Түркістан облысында ортақ жайылым жерлерді қайтару жұмыстары пысықталды

Елді мекендердегі жергілікті халықтың шаруашылығындағы мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылығын жою – басты назарда. Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығынмен өткен апталық аппарат жиынында талқыланды. Облыс басшысы берілген тапсырманы өз деңгейінде орындамаған аудан, қала әкімдерін сынға алды.

– Инспекция мен облыстық прокуратураның мәліметі екі түрлі. Нақтылаңыздар. Қағаздағы мәлімет пен іс жүзіндегі жұмыстар сай келуі керек. Ауыл шаруашылығы саласы – экономикамыздың басты драйвері. Сондықтан бұл саланы дамыту да, халыққа қолайлы жағдай жасау да өте маңызды. Бұл мәселе — тұрақты бақылауда, – деді Дархан Сатыбалды.

Жиында ортақ жайылым жерлерді қайтару барысы туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген баяндады. Оның айтуынша, есепті мерзімге аудан, қала әкімдіктері тарапынан 110,5 мың гектар жайылым жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар шалғайдағы маусымдық жайылымдарды ұйымдастыру мақсатында босалқы жердегі жайылымдарды шалғайдағы жайылымға бекіту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Келес ауданының Жамбыл ауылдық округі бойынша шалғайдағы жайылымға шығару жобасы әзірленіп, жұмыстары атқарылып жатыр.

2023 жылға ортақ жайылым көлемін 2 бағыт бойынша 1 015,0 мың гектарға ұлғайту жоспары бекітіліп, аудан, қала әкімдіктеріне тапсырма берілді. Бірінші бағыт бойынша 333,2 мың гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне ортақ жайылымға қайтару көзделген. Екінші бағыт бойынша жалпы ортақ жайылым қажеттілігінен 681,8 мың гектарға төмендету, яғни елді мекендегі мал бастарын шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығаруды ұйымдастыру және аудандарда мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермаларын құру бағыттарында жұмыстар жүргізу жоспарланған.

Жер учаскелерін қайтару жұмыстары облыс әкімдігімен бекітіліп, кестеге сәйкес жүргізілуде. Ортақ жайылымға қайтарылған жер учаскелерін 2023 жылға бекітілген жоспардың орындалуы тұрақты бақылауға алынып, жыл қорытындысымен толығымен орындалатын болады.

Айта кетейік, 2022 жылы елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1 012,0 мың гектарға ұлғайту жоспарланып, жыл қорытындысымен елді мекен тұрғындары 1 034,8 мың гектар ортақ жайылыммен қамтамасыз етілді.

Аппарат отырысында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев облыстағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, өңір бойынша қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп, бақылауға алынған.

Дегенмен тұтастай алғанда, Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытудың сапалық көрсеткіштері көтеріліп келеді. 1 маусымдағы жағдай бойынша 181,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 102,8 пайыз болды. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны 8 миллионнан асып, былтырмен салыстырғанда орташа есеппен 4 пайызға артты. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында мал шаруашылығын субсидиялау тетігін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бақылаушы органдардың ескертулері назарға алынып, субсидиялау қағидаларынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар нормалар алынып тасталды. Сонымен қатар, ветеринария жүйесін реформалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыста етті экспорттау қарқынды дами бастады. Өткен жылдың қорытындысымен 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортталды. Биыл бұл көрсеткіштер ірі қара мал еті бойынша 5 мың тоннаға, қой еті бойынша 2,6 мың тоннаға жетті.

Жалпы, облыста мал шаруашылығы көрсеткіштері оң динамиканы көрсеткенімен, жайылым жерлердің тапшылығы бар. Тапшылықты жою үшін ортақ жайылым көлемін биыл 1 миллион 15 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Оның ішінде, жыл қорытындысымен 333 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылады. Қалған 682 мың гектарды қайтаруға елді мекендердегі жайылым жүктемесін төмендету арқылу қол жеткізу жоспарланып отыр. Есепті кезеңде 102 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жыл қорытындысымен жоспар толығымен орындалады.

Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту аясында жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені төмендету мақсатында басымдық мал бордақылау алаңдары мен сүт-тауарлы фермаларын ашуға беріледі. Бұл бағыттарда биыл бірқатар ірі инвестициялық жоба іске асырылады.

Атап айтқанда, мал бордақылау алаңдарының саны артады. Биыл 8 млрд теңгеге 37 мың 350 мал сиятын 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда. Сондай-ақ, 13 миллиард теңгеге 2 мың 380 малға арналған сүт-тауарлы фермалары салынып, 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Қазіргі мемлекеттік қолдау шаралары мал шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын сақтауға мүмкіндік берді. «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында мал бордақылау бағыты бойынша 695 миллион теңгеге 157 жоба, сүт-тауарлы фермалары бағыты бойынша 788 миллион теңгеге 170 жоба мақұлданды. Бұл бағыттағы мәселелер — тұрақты бақылауда.

Түркістан облысында 412,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, меморандум арқылы 622,6 мың гектар жер елге ортақ пайдалануға берілген еді. Осылайша, 1 миллион гектардан астам жайылым тапшылығы шешімін тапқан. Осы аталған бағытта мемлекет басшысы жайылым жерлерді мемлекетке қайтару жайында тиісті тапсырмалар берген болатын. Жүктелген тапсырмалар аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды былай деді: «Жайылым жер тапшылығы мәселесін шешу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру керек. Бұл – ел үшін аса маңызды. Бірнеше аудан, қала әкімдіктері тарапынан жерді қайтару жұмыстарында кемшілік анықталып отыр. Бекітілген жер телімдеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп, мақсатсыз пайдаланылған жерді мемлекетке қайтару үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырамын. Жайылым жерлерлерді конкурс арқылы беру барысында ең бірінші кезекте елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету ескерілуі қажет. Бұл күнделікті жұмыс болуы тиіс».

Айта өтсек, еліміздегі жалпы мал басының 18 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Биыл өңірде жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құрады. Осы бағытта ортақ жайылымның көлемін ұлғайтып, елді мекендегі мал бастарын шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығаруды ұйымдастыру, аудандарда мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермаларын арттыру көзделген. Нәтижесінде 2024 жылға облыстағы жайылым тапшылығы төмендеп, 1107,8 мың гектарды құрайды. Жыл қорытындысымен 333,2 мың гектар жер учаскесі ортақ жайылымға қайтарылып, елді мекендердегі жайылым жүктемесінен 681,8 мың гектарға кемиді. Ортақ жайылым жерлерді қайтару барысы туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысының баяндамасы тыңдалды. Түркістан облысында жайылым жердің жалпы аумағы 8 миллион 860 мың гектардан асады. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін жайылым жер жеткілікті. Негізгі мәселе – мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылығында. Облыс әкімі көптің көкейіндегі мәселенің шешілуі қатаң бақылауда екенін айтты. Төрт түлігімен күн көрген ауылдағы ағайынға жетпеген жайылым проблемасына қатысты жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. «Қолжетімді жайылым» жобасы аясында облыс әкімдігі облыстық прокуратура мен бірлесе іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмысшы топ құрамы бекітілді. Жұмысшы топ тарапынан ауылдардағы нақты мал басына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдық округтердің жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Зерделеу жұмыстарының барысында «Ауыл шаруашылығы жануарларды бірдейлендіру» (ИСЖ) базасындағы жұртшылықтың нақты мал басымен ауылдық округ әкімдерінің статистикалық басқармаға ұсынған ақпаратында айырмашылықтар анықталуда. «Пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі ведомствоаралық жұмысшы топтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесе 2023 жылға 330,0 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспары бекітілген», – деді Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген. 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мақсатына сай пайдалануына космомониторинг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 4543 жер пайдаланушының 560,6 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерінің мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталған.

Еліміз жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-орында болғанымен, жердің жетіспеуіне қатысты мәселе жиі бой көрсететін болды. Соның бірі – ауылдағы ағайынға мал жаятын жайылымның тапшылығы. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Бас прокуратураға бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген болатын. Бұл іске «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы да белсенді атсалысты. Комиссия мүшелері еліміздің әр өңірін аралап, пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерді мемлекет меншігіне қайтарумен айналысып келеді. Мысалы, өткен жылы еліміз бойынша 5 миллион гектар жер мемлекет меншігіне өтсе, оның 3 миллион гектары «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен іске асқан. Жер мәселесіне қатысты Түркістан облысында қандай жұмыстар атқарылғаны жайлы облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Аманкелдіұлы былай дейді:  «Өткен жылы республикалық «Жер ама­наты» комиссиясы жұмыс тобының төра­ғасы, «AMANAT» партиясының хат­шы­сы Дәулет Кәрібек, партияның фрак­ция мүшелері Ерлан Сайыров, Жанарбек Әшім­жан және Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі Жер ресурстарын басқару ко­ми­тетінің төрағасы Мұрат Теміржанов об­лыс­­тық «Жер аманаты» жұмыс тобымен бір­лесіп бірқатар жұмыс атқарды. Атап айт­сақ, Ордабасы ауданы Ақсары елді ме­ке­ніне, Бәйдібек, Отырар, Төлеби ау­дан­дары және Арыс қаласы тұрғын­дары­мен кездесіп, республикалық деңгейде ор­тақ жайылымды ұлғайту бойынша ат­қа­рылып жатқан жұмыстар туралы түсін­дір­ме жұмыстарын жүргізді.
«Жер аманаты» комиссиясының мін­деті – ауыл тұрғындарына жайылымның қол­жетімді болуын қамтамасыз ету. Жұ­мыс тобы облыстық Жер қатынастары бас­қармасымен және аудан, қала әкім­дік­те­рімен бірлесе отырып, елді мекендердегі ор­тақ жайылым көлемін ұлғайту мақ­са­тын­да 412,2 мың гектар жайылымды мем­­­лекет меншігіне қайтарды. Өткен жылғы 1 қарашадағы жер ба­­­­лансы есебі бойынша, ауыл шаруа­шы­лы­ғы мақсатындағы жер көлемі – 4518,5 мың гектар. Оның ішінде егістік – 875,3 мың гектар, көпжылдық екпелер – 27,5 мың гектар, тыңайған жерлер – 96,1 мың гек­тар, шабындық – 68,6 мың гектар, жайылым – 3333,6 мың гектар, өзге де жер­лер – 117,4 мың гектар. Ауыл шаруашылығы кәсі­п­орын­да­рын­дағы мал басына жайылым жеткілікті. Негізгі мәселе облыс елді мекендеріндегі жайы­лым тапшылығында болып отыр. 2021 жылы аудан, қалалар кесіндісіне сәй­кес, 174 ауылдық округтегі 826 елді ме­­­кенге талдау жасалып, жайылым тап­шылығы 3 867,8 мың гектар екені анық­тал­ған болатын. Содан кейін жайылымды қай­тарудың қадамдық алгоритмі бекі­ті­ліп, бірінші кезекте ең өзекті жайылым мә­селелері бар елді мекендерге басымдық бе­рілді. Нәтижесінде, 133 елді мекен маңын­дағы 135,8 мың гектар жер ортақ жайы­лым ретінде ауыл әкімшіліктерінің тең­гері­міне бекітілді. Облыс бойынша ортақ жайы­лым­ның көлемі – 748 мың гектар. 70 ауыл­дық округ (247 елді мекен) жайы­лым­мен қамтамасыз етілген соң жайы­лым тапшылығы 3119,8 мың гектар бол­ды. 2022 жылы елді мекендердегі ортақ жайы­лым көлемін 1 012,0 мың гектарға ұл­ғайту жоспарланып, қосымша 42 ауыл­дық округті (164 елді мекен) ортақ жайы­лым­мен қамтамасыз ету көзделген бола­тын. Осыдан кейін елді мекен тұрғындары 1 034,8 мың гектар ортақ жайылыммен қам­тамасыз етіліп, жоспар толығымен орын­далды.
Жайылым тапшылығын жою үшін ауқымды жоспар құрылды. Мы­салы, елді мекен тұрғындарының жеке қо­салқы шаруашылығындағы мал басын шек­теу мен мал ұстау тәртібін белгілеу бойын­ша «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасына ұсыныстар енгізу. Со­нымен қатар Президенттің ауылдар­да­ғы шағын кәсіпкерлікті дамытуға ба­ғыт­талған 2,5 пайызбен несие беру тап­сыр­ма­сына дайындық ретінде жайылым қо­ры шектеулі аудандарда шағын мал бор­дақылау алаңдарын ашу және де коопе­ратив­терге біріктіру бағыттарында жұмыс жүргізу арқылы жайылым тапшылығын азайту. Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде жеке қо­салқы шаруа­шы­лықтардың малын шал­ғайдағы жайы­лымдарда маусымдық жаю арқылы жалпы жайылымдарға жүктемені төмендету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жер­лер­ді ай­н­а­лымға енгізу үшін ұйымдас­ты­ры­латын конкурсты электронды формат­қа ауыс­тыру да маңызды міндет болып отыр.
2021-2022 жылдары ортақ жайылым­ға енгізілген жер телімдерінің карталары әзір­леніп, елді мекен тұрғындарына тү­сін­діру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 2023 жылға арналған жоспарды әзір­леу үшін облыстық Жер қатынастары бас­қармасы аудан, қала әкімдіктерімен бір­лесіп, әрбір елді мекен бойынша жайы­лым қажеттілігіне талдау жасады. Со­ны­мен қатар жаңадан ашылатын шағын мал бордақылау алаңдарында ұсталына­тын мал басына да талдау жүргізіліп жа­тыр. «Жер қатынастары басқармасы жер­ді тиімді пайдалану үшін қандай бастамаларды жүзеге асырады?» дегенге келсек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер­­ді ұтымды пайдалануға қатысты ав­то­маттандырылған мониторинг пен ба­­қылауды жүзеге асыру үшін «Жер инс­пек­торының кабинеті» (JerInSpectr) плат­формасы әзірленді. JerInSpectr жұмыс істеу тетігі жер қа­тынастары саласындағы уәкілетті ЖАО қыз­меткерлерінің және аумақтық бөлім­ше­нің жерді пайдалану және қорғау жө­нін­дегі мемлекеттік инспекторларының жерді пайдалануға қатысты заң бұзушы­лық­тарды анықтауына негізделген. Тұрғындарды жеке ауладағы мал ба­сына жайылым жетіспеушілігі, жеке тұр­ғын үй құрылысы үшін жер кезегіндегі аза­маттарға жер учаскесін беру мәселесі, Өн­дірістік кооператив мүшелерімен шарт­ты жер үлестеріне қатысты мәселе­лер, сондай-ақ тиісті құжаттары рәсімдел­мей құрылысы жүргізілген және заңсыз са­лынған тұрғын үйлерге қатысты туы­н­даған даулар мазалайды. Жұмыс бары­сын­да тұрғындардың ұсыныс-тілегін на­зарға алатын боламыз».

Қалай десек те, айылым мен егістік алқаптардың жетіспеушілігіне қатысты туындаған дау жақын арада толық шешімін табады дегенге сену қиын. Өйткені елімізде жер пайдалануға қатысты қордаланған мәселе бір жылда пайда болған жоқ және оның түйінін шешуге де аз уақыт жұмсалмасы анық. Есесіне, егін егу мен мал жаюға жер таппаған ауылдағы жұрттың сұранысы артып келеді. Ал мұның зардабы ауыл шаруашылығын дамытуға тиіп отырғаны анық.

Ауыл шаруашылығы министр­лігі­нің дерегінше, еліміздегі жа­йы­лымдық жердің жалпы көле­мі – 183,4 млн гектар. Оның ішін­де 82,4 млн гектар – ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жер, 63,9 млн гектар босалқы жер, 21,2 млн гектар – ауыл іргесіндегі жер және 15,9 млн гектар орман қоры, ерекше қорғалатын табиғат аумағы, өнеркәсіп аумағы бар. Ал былтыр жайылым тапшылығы 15 облыста байқалған. Мамандар мұның себебін ел ішіндегі мал басының артуымен түсіндіреді. Яғни кейінгі 10 жылда тек ірі қара саны жалпы 7,7 пайызға өссе, кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 16 пайызға дейін жеткен. Мал басының көбеюі қосымша жа­йылым мен мал азығын өсіретін алқаптарға деген сұранысты арттыратыны белгілі. Бірақ бұл қажеттілікті қамтуға мемлекеттің күші жетпей отыр. Себебі жердің көбі жекешеленіп кеткен. Тіпті ауыл маңындағы малдың өрі­сіне дейін жеке тұлғалардың қолы­на өткені жасырын емес. Сал­дары­нан ауылдағы ағайынның мал ба­ғатын жері тарылып, ел іші екі­ге жарылуға дейінгі жағдайға жет­кен болатын. Өкінішке қарай, мемлекет елдегі жер пайдалану үдерісін реттеуді өте кеш қолға алды. Оның нәтижесі былтыр ғана көріне бастады деуге болады.

– Былтыр мемлекетке 5,2 млн гектар пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып беріл­ген ауыл шаруашылығы жері қай­тарылды. Бұл – 2021 жылмен са­лыс­тырғанда 10 есеге артық көр­сеткіш. 2020 жылы 0,4 млн гектар болған. Нәтижесінде, былтыр тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жерге мұқтаж халыққа 1,85 млн гектар алқап игеруге беріл­ді. Сондай-ақ Мемлекет бас­шысы­ның тапсырмасын орын­дау мақ­сатында 2022 жылдан бастап 205,4 млн гектар ауыл шаруа­шы­лығы жеріне цифр­ланды­ру жүргізілді. Бұл респуб­ли­ка­ның 272,5 млн гектар аумағы­ның 75 па­йызын құрады, – деді Үкі­метте өткен жиында Ауыл ша­руашылығы министрі Е.Қарашөкеев.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің хабарлауынша, ҚР Жер балансына сәйкес жайылымдық жерлер 183,4 миллион гектарды құрайды, оның ішінде:

– 82,4 миллион гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;

– 63,9 миллион гектар босалқы жерлер;

– 21,2 миллион гектар елді мекендерге іргелес жерлер;

– 15,9 миллион гектар басқа санаттағы жерлер (орман қоры, ерекше қорғалатын табиғат аумағы, өнеркәсіп жерлері).

Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген талдау мен әкімдіктердің деректеріне сәйкес, жеке қосалқы шаруашылықтарда жайылымға жайылатын 5,7 миллион шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар. Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормативтері бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың малдарын жаю үшін қосымша 8,9 миллион гектар жайылым қажет.

Бұл көбінесе жеке қосалқы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы жануарлары санының айтарлықтай өсуіне байланысты. Мысалы, соңғы 10 жылда тек ірі қара мал басы 7,7%-ға өсті. Ал Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары сияқты өңірлерде мал басының өсу қарқыны шамамен 16%-ды құрады. Сонымен қатар ұйымдасқан шаруашылықтарда 5,9 миллион шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар, яғни жайылымдардың есептік резерві 30,4 миллион гектарды құрауы мүмкін.

Республиканың 17 облысының ішінен жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюы үшін 15 облыста жайылымдардың тапшылығы байқалады, әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында.

«Жайылымдардың жетіспеушілігі орын алып отырған уақытта елдің жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану мәселелері бірінші орында тұруы тиіс. Осыған байланысты, өткен жылы мемлекетке 5,2 миллион гектар пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 1,85 миллион гектар алаңда өздерінің ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге кірісті. Аталған көрсеткіштер 2021 жылмен салыстырғанда 10 есе көп», — деді Е. Қарашөкеев.

Ведомство басшысы осы жұмыстың маңызды аспектісі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 9 тамыздағы жер қатынастары саласындағы тексерулерге мораторийді алып тастауы, сондай-ақ жерлерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жетілдірудегі жұмыстар екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының 2023 жылдың соңына дейін қосымша 5 миллион гектар пайдаланылмайтын жерлерге қатысты шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындауға кірісті.

Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ғарыштық мониторинг деректері негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген 5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша 2023 жылға арналған жоспарды әзірледі және осы жоспарды аудандар бөлінісінде облыстар бекітті.

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осыы жылдың 16 қаңтарында мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы jerkarta.gharysh.kz геосервисті әзірлеп, іске қосты. Осылайша, жалпыға қолжетімді интерактивті карта азаматтардың ауыл шаруашылығы жерлеріне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдарға өтініш берулеріне бағдар болады. Және де жылдар бойы пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысу үшін тұрғындарды қажетті учаскелермен қамтамасыз етуге негіз болады.

Сонымен қатар интерактивті картаны енгізу айтарлықтай дәрежеде әлеуметтік әсер береді, жер учаскелеріне қатысты алаяқтық процестерді азайтады және пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша мемлекеттік аппараттың жүргізіп жатқан жұмысына халықтың бағасын алуға оң әсер етеді деп күтілуде.

«Жергілікті халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында кешенді шаралар қабылдау қажет. Бүгінгі таңда жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге деген немқұрайлықтарынан эрозияға ұшыраған және эрозиялық-қауіпті ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңы 90 миллион гектардан асады, оның 29,3 миллион гектары іс жүзінде эрозияға ұшыраған және одан әрі пайдалануға жарамсыз. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп жердің одан әрі тозуын болдырмау, әсіресе елді мекендердің маңындағы жемшөп алқаптарын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде», — деді Е. Қарашөкеев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылдан бастап 205,4 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жүргізілді, бұл республиканың 272,5 миллион гектар аумағының 75%-ын құрады. Цифрлық ауыл шаруашылығы картасы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлерін қамтиды, контурлар, жол желісі, гидрография, инфрақұрылым объектілері туралы мәліметтермен толтырылып, жергілікті халықтың жайылымдарға байланысты проблемалық мәселелерін шешу үшін жерлердің жемшөп сыйымдылығы туралы ақпаратты қамтитын болады.

«Қажетті ақпарат көлемі бар цифрлық ауыл шаруашылығы картасы 2024 жылдың соңында аяқталады және ауыл шаруашылығы жерлерін одан әрі қайта бөлуге мониторинг жүргізу үшін негіз болады», — деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін жайылымдармен қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы шеңберінде ұйымдасқан шаруашылықтардың жүктелмеген жайылымдарын қайта бөлуге бағытталған 1 немесе 2 жыл мерзімге Жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларды әзірлеуде және бекітеді.

Бүгінгі таңда жоспарланған 188 Жайылымды басқару жоспарының 148-нің күші бар. Осылайша, қазіргі уақытта Жайылымдарды басқару бойынша 40 жоспардың мерзімі аяқталып, оларды қайта бекіту бойынша әкімдіктермен жұмыстар жүргізілуде.

Халықты жеке ауладағы жайылымдық жерлермен қанағаттандыру мақсатында 2022 жылы жергілікті атқарушы органдар мынадай шаралар қабылдады:

  • іргелес жатқан босалқы жерлерді елді мекендердің жерлеріне қосу арқылы жалпы алаңы 421,2 мың гектар елді мекендердің шекаралары кеңейтілді;
  • босалқы жерлерден 2,4 миллион гектар жергілікті халыққа қайта бөлінді;
  • 22,7 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын жайылымға трансформациялау жүзеге асырылды;
  • 325,5 мың гектар халықтың жайылымдардағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін алып қойылды;
  • 1,2 миллион гектар жер резервке қойылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Жалпы республика бойынша ауыл тұрғындарының мал басын жайылымдармен қамтамасыз етуде оң динамика байқалады.

Соңғы 2 жылда прокуратура органдарымен және әкімдіктермен бірлесіп атқарылған шаралар, жергілікті тұрғындардың жайылым тапшылығын 8,9 миллион гектарға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрінің пікірінше, әкімдіктерге:

  • осы бағыттағы жұмысты күшейту және қалыптасқан әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау;
  • Жайылымдарды басқару бойынша 40 жоспарды бекіту жұмыстарын жеделдету және оларды жергілікті жерлерде сапалы іске асыруды қамтамасыз ету;
  • жердің одан әрі тозуын болдырмау үшін, оның ішінде біржылдық және көпжылдық дақылдарды егу арқылы жайылымдарды түбегейлі және үстірт жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізу;
  • жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет.

Қорыта айтқанда, өңір әкімдігінің хабарлауынша, облыстағы жалпы жер қоры — 11,6 миллион гектар. Оның ішінде: 

  • ауыл шаруашылығы жерлері — 4,5 миллион гектар;
  • орман қорының жерлері — 3 миллион гектар;
  • елді мекендер аумағы — 799,7 мың гектар;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер — 430,4 мың гектар;
  • өнеркәсіп, көлік, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер — 125,1 мың гектар;
  • су қорының жерлері — 134,5 мың гектар;
  • бос жерлер — 2,6 миллион гектар.

Ауыл шаруашылық жерлерінің ішінде: 

  • жайылым — 3,3 миллион гектар;
  • егістік — 875,3 мың гектар;
  • тыңайған жер — 96,1 мың гектар;
  • шабындық — 68,5 мың гектар;
  • көпжылдық екпелер — 27,8 мың гектар;
  • өзге жерлер — 117,2 мың гектар;

2021 жылы аудан, қалаларға қарасты 174 ауылдық округтердегі 841 елді мекендер бойынша талдау жасалынып, жайылым тапшылығы 3,9 миллион гектарды құрады.

Облыс бойынша ортақ жайылымның көлемі 748,0 мың гектарды құрап, 70 ауылдық округ (247 елді мекен) қамтамасыз етіліп, 2022 жылдың  1 қаңтарына жайылым тапшылығы 3,1 миллион гектарды құрады. Тапшылықтың 35,4%-дан астамы (1,1 миллион гектар) жайылымдық алқаптары жоқ 3 ауданға тиесілі.

Атап айтқанда, Жетісай (тапшылық — 383,6 мың гектар) және Мақтаарал (тапшылық — 251,0 мың гектар) аудандарында ауыл шаруашылығы жерлерінің 95%-ын суармалы жерлер құрайды, ал осы аудандардағы  жайылымдардың жалпы ауданы бар болғаны 2,2 мың гектар ғана.

Ал Сайрам ауданының жайылым тапшылығы 471,1 мың гектар болса, ауданның жалпы жайылым көлемі 31,7 мың гектарды ғана құрайды.

2022 жылға елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1012,0 мың гектар ұлғайту жоспарланып, қосымша 42 ауылдық округтерді (164 елді мекен) ортақ жайылыммен қамтамасыз ету көзделген. Жылдың соңында елді мекен тұрғындары 1034,8 мың гектар (жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жолымен 412,2 мың гектар; ірі жер пайдаланушылар мен (орман қорын қоса алғанда) меморандум арқылы 622,6 мың гектар) ортақ жайылыммен қамтамасыз етіліп, жоспар 102,3 пайызға орындалған екен.

Әкімдіктің мәліметінше, 2023 жылға жалпы жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құрап отыр. Осыған байланысты, 2023 жылға ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспарының жобасы әзірленіп, аудан, қала әкімдіктерімен нақтылануда. Ведомствоаралық кіші топ тарапынан 2022 жылдың қорытындысы бойынша 521,7 мың гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. 2023 жылға облыс бойынша мақсатына сай пайдаланылмаған 330,0 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр екен.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

27 Comments

  1. Definitely consider that that you said. Your favorite reason seemed to be at the
    web the simplest thing to have in mind of. I say to you,
    I definitely get irked whilst other people consider issues that they plainly don’t understand about.

    You managed to hit the nail upon the highest and defined out the entire thing with
    no need side effect , people could take a signal. Will likely be back to get
    more. Thanks

  2. I’m truly enjoying the design and layout of your site.
    It’s a very easy on the eyes which makes it much more pleasant
    for me to come here and visit more often. Did you hire out a designer to create your theme?
    Superb work!

  3. Howdy! This blog post couldn’t be written any better!
    Going through this article reminds me of my previous roommate!
    He continually kept preaching about this.
    I am going to forward this post to him. Fairly certain he will have a great read.
    I appreciate you for sharing!

  4. Your style is really unique in comparison to other folks I’ve read stuff from.

    I appreciate you for posting when you have the opportunity, Guess I’ll
    just book mark this site.

  5. Today, I went to the beach front with my kids. I found a sea shell and gave it to my 4 year old daughter and said
    «You can hear the ocean if you put this to your ear.» She put
    the shell to her ear and screamed. There was a hermit crab inside
    and it pinched her ear. She never wants to go back!
    LoL I know this is completely off topic but I had to tell someone!

  6. Hey! I know this is somewhat off topic but I was wondering which blog platform are you using for this site?
    I’m getting tired of WordPress because I’ve had issues with hackers and I’m looking at alternatives for another platform.

    I would be fantastic if you could point me in the direction of
    a good platform.

  7. It’s really a great and helpful piece of info.
    I’m satisfied that you shared this helpful information with us.

    Please keep us up to date like this. Thanks for sharing.

  8. Hello! Would you mind if I share your blog with my zynga group?
    There’s a lot of people that I think would really appreciate your content.
    Please let me know. Cheers

  9. Howdy would you mind stating which blog platform you’re working with?

    I’m planning to start my own blog soon but
    I’m having a tough time making a decision between BlogEngine/Wordpress/B2evolution and Drupal.
    The reason I ask is because your design seems different
    then most blogs and I’m looking for something completely unique.
    P.S My apologies for getting off-topic but I had to ask!

  10. It’s a shame you don’t have a donate button! I’d without a doubt donate to this superb blog!
    I suppose for now i’ll settle for book-marking and adding your RSS feed to my Google
    account. I look forward to new updates and will share this blog with my Facebook group.
    Talk soon!

  11. We’re a group of volunteers and opening a new scheme
    in our community. Your web site offered us with valuable info
    to work on. You have done a formidable job and
    our entire community will be thankful to you.

  12. Do you have a spam issue on this website; I also am a blogger, and I was wanting to know your situation; we have created some nice methods
    and we are looking to swap strategies with other
    folks, please shoot me an e-mail if interested.

  13. Hi, i think that i saw you visited my web site so i came to go
    back the choose?.I’m attempting to find things to improve my site!I
    suppose its good enough to make use of some of your
    ideas!!

  14. Hello there, I discovered your site by the use of Google at the same time as searching for a related topic,
    your website got here up, it seems to be good.
    I have bookmarked it in my google bookmarks.
    Hello there, just was aware of your weblog through Google, and located that it is really informative.
    I’m going to watch out for brussels. I’ll appreciate should you continue this
    in future. A lot of people will be benefited out of your writing.
    Cheers!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.