Түркістан облысында жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында бірқатар жобалар қолға алынған. Мемлекеттік қайтарымсыз грант көмегімен кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтың бірі Төлеби ауданында тұрады. Леңгір қаласының тұрғыны Айзат Омарова өзінің жеке кәсібін ашып, кішкентай балалардың ой-өрісін дамытуға өз үлесін қосып келеді.
Жеке кәсіпкер 2023 жылы грант берудің бірінші легінде аталған жоба арқылы 1 миллион 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алған. Кәсіпкер осы қаржыға аудан орталығынан балалардың ойлау қабілетін арттыратын жабыстырмалы ойындар дайындайтын орталықты жүргізуді қолға алған. Балалар жабыстырмалы ойындар құрастыру арқылы ойлау қабілеттерін дамытады. Орталықта қосымша компьютерлік және интернет қызметтері де бар. Кәсіпкердің айтуынша, бүгінді таңда мұндай ойындарға сұраныстар көп. Грант иесі алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, қосымша сыни ойлау қабілетін дамытатын ойындарды шығаруды қолға алуды жоспарлап отыр.
Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге арналған «Күміс жас» жобасы аясында Төлеби ауданына қарасты Ханарық ауылының тұрғыны, 55 жастағы азамат Ф.Қошқаров Төлеби ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы Көксәйек ауылында орналасқан «Сарвар» жеке кәсіпкері мекемесінің май сығу цехына «механик» қызметіне жұмысқа жолданып, қызмет етуде.
Айта кетейік, Төлеби ауданы бойынша экономикалық белсенді халық саны 48,6 мың болса, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны – 46,2 мың. Қазіргі кезде жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап отыр.
Ауданда жалпы әлеуметтік салаға 2023 жылы 2 миллиард 483 миллион теңге қаржы қаралса, оның ішінде алеуметтік пакетке 75,4 миллион теңге, атаулы әлеуметтік көмекке 455,7 миллион теңге, қоғамдық жұмыстарға 579,6 миллион теңге, жаңа бизнес–идеаларына арналған гранттарға 124,2 миллион теңге қаралған, «Жастар практикасы», «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары жүзеге асуда. Халықты жұмыспен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасын табады.
Атап өтерлігі, Мемлекет Басшысысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Бітұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарға жеңілдікпен шағын несие беру ережесін бекітті.
Президент тапсырмасына орай 2023 жылғы наурыз айында жаңадан кәсіп бастағысы келетін не бар кәсібін кеңейтуге ниетті жстарға 2,5 пайызбен несие беріле бастады. Биыл бұл бағдарлама аясында 5,8 мың жас 5 млн теңге сомасында микрокредит ала алады. Дегенмен, бизнес жобалар өзекті, экономикалық негіздемесі бар, аргументті, қоғамдық маңыздылығы жоғары, бұрын атқарылған жұмыстардың, іс-қимыл жоспарының болуы, бизнес жобалардың өміршеңдігі критерилеріне іріктелуі тиіс.
Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында биылдан бастап берілетін шағын несиені 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады.
Өтініш берген сәтте үміткердің жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмысшы жастар да қатыса алады.
Несиелеу шарттары:
• Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін
• Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%
• Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін; бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін.
• Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.
Несие кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл беруші ретінде ата-аналарын, туыстарын және т.б. тартуға болады.
Өтінім беруге құжаттар “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ филиалында қабылдануда.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. жеке басын куәландыратын құжат;
2. жоба бойынша бизнес-жоспар;
3. қызмет көрсететін банк шотын растайтын анықтамалар;
4. қаржы ұйымдарынан (несие болған жағдайда) несие берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешек туралы анықтамалар;
5. қатысушының/үміткердің жалақысын және өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме);
6. кепіл мүлікті бағалау туралы есеп;
7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.
Шағын несие беру туралы шешімді комиссия қабылдайды. Комиссия мүшелігіне мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының, БАҚ өкілдері кіреді.
Үміткерлер бизнес-жобасын комиссия отырысында таныстырады. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық тұрғыдан негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең болуы шарт.
Ал Түркістан облысы бойынша 594 жасқа жеңілдетілген шағын несие беру мақсатында 2,9 млрд теңге қаржы қарастырылған.
Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану мақсатында Түркістан облысында жергілікті жерлердегі NEET санатындағы жастар мен оқу орындарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.
Жүйелі жұмыстар мен тиянақты ақпараттық түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде өз кәсібін бастауға ниеттілер қатары артып келеді.
Тарқата айтсақ, бүгінде облыс бойынша жалпы 204 жас бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытқан. Оның ішінде Түркістан қаласы – 7, Арыс қаласы – 9, Кентау қаласы – 3, Бәйдібек ауданы – 6, Жетісай ауданы – 2, Қазығұрт ауданы – 46, Мақтаарал ауданы – 3, Отырар ауданы – 15, Ордабасы ауданы – 24, Сайрам ауданы – 15, Сарыағаш ауданы – 26, Сауран ауданы – 9, Төлеби ауданы – 14, Түлкібас ауданы – 14, Шардара ауданы бойынша — 11 үміткерден өтінім келіп түскен. Өтінім бергендердің дені мал бағу мақсатын көздеп отыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
36 cm 1 for C O stretching priligy tablet
buying cytotec China and valodex