды. Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, ауылдық елді мекендер мен шағын қалалар тұрғындары бизнес ашуға және жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге шағын несиелер ала бастады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі Жолдауында несие ресурстарының жетіспеушілігі отандық бизнес үшін күрделі мәселе болып отырғанын, елімізде шағын және орта бизнесті қаржыландыру жеткіліксіздігі шамамен 42 миллиард долларды құрайтынын айтқан еді. Бұл ретте банктер іс жүзінде экономика үшін жұмыс істемейтін триллиондаған қаржыны ұстап отыр. Сондықтан, нақты секторды тұрақты және қолжетімді несиелеу мәселесін шешуді тапсырған.

Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлект басшысының тапсырмасына сәйкес, несиенің пайыздық мөлшерлемесі – 2,5%. Жастарға 5 миллион теңгеге дейін несие беріледі, төлеу мерзімі – 5 жыл. Ауыл шаруашылығымен айналысамын, ірі қара мал өсіремін деп несие алса, ол 7 жылға беріледі. Кепілдік қою талап етіледі. Сондай-ақ несиені 1,5 жылдан соң төлеуге болады. Алайда осы уақыт аралығында олар өз кәсібін ашып, оны дамытуға тиіс.

Ал, 2,5%-дық шағын несиелеу «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүргізіледі. Несие беру тәртібі, негізгі шарттары, әдістерін комиссия белгілейді. Корпорация несиеге өтініш берушілерден, егер шарт бойынша міндеттемелер бұзылмаса, оларға қатысты комиссияларды, алымдарды немесе басқа төлемдер алмайды.

5 жыл мерзімге жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын несиені облыстық/республикалық маңызы бар қалада/астанада, моноқалада, шағын қалада, ауылды елді мекенде тұратын жастар ала алады. Олардың жасы 21-ден 35-ке дейін, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс. Осы мақсаттарға 2023 жылға 29 млрд теңге қарастырылған. Осы қаражат есебінен 5,8 мың жас адамға жеңілдігі бар кредит беру жоспарланған. Бұдан бөлек, грант беру құралдары жасалмақ. Бұл кредиттерді «Аграрлық кредиттік корпорациясы» арқылы алуға болады. Несие мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 (жеті) жылғы дейін; басқа бағыттар үшін – 5 (бес) жылға дейін; көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін – 3 (үш) жылға дейін; айналым қаражатын толтыру үшін (несиенің бір бөлігі) – 2 (екі) жылға дейін беріледі. Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Кепілмен қамтамасыз етудің болуы – міндетті шарт. Ол ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады. Өтінім беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. жоба бойынша бизнес-жоспар;
  3. шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама;
  4. кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде);
  5. қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде;
  6. кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;
  7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Микрокредиттер төменде көрсетілген тізімдегілерді қоспағанда:

– тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшылар үшін уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);

– бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);

– қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;

– ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;

– Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты қызмет;

– моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді, сондай-ақ темекі және/немесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобалар, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару;

– кредиторлық берешекті өтеу;

– бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттардан басқа кез келген мақсатқа беріледі.

Микрокредиттер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі, оның отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырады. Осылайша, микрокредит беру туралы шешім комиссиялық және нақты іс-қимыл жоспарымен өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, қоғамдық маңызы бар, өміршең болуы тиіс жобаның пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады. Қазір  микрокредиттер алуға өтінімдер еліміздің барлық өңірлерінде қабылданып жатыр. Кепілдік ретінде жылжымайтын мүлік пен арнайы техника қойылады. Сонымен қатар негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Оның ұзақтығы микрокредит мерзімінің үштен бірінен аспауы керек. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.