Түркістан облысында жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысы 20 тамызға дейін жалғасады

Түркістан облысында 2024 жылы 30 балаларды жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетіп келеді. Мектеп жанындағы 998 лагерьде 320 641 бала қамтылды.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 35 434 бала бюджет есебінен тегін жазғы сауықтырумен қамтылса, 20 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалады. «Қазақстан халқы қоры» есебінен 3421 бала тынығады. Бүгінгі таңда лагерьлерде 25 696 бала демалды. Жазғы демалыс 20 тамызға дейін жалғасады.

Демалысты ұйымдастыру жөніндегі облыстық штаб құрамы бекітілген. Штаб өкілдері мен білім басқармасының, білім бөлімдерінің қызметкерлерімен жазғы сауықтыру қызметін ұсынған лагерьлердегі балалардың жай-күйі, қауіпсіздігі мен жазғы демалыстың ұйымдастырылуы назарға алынған. Аптасына екі рет мониторинг жасалуда.

Жазғы сауықтыру барысында балалар түрлі бағыттағы танымдық, мәдени, шығармашылық, спорттық шараларға тартылуда. Сондай-ақ әр ауданнан 10 баладан 170 бала Бәйдібек, Отырар, Төлеби, Түлкібас, аудандары мен Түркістан қаласындағы туристік орындарға саяхатқа барды және 50 бала Астана қаласына барады деп күтіліп отыр.

Естеріңізде болса, биыл мамыр айының 21-інде Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылын аяқтау және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәселе қаралған-ды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылдың соңына дейін 50 балалар сауықтыру лагері құрылып, балалардың инновациялық шығармашылығына арналған 100 орталық салынады. Қостанай, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында, Алматы, Астана, Шымкент қалаларында жыл бойы жұмыс істейтін 2 лагерь мен 9 шығармашылық орталық ашылды. Президент тапсырмасының белгіленген мерзімде нақты орындалуын қамтамасыз ету оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктерге тапсырылды. Негізгі басымдық – балалардың қауіпсіздігі.

«Балалар демалысы, бос уақытты өткізу орындары, орталықтар, Оқушылар мен шығармашылық сарайлары көпфункциялы болуға тиіс. Олар балалардың жан-жақты, зияткерлік, шығармашылық әрі физикалық жағынан дамуын қамтамасыз етуі керек. Барлық объектілер сауықтыру маусымының ашылуына толық әзір болуға тиіс. Ол үшін өңірлік штабтар жергілікті жерлерге барып, лагерлердің санитариялық-эпидемиологиялық, өртке, терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келуін бақылауы қажет. Балалар лагерлерінде, бұқаралық орындарда бақылау камералары жұмыс істеп тұруға тиіс. Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне толық кепілдік берілуі тиіс»,  — деп атап өткен-тін Премьер-Министр.

Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау министрліктері, өңір әкімдіктері тиісті қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін болады. Балалармен жұмыс істейтін мамандарды мұқият іріктеу мәселелері де атап өтілді.

Үкімет басшысы ата-аналар демалыс объектілері, лагерлер және балаларға арналған бос уақытты өткізу орындары туралы толыққанды ақпаратқа қол жеткізе алмайтыны туралы айтты. Осыған байланысты Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат, Цифрландыру министрліктеріне балаларды лагерлермен, үйірмелермен, секциялармен, сауықтырумен және бос уақытты өткізумен қамту бойынша бірыңғай электрондық платформа құру жұмысын аяқтау тапсырылды. Мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің басшылары қатаң бақылау мен үйлестіруді қамтамасыз ету жүктелді.

  • Өңір әкімдері балаларды, ең алдымен әлеуметтік жағынан осал санаттағы балаларды жазғы демалыспен және еңбекке баулумен барынша қамтуға тиіс. Демалыс кезеңінде балалардың музейлерге, театрларға, қорықтарға, ұлттық парктер мен спорт нысандарына тегін баруын қамтамасыз ету қажет.
  • Ауыл балаларының бос уақытына ерекше назар аудару керек. Олар үшін спорт алаңдарын, дамыту орталықтарын жабдықтап, бос уақыттағы, мәдени іс-шараларды және басқа да шараларды ұйымдастыру керек.
  • Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат құжаттары жоқ жазғы сауықтыру ұйымдарының жұмыс істеуіне жол бермеуге тиіс. Балаларды тамақтандырудың сапасын үнемі санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда ұстау қажет.
  • Оқу-ағарту министрлігі Туризм министрлігімен бірге әр облыстан келетін балалардың еліміздің танымал туристік аймақтарына, тарихи-мәдени мұра объектілеріне баруы үшін әкімдіктердің өңіраралық өзара іс-қимылын үйлестіруі қажет.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Түркістан облысында 45 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагері (оның 7-і мемлекеттік, 15-і жекеменшік) қызмет көрсетеді. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог қызметкер жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтер, 80 облыстық колледж студенті практикаға тартылады. 20 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалады. «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен өңірдегі 2 лагерьде 3421 бала Түлкібас (2000 бала), Төлеби аудандарының (1421 бала) лагерлерінде демалады деп күтілуде, бұл 0,8% құрайды.

Сонымен бірге, мектеп жанында 5 күннен шатырлы және киіз үйлердің жұмысы Оқу-ағарту министрлігінің берген нұсқаулықтарының негізінде ұйымдастырлады. Оған 10 000 оқушы қамтылатын болады, қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен төленеді.

Бүгінгі күні осы лагерьлердің жұмысын қызықты өткізу үшін «Үздік жаздық бағдарлама» байқауы жоспарлануда.

Таулы аймақтарда маусым айында күннің суықтығына байланысты шатырлы және этнолагерьлер жұмыстары шілде айында басталып, тамыз айының 23-іне аяқталады деп жоспарланды.

Бұған қоса, 350 мектепте 1 мезгілгі тамақпен ұйымдастырылатын мектеп жанындағы лагерьлер жұмыстарын жүргізеді.Түркістан облысы бойынша 1-5-ші сынып оқушыларының жалпы саны — 256 197.  Облыс бойынша барлығы 1-10-шы сыныптарда 467 766 оқушы бар, оның ішінде 366 123  (78,1) оқушыны қамту жоспарлануда. Осы мақсатта барлығы  2 259 1 теңге қарастырылуда (оның ішінде бюджеттен — 1 826,9 миллион теңге, 12,5 миллион теңге — демеушілер тарапынан, 426,7 миллион теңге —  ата-аналар есебінен).

Қала сыртындағы лагерьлердегі ауысымдар 1-5 маусым аралығында басталып, 5-10-шы сынып оқушылары қамтылды. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35 482 бала — бюджет есебінен. Маусымдық лагерьлерде жолдама құны 59 594 мың теңгені құрайды, әр ауысымның ұзақтығы — 10 күн.

Облыста жазғы маусымда барлық мектептерде спорттық командалар жасақталып, спорттық ойындар мен жарыстар, спартакиадалар, үйірме жұмыстары ұйымдастырылып, жасөспірімдердің Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық тәрбие беру мақсатында тарихи орындар – Түркістан, Отырар, Сайрам, Бәйдібек аудан-қалалары мен ондағы мұражайларға бару және туристік шерулер мен саяхаттар ұйымдастырып, оған 41 000 оқушы барады деп жоспарланған.

Жоғарыда аталған іс-шаралар барысында мониторинг жасап, жұмыстарды бақылауға алу мақсатында барлық құқық қорғау мен құзырлы сала өкілдерінен облыста жұмыс штабы құрылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin