Түркістан облысында биыл 22 білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді

Түркістан облысы туу және табиғи өсім көрсеткіші бойынша елімізде алғашқы орында тұр. Сәйкесінше, білім алушылар санынан да алдыңғы қатарда келеді. Өңірдегі елді мекендер жыл сайын мемлекеттік және жеке инвесторлар есебінен жаңа білім нысандарымен толығуда. Айталық, өткен жылы 20 мектеп пайдалануға тапсырылған.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша тозығы жеткен білім ұяларын реттеу және қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары атқарылуда. Биыл облыстағы 22 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарға жалпы 7,7 миллиард теңге қаржы қаралды. Оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен 2,7 миллиард теңгеге 7 мектеп қамтылса, облыстық бюджеттен бөлінген 4,9 миллиард теңгеге 15 мектеп жөндеуден өтпек. Бес білім ұясын биыл 1 қыркүйек пайдалануға беру көзделіп отыр. Ал, қалған 17 мектептегі құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталмақ.

Сонымен қатар, облыс мәслихаты шешімімен кезек күттірмейтін Бәйдібек, Төлеби аудандары мен Түркістан қаласында орналасқан жөңдеу жұмыстарын жүргізуге қосымша 3 мектеп тізімге ендіріліп, жеңімпаз мекемелерін анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы облыс басшысының тікелей қадағалауында тұр.

Облыста 1900-2011 жылдар аралығында пайдалануға берілген 121 мектеп күрделі жөңдеу жұмыстарын қажет етеді. Оған қажетті қаржы көлемі 80 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі таңда 66 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Бұл білім ошақтарын күрделі жөндеуден өткізу үшін 50,4 миллиард теңге қаржы қажет. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта аймақта жалпы 1052 мектепте 520 мыңға жуық оқушы білім алады. Мемлекеттік мектептердің 720-ы — типтік ғимаратта, 159-ы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Оның ішінде 33 мектепте оқушылар саманды ғимаратта білім алады. Сонымен қатар облыста 5 үш ауысымды және 4 апатты тіркелген.

Құрылыс демекші, Түркістан облысында 6 ауылдық мәдениет үйінің құрылысы мен 6 клубтың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Түркістан облысында 264 мәдениет үйі мен клуб қызмет көрсетеді. Соның ішінде 3 қалалық, 14 аудандық мәдениет үйі, 122 ауылдық мәдениет үйі, 142 ауылдық клуб мекемесі бар. 204-нің ғимараты бар болса, 60-ы жекеменшік ғимараттар мен мектеп, әкімдіктерде жұмыс істейді. 204 мәдениет ошағының 60-ы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Соның ішінде 6 клуб мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, Жетісайда – 2, Мақтаарал мен Сайрамда, Сауран мен Шардарада – 1. Оның үшеуі биыл аяқталса, 3 нысан келесі өтпелі.

Мәдениет ошақтарының қасбеттері мен қоршаулары да назарда тұр. Қазығұрт ауданындағы ағымдағы жөндеуді қажет ететін 11 мәдениет үйінің қасбеттерін жөндеу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталында жариялану сатысында тұр. Қалған 43 мәдениет мекемесіне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жұмыстар атқарылу қажет. Сонымен қатар 14 мәдениет ошағының сыртқы қоршауын ретке келтіру керек. Алдағы уақытта тиісті аудан әкімдерімен бірлесе жұмыс атқарылады.

Өңірде жалпы 832 елді мекен бар. Олардың жетеуі – қала (3 облыстық, 4 аудандық) және 181 округтегі 825 елді мекен. Облыстық маңызы бар 3 қаланың 2-еуі, 14 аудан орталықтары, сонымен қатар 167 ауылдық округтің 147 округ орталығы және 41 елді мекен мәдениет нысанымен қамтылған.

Айта кетейік, биыл 6 ауылдық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Атап айтсақ, Отырар ауданында – 2 (Ақтөбе, М.Шойманов), Сарыағашта – 1 (Қанағат), Қазығұртта – 1 (Қазығұрт), Төлебиде – 1 (Киелітас), Келесте – 1 (Жиделі) мәдениет ошағы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 13 мәдениет үйі кітапханасымен бірге пайдалануға берілген болатын.

Тұтастай алғанда, өңір бойынша 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның үшеуі – «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы есебінен, 32-сі – республикалық бюджет есебінен. 2023 жылы 20 мектеп тапсырылған. 2024 жылы қалған 15 мектептің 13-і пайдалануға берілетін болады, екеуі 2025 жылға өтпелі.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2024 жылы облыста жалпы қуаттылығы 1 800 оқушы орындық 8 мектеп құрылысын жүргізу ұсынылып, облыстық мәслихаттан қолдау тапты.

Аталған мектептерде 3 507 оқушы білім алады.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.

Анықтама үшін нақтылай кетсек:

Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.

Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:

2023 жылы басталған 29 мектеп:

— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;

— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;

— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.

Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.

2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.

Тарқата айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;

Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;

Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;

Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;

Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.

Дәлірек айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;

Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;

Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;

Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;

Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;

Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.

2024 жылға облыс көлемінде 108 мектепті жаңғырту жоспарланып отыр. Атап айтқанда:

—     6 – мектепті күрделі жөндеу;

—  25 – мектепті ағымдағы жөндеу;

—     105 – мектепті пәндік кабинеттермен қамту;

—     24 – мектеп кітапханаларын жаңғырту жұмыстары.

Күрделі жөндеу жұмыстары, ағымдағы жөндеу, пәндік кабинеттер, кітапхана қорына көркем әдебиеттерді жаңғырту үшін мемлекеттік сатып алу порталына жарялау, мердігерлерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Облыс бойынша 305 пәндік кабинет алу жоспарлануда (физика — 61, химия — 61, биология  -61, STEM — 61, робототехника — 61).

2023 жылы 240 пәнді кабинет бойынша Сауран, Сарыағаш, Кентау және Созақ аудандары 60 кабинетпен қамтылдып, 180 кабинет 2024 жылға өтпелі.

2024 жылға 265 (180 кабинет 2023 жылдан өтпелі) пәндік кабинетпен қамту межеленген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin