Түркістан облысында бір сыныпта 6 егіз бала мектеп бітіріп жатыр

Түркістан облысының Келес ауданындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясынан биыл 100 түлек түлеп ұшпақ. Оның ішінде 6 егіз оқушы бір сыныпта білім алады. Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан есімді жас түлектер оқуда да озат. Сынып жетекшісі — Ләззат Анарқұлқызы.

— Данабай Ақылбек — “Алтын белгіге”, Данабай Асылбек — “Үздік аттестаттқа” үміткер.

Жігіттердің анасы Жанар Арынова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Батпа тігін цехын ашқысы келсе, Зәуре сұлулық салонында жұмыс істеуді мақсат еткен. Аружан мен Аяужан болса, бірдей заң саласында қызмет ету үшін «Тарих», «Құқық» сияқты пәндерді таңдауда, – дейді ұстаз.

24 мамыр күні Келес ауданы білім беру бөліміне қарасты 63 білім беретін мектепте 2023-2024 оқу жылының қорытындысына арналған «Білімім – Отаныма» жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаттары өтіп жатыр. Келес ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анафия Арыстанбайқызы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясында өткен тәрбие сағаттарына қатысып, түлектерге жылы лебізін білдірді.

Жалпы, тәрбие сағаттарының мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу болып табылады. Тәрбие сағаттары Әнұранмен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрінің құттықтау сөзі жазылған видеоролик әр оқушының назарына ұсынылды. Іс-шараға ата-аналар да қатысты. Сонымен қатар жыл бойы үздік болған оқушылар марапатталды. 9, 11-ші сыныптың түлектері болса «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында балалық шақтан болашаққа қадамы туралы эссе жазды.

Иә, Келес ауданындағы мектеп бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы 25 мамырда өтетін болады. Мектеп бітіру кешіне орай іс-шараларды өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға, мерекелік үстелдерді ұйымдастыруға, жалға берілетін автокөліктерді тарта отырып, аудан бойынша көшпелі экскурсиялар өткізуге, әкімшілік пен педагог қызметкерлерге сыйлықтар үшін ақшалай қаражат жинауға рұқсат етілмейді. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» отырысында айтылды.

Жиын барысында тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық іс-шаралар қабылданатындығы, сонымен қатар Халықаралық нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес күніне және балаларды қорғау күніне орай жасөспірімдер арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

– Мектеп бітіру кеші аяқталғаннан кейін іс-шараларды өз бетімен жалғастыруға болмайды. Барша ата-аналарға және түлектерге тәртіпті сақтауға шақыру қажет. Сонымен қатар, ата-аналар мен түлектерді судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ісшаралар қабылдансын. Барша ісшаралар жоспар аясында жүзеге асу қажет, — деді аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Даурен Сариев.

Жиынға аудандық полиция бөлімі, аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтары қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, Келес ауданының білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Айта кету керек, мектеп түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы 25 мамыр күні өтеді. Осы жылы ауданнан 2000-нан аса бітіруші түлек үлкен өмір жолына қадам басқалы отыр, оның ішінде 89 оқушы — “Алтын белгі” төсбелгісіне және 144 оқушы — “Үздік аттестатқа” үміткер.

Орайы келгенде, назар аударайық, Түркістан облысының Келес ауданына қарасты №59 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» жобасы өз мәресіне жетті. Үздік оқырман оқушыларға спорттық велосипед пен планшет секілді бағалы сыйлықтар үлестірілді.

— Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені бастауыш сынып оқушысы жеңіп алды. 2-сынып оқушысы Нұрсая Кемелбай спорттық велосипед, 7-сынып оқушысы Әділет Абдували және 11-сынып оқушысы Аида Кабилға планшеттер берілді. Қазіргі таңда оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру маңызды. Сондықтан осындай жобалар білім алушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыра түседі деген сенімдеміз, — дейді мектеп директоры Убайдулла Ералиев.

Айта кетейік, қазіргі таңда білім ордасында 435 оқушы білім алады. Биылғы оқу жылының түлектерінің ішінде “Алтын белгі” төсбелгісіне 3 оқушы, “Үздік аттестатқа” 1 оқушы үміткер болып отыр.

Кітап демекші, Ауылға кітап” жобасы аясында мектеп кітапханалары кітаппен толықты. Түркістан облысының Келес ауданына қарасты №41 Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебіне «АУЫЛҒА КІТАП» жобасы бойынша таңдаулы 50 кітап жеткізілді.

Жобаның мақсаты — өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру,кітап оқуға деген қызығушылығын ояту,оқу мәдениетін қалыптастыру.

— Мамыр айының 15-інде алтын ұямызға келіп, мұғалімдердің және оқушылардың қатысуымен бірге салтанатты түрде 50 кітапты мектеп кітапханасына табыстадық. Біз үшін бұл үлкен мәртебе, — дейді жобаға қатысушылар. Қазақстанды кітап оқитын елге бірге айналдырамыз.

Жалпы, бүгін Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты жалпы 1052 мектепте 518 733 оқушы 2023-2024 оқу жылының қорытындысына арналған «Білімім – Отаныма» жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаты өтіп жатыр.

Әр білім бөлім басшылары оқу ордаларына барып, тәрбие сағаттарына қатысып, түлектерге жылы лебізін білдірді.

Тәрбие сағатының мақсаты – балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты Әнұранмен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрінің құттықтау сөзі жазылған видеоролик оқушылардың назарына ұсынылды.

Іс-шараға ата-аналар да қатысты. Сонымен қатар жыл бойы үздік болған оқушылар марапатталды. 9, 11-ші сыныптың түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында балалық шақтан болашаққа қадамы туралы эссе жазды.

Айта кету керек, мектеп түлектеріне арналған соңғы қоңырау 25 мамыр күні соғылады. Биыл облыста 32306 оқушы 11-сыныпты бітіреді деп күтілуде. Оның 1727-і — «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер, жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» 2466 үміткер бар. 9-сыныпты 45416 оқушы бітіреді деп күтілуде. Негізгі білім туралы «Үздік аттестатқа 4540 үміткер бар. ҰБТ-ға 27 340 оқушы қатысуға өтінім білдірген.

Түркістан облысындағы жалпы 1052 мектепте 518 733 оқушы білім алады. Анықтама үшін тарқата айтайық: 912 мемлекеттік мектепте – 482 722 оқушы, 140 жекеменшік мектепте – 36 057 оқушы білім алады.  2023-2024 оқу жылында 32306 оқушы 11-сыныпты бітіреді деп күтілуде. Оның 24485-і — қазақ тілінде, 1815-і – орыс тілінде, 4008-і – өзбек тілінде, 293-і — тәжік тілінде білім алушылар. 1727—сі «Алтын белгіге» үміткерлер, жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» —  2466-сы үміткер. Оның 1351-і – қазақ тілінде, 88-і – орыс тілінде, 154-і – өзбек тілінде, 1-і – тәжік тілінде білім алушылар. 9-сыныпты 45416 оқушы бітіреді деп күтілуде, оның ішінде – негізгі білім туралы «Үздік аттестатқа» — 4540 үміткер. ҰБТ-ге 27 340 оқушы қатысады.

Осы тұстап атап өтер жайт, облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Түркістан облысында 45 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагері (оның 7-і мемлекеттік, 15-і жекеменшік) қызмет көрсетеді. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог қызметкер жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтер, 80 облыстық колледж студенті практикаға тартылады. 20 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалады. «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен өңірдегі 2 лагерьде 3421 бала Түлкібас (2000 бала), Төлеби аудандарының (1421 бала) лагерлерінде демалады деп күтілуде, бұл 0,8% құрайды.

Сонымен бірге, мектеп жанында 5 күннен шатырлы және киіз үйлердің жұмысы Оқу-ағарту министрлігінің берген нұсқаулықтарының негізінде ұйымдастырлады. Оған 10 000 оқушы қамтылатын болады, қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен төленеді.

Бүгінгі күні осы лагерьлердің жұмысын қызықты өткізу үшін «Үздік жаздық бағдарлама» байқауы жоспарлануда.

Таулы аймақтарда маусым айында күннің суықтығына байланысты шатырлы және этнолагерьлер жұмыстары шілде айында басталып, тамыз айының 23-іне аяқталады деп жоспарланды.

Бұған қоса, 350 мектепте 1 мезгілгі тамақпен ұйымдастырылатын мектеп жанындағы лагерьлер жұмыстарын жүргізеді.Түркістан облысы бойынша 1-5-ші сынып оқушыларының жалпы саны — 256 197.  Облыс бойынша барлығы 1-10-шы сыныптарда 467 766 оқушы бар, оның ішінде 366 123  (78,1) оқушыны қамту жоспарлануда. Осы мақсатта барлығы  2 259 1 теңге қарастырылуда (оның ішінде бюджеттен — 1 826,9 миллион теңге, 12,5 миллион теңге — демеушілер тарапынан, 426,7 миллион теңге —  ата-аналар есебінен).

Қала сыртындағы лагерьлердегі ауысымдар 1-5 маусым аралығында басталып, 5-10-шы сынып оқушылары қамтылады. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35 482 бала — бюджет есебінен. Маусымдық лагерьлерде жолдама құны 59 594 мың теңгені құрайды, әр ауысымның ұзақтығы — 10 күн.

Облыста жазғы маусымда барлық мектептерде спорттық командалар жасақталып, спорттық ойындар мен жарыстар, спартакиадалар, үйірме жұмыстары ұйымдастырылып, жасөспірімдердің Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық тәрбие беру мақсатында тарихи орындар – Түркістан, Отырар, Сайрам, Бәйдібек аудан-қалалары мен ондағы мұражайларға бару және туристік шерулер мен саяхаттар ұйымдастырып, оған 41 000 оқушы барады деп жоспарлануда.

Жоғарыда аталған іс-шаралар барысында мониторинг жасап, жұмыстарды бақылауға алу мақсатында барлық құқық қорғау мен құзырлы сала өкілдерінен облыста жұмыс штабы құрылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin