Түркістан облысында кептірілген жемістерді жаңа технологиямен шығаратын кәсіпорын ашылмақ

Түркістан облысында кептірілнен жемістерді жаңа технологиямен шығаратын кәсіпорын ашылады. Жаңа жобаға ауғанстандық инвесторлар есебінен 1 миллион АҚШ доллар көлемінде инвестиция салынады.

Бүгін «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев шетелдік инвесторлармен кездесіп, келіссөз жүргізді. Нәтижесінде «Түркістан» ӘКК» АҚ және «TURKISTAN INVEST» ИТЭДАА» ЖШС-мен «Талифа» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кәсіпкерлер дайын өндіріс алаңын және экобазар аумағындағы сақтау қоймаларын аралап көрді. Инвестициялық жобаның басты мақсаты – сұранысы жоғары кептірілген дайын өнімдерді облыс аумағынан шығарып, жергілікті тұрғындарды жеміс-жидектермен қамтамасыз ету және кептірілген жемістерді «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығару.

Кептірілген жемістердің кең ассортиментін дайындау мақсатында жергілікті кооперативтер мен жеке шаруашылықтарға инновациялық технологияны енгізу мен тарату жоспарлануда. Сондай-ақ ауқымды жоба халықты қосымша жұмыспен қамтамасыз етуге де ықпал етеді. Жоба толық жүзеге асқан жағдайда жергілікті 70 адам жұмыспен қамтылады.

Иә, егер сіз тәттіге құмар болсаңыз, оның орнын басатын кептірілген жемістер барын ұмытпаңыз. Диета ұстаған адамның ас мәзіріне кептірілген жемістер ауадай қажет. Өйткені, кептірілген жемістерде табиғи микроэлементтер мен дәрумендер мол. Ал кептірілген жемістерді арықтау үшін қолдануға болатынын білесіз бе? Кептірілген жемістердің құрамында қант бар әрі калориялы. Бірақ, күніне аз-кем кептірілген жеміс жеу арқылы сіздің қарныңыз ашпайды.

Кептірілген жемістердің қандай ерекшелігі бар?

Ең алдымен, аталған жемістерде бояғыш заттардың болмайтынын айту керек. Адам денсаулығына зиянды химиялық қоспалар мен өзге де заттарды (тек арықтауға ғана арналмаған) кептірілген жемістің құрамынан көрмейсіз. Сондай-ақ, сахарозаның да көлемі көп емес, керісінше глюкоза мен фруктоза мол. Тағы бір қызығы, жеміс кепкен сайын оның құрамында глюкоза мен фруктоза көбейе береді. Сонымен қатар, кепкен жемісте дәрумендер мен микроэлементтердің тұтастай сақталатынын ұмытпаған жөн.
Диетологтардың мына бір кеңесіне де құлақ түрмеуге болмайды. Кептірілген жемісті асықпай шайнап, кейін бір стакан су ішсеңіз, көпке дейін қарныңыз ашпайды. Енді кептірілген жемістердің негізгі түрлеріне тоқталып өтелік.
Қара өрік
Қара өрік ас қорытуға көмектесіп, дұрыс арықтауға септігін тигізеді. Қара өріктің артықшылығы — ішек жолдарының жұмысын жақсартатын ас талшықтарына бай. Бұл адам ағзасының шлактар мен зәрден тез тазаруына әкеледі.
Одан бөлек, қара өрікті жиі пайдалану депрессияға қарсы тұруға көмектеседі. Мәселен, сіз диета ұстап жүрсіз. Сондықтан, стрессте де болуыңыз мүмкін. Бұл стресс одан әрі депрессияға ұласпау үшін қара өрікті жеп тұрыңыз.
Кептірілген өрік
Кептірілген өрік қырыққа толған әйел адамның ас мәзірінен түспеуі керек. Себебі, ол сүйекті остеопороздан қорғайды. Сондай-ақ, жүрегі ауыратын, несеп айдағыш дәрі қабылдайтын адамдар үшін де кептірілген өріктің пайдасы зор. Өйткені, аталған дәрілер адам ағзасындағы пайдалы тұздарды шайып алып кетеді. Ал бұл денсаулыққа зиян. Кептірілген өрікті үнемі пайдалансаңыз, ағзадағы магний, кальций, калийді арттыруға болады.
Құрма
Диета ұстағанда құрманың рөлі қара өрік немесе кептірілген өрік секілді үлкен емес. Өйткені, аталған жемістермен салыстырғанда, құрма тәттірек. Сондықтан, тез тойып қаласыз. Диета кезінде сіздің күшіңіз азайып, әлсізденетін кезіңіз көп болады. Сол кездерде құрма жеген дұрыс. Себебі, құрманың құрамындағы В5 дәрумені сіздің жұмысқа деген қабілетіңізді арттырып, белгілі бір деңгейде мидың жұмысын жақсартады. Бір сөзбен айтқанда, егер сіз іскер әрі белсенді адам болсаңыз, құрма сізге көмектеседі. Тағы бір қызықты деректі айта кеткен жөн. Пирамидаларды салу кезінде мысырлықтар құрманы көп жеген. Енді құрманың адам азғасына пайдасы мол екенін біле жүресіздер деп ойлаймын.
Мейіз
Көп жағдайда мейізді кептірілген поливитамин деп атайды. Сондықтан, кептірілген жемістің бұл түрі ағзаға өте пайдалы. Өйткені, мейіздің құрамында көптеген дәрумендер мен микроэлементтер бар. Одан бөлек, мейіз құрамында йод өте мол саналады. Ал диета кезінде йодтың қалқанша безге аса қажет екенін ұмытпаңыз. Күн сайын кептірілген жүзім жеу шаштың қатаюына әсер етеді.

Кептірілген алмұрт. Жемістің құрамында биологиялық белсенділігі өте күшті заттар иммунитетті көтеріп, ағзадағы зиянды токсиндерді шығарады. 100 гр кептірілген алмұрт құрамында 2,3 гр ақуыз, 62,12 гр көмірсу, 257 ккал бар.

Кептірілген банан. Жемістің бұл түрінде қанттың құрамы өте көп. Сондықтан ол адамға қуатты мол береді. 100 гр кептірілген банан құрамында 4,5 гр ақуыз, 54,6 гр көмірсу, 295 ккал бар.

Ананас. Оның құрамында дәрумендер өте көп. Әсіресе А, С, көмірсу, жаснұқ, магний, йод және беромелин ферментіне өте бай. Осы элементтердің арқасында асқорытуды жақсартады. 100 гр кептірілген түрінде 0,8 гр ақуыз, 82,6 гр көмірсу, 339 ккал болады.

Кептірілген манго. Бұл жеміс ағзаны қажетті барлық минералдармен қоректендіріп, қандағы қант құрамын төмендетеді. Теріні жасартатын қасиеті де бар. 100 грамда 9,5 гр ақуыз, 57,6 гр көмірсу, 640 ккал болады.

Кептірілген інжір. Жемістің құрамындағы ерекше ферменттер ас қорытуды жақсартып, ағзаны темірге байытады. Ал басқа жемістермен салыстырғанда калийге өте бай. 100 гр кептірілген інжірде 4,5 гр ақуыз, 54, 6 гр көмірсу, 298 ккал болады.

Жалпы, кептірілген жеміс-жидек ежелгі Қытай елінде тас ғасырынан бері үйлену тойына берілетін зат ретінде танылған. Орта ғасырда кептірілген жемістер жеңсік ас (деликатес) саналған. Қазіргі таңда мұндай өнім түрі тағамға қосуға, сусын дайындауға және басқа да қолданыстағы азық. Кептірілген жемістердің ең басты құндылығы – ағзаға қажетті минералды заттарға бай, құрамында май жоқ. Бұл жемістің балғын жеміс-жидектерден айырмашылығы – сусыз болуы. Алайда кептіру кезінде пайдалы дәрумендер мен минералды заттардың жартысы жоғалады. Ал қалған микроэлементтер – натрий, магний, калий, кальций, темір және пектин мен жаснұқтар сақталады. Сонымен қатар, жемістердің құрамында 20% шырын қалдырылғаны пайдалы. Жемістің мұндай түрі күн көзінде немесе арнайы орындарда кептіріліп, дайындалады.

намаКептірілген жеміс-жидектердің құрамындағы пайдалы элементтер қан қысымын қалпына келтіріп, шаштың түсуін тоқтатады. Сонымен қатар, тырнақты қатайтады, жүрек жұмысын жақсартып, жүйкені тыныштандырады және ағзадағы артық суды шығарады. Одан өзге қандағы гемоглобинді бір қалыпта ұстап, барлық клеткаларды оттекпен қоректендіреді. Асқазан және ішек жұмыстарын бір қалыпқа түсіреді.

Кептірілген жемістер — тәттісіз өмір сүре алмайтындар үшін таптырмайтын азық. Жемістің бұл түрінде сахароза, фруктоза, глюкоза көп болғанымен, калориясы екі есе аз. Олар ағзаға тез сіңіп кетпей, аз мөлшерде еріп түседі де, басқа тәттілермен салыстырғанда, қандағы инсулинді көтермей бір қалыпта ұстайды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin