Түркістан облысында Қазақстан мен Өзбекстан арасында экономикалық һәм инвестициялық байланысты нығайту үшін Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылмақ

Бүгін ҚР Сауда және интеграция вицеминистрі Қайрат Төребаевтың төрағалығымен Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын (ХӨКО) құру бойынша жиналыс өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров және осы жобаға қатысы бар басқарма басшыларының орынбасарлары қатысты. Онда Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығына қажетті жер теліміне «Индустриалды аймақ» статусын беру мәселесі қаралды.

Орталықтың мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан арасында өнеркәсіп саласын дамыту, бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық белсенділігін арттыру және экспортты дамытуда қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жолдарын бірлесе жүргізу. Экономикалық және инвестициялық байланыс нығайып, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Қазіргі таңда Түркістан облысы әкімдігі Қазақстан-Өзбекстан шекарасынан «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру үшін Мақтаарал ауданы, Атакент елді мекенінің «Атамекен» кеден бекеті маңынан жер телімін таңдады. Аталған жоба 2 кезеңнен тұрады. Жер телімінің жалпы көлемі 100 гектар аумақты құрайды.

Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісім Өзбекстан тарапына жолданғанын айтып өтті.

Өңірде бұған дейін «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске асыру бойынша жедел жұмыс тобы құрылып, отырысы ұйымдастырылған болатын. Сондағы хаттамалық тапсырмалардың іске асыру барысы туралы инвесторлармен сұхбат жүргізіліп, мәселелер қаралды. Алдағы аптада Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының тұжырымдамасын жасау жұмыстары басталады.

«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында мақта кластері, жеміс-жидекті терең өңдеу кәсіпорны, тамшылатып суару жүйесі және өзге де салаларға қатысты жобалар жүзеге асады деп күтіліп отыр.

Осы орайда тілге тиек етер мәселе, Түркістан облысы Қазақстан Республикасының индустриялық-аграрлық дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Түркістан облысы елеулі өндірістік-экономикалық әлеуетке ие. Бұл — Қазақстанның еңбек ресурстары көп өңірлерінің бірі. Өңір барит, көмір, темір және полиметалл кені, бентонитовые глины, вермикулит, тальк, әктас, гранит, мәрмәр, гипс, кварц құм сияқты пайдалы қазбаларға бай. Уран қоры бойынша облыс бірінші орында, фосфорит және темір кені бойынша – Қазақстанда үшінші орында. Облыста ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлінеді. Бұнда мақта, жүгері, темекі, күнбағыс, жемістер мен көкөністер өсіріледі, былғары шикізаты мен қаракөл терісі өндіріледі. Түркістан облысының үлесі Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің жалпы көлемін қалыптастыруда, 2023 жылғы 1-ші тоқсан қорытындысы бойынша 3,3% немесе 785,4 млрд. теңгені құрады және Қазақстан өңірлерінің арасында 12-ші орында. Өңірдің ЖҰӨ құрылымында жылжымайтын мүлікпен операциялар (18,4%), өнеркәсіп (17,2%), білім (13,2%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (10,5%), көлік және қоймалау (9,2%) ең жоғары үлесті құрайды. Қазақстан Республикасының өнеркәсіп құрылымында 2023 жылғы қаңтар-тамызда Түркістан облысының үлесі өткен жығы осы кезеңмен салыстырғанда 4,7% өсіп, 2% немесе 600,8 млрд. теңгені құрады және ел ішінде 17-орынға ие болды. Көрсеткіштің өсуі негізінен өңдеу өнеркәсібі өнімі өндірісінің өсуіне байланысты, соның ішінде, жеңіл өнеркәсіп, металл емес минералды өнім өндірісі, машина жасау, кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісі, сондай-ақ, электр энергиясы, газ, бу, ыстық су және желдеткіш ауамен жабдықтау. Өңдеу өнеркәсібіннің өнеркәсіптік өндіріс индексі 2023 жылғы қаңтар-тамызда өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,5% өсті. Сонымен қатар, өнеркәсіп құрылымында негізгі үлесті тау-кен өнеркәсібі және карьер өңдеу 46,5% (279,6 млрд теңге) . Өңдеу секторы 45,2% (271,6 млрд теңге) құрайды. Өңірдің өңдеу өнеркәсібіне ең жоғары қатысуы 2023 жылғы қаңтар-тамызда негізгі асыл және түсті металл (32,6%), азық-түлік (29,4%), машина жасау (10,8%) өндірісі сияқты салаларда болды. 2023 жылғы қаңтар-тамызда өңірмен өнеркәсіптің негізгі капиталына 180,7 млрд теңге инвестиций игерілді және елдің жалпы көлемінің 3,8% (8 орын) құрайды. Өңдеу секторында Түркістан облысымен аталған кезеңде 52,1 млрд. теңге инвестиция немесе елдің жалпы көлемінің 6,4% (6 орын) игерілді, бұл, өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 4 есе жоғары. Өңдеу өнеркәсібі құрылымында ең жоғары инвестиция көлемі металл емес минералды өнім (40,9%), азық-түлік (12,6%), жиһаз (8,2%), қағаз және қағаз өнімі (8,1%) өндірісіне салынған. Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібінде барлығы 659 кәсіпорын (ел көрсеткішінен 3,2%) жұмыс істейді, соның ішінде, 624 – шағын, 27 – орта және 8 – ірі кәсіпорын. Түркістан облысы 3 тауар өндірісі бойынша ел бойынша үздік 3 енеді (электр қозғалтқыштар, генераторлар және трансформаторлар бөлшектері («КТЗ» АҚ ел өндірісінің 99%), табиғи уран және балық өнімі). Түркістан облысының тауар экспорты 2023 жылғы 7 ай қорытындысы бойынша 408,5 млн АҚШ долларын құрады, бұл, 2022 жылғы тиісті кезең көрсеткішінен 30% жоғары. Импорт өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 20,2% өсіп, 234,3 млн. АҚШ долларын құрады. Ресей экспорт бойынша негізгі сыртқы серіктес болып табылады, ол табиғи уран және оның қосындылары, жүзім шырыны немесе жүзім сығындысынан алынған спирт тұнбасы, азық-түлік, қуаты 650 ква артық, бірақ, 10000 ква артық емес сұйық диэлектрикпен трансформаторлардан тұратын өңделген тауарлардың экспорттық себетінің 86,6% құрады. Ресей импорт бойынша Түркістан облысының негізгі сыртқы сауда серіктесі болып табылады, ағашжоңқалы тақтайлар, бағытталған жоңқалы тақтайлар (osb) және ағаштан немесе басқа ағаш материалдардан жасалған, шайыр немесе басқа да органикалық байланыстырушы заттар сіңірілген немесе сіңрілмеген осыған ұқсас тақтайлардан (мысалы, вафельді тақтайлар) тұратын өңделген тауарлардың импорт себетінің 33% құрайды. Сондай-ақ, импорт бойынша төмендегі елдер негізгі серіктестер болып табылады: Түркия (16,8%) ағаш ұстасының бұйымдары, ағаш панельдер, құрастырылған еден панельдері, жабынтақта және жаппа жаңыршақ экспорттады; Өзбекстан (16,5%) жүзім шарабы немесе жүзім сығындысы нәтижесінде алынған спирт тұнбасын экспорттады; Қытай (12,2%) басқа компоненттермен араластырылмаған поливинилхлорид экспорттады. Түркістан облысы шөлді аймақта орналасқан, оңтүстікте Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Түркістан облысының Өзбекстан Республикасының шекаралас аумағымен өнеркәсіптік кооперация әлеуеті өңірлер бойынша статистиканың болмауына байланысты бағаланды және машина жасау, металлургия және дайын металл бщұйымдары өндірісі салаларында кооперацияның бар екендігін көрсетті. Өзбекстанның бәсекелес мүмкіндіктеріне сүйене отырып, автопром, химия, жеңіл өнеркәсіп, атап айтқанда, жеңіл автомобиль, полиэтилен, дайын киім және аяқ киім салалары бойынша Қазақстанның ішкі нарығында бәсекелестікті күшейту деп болжауға болады. Қазақстан салалары үшін мүмкіндіктер машина жасау, ағаш өңдеу, азық-түлік, құрылыс материалдары, фармацевтика саласын, атап айтқанда, жеңіл автомобиль, емдік препараттар, цемент, жиһаз және т.б. дамытуда. Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасына болатын экспорт: балғын немесе салқындатылған ірі қара мал еті: тұтас еті және жартылай тұтас еті; ірі қара малдың басқа кесінділері, сүйексіз, балғын, салқындатылған; 2304 және 2305 позиция тауарларынан басқа ұнтақталған немесе ұнтақталмаған, түйіршіктелмеген немесе түйіршіктелген күнбағыс тұқымдарынан алынған өсімдік майлары немесе майлар күнжарасы және басқа да қатты қалдықтар; 650ква артық емес сұйық диэлектриепен трансформаторлар; арамен кесілген немесе жарықшақтанған, сүргіленген, өңделген немесе өңделмеген қалыңдығы 6 мм артық қарағайдан ағаш материалдары; қуаты 650 ква артық, бірақ, 10000 ква артық емес сұйық диэлектрикпен трансформаторлар; ағашжоңқалы тақтайлар, бағытталған жоңқалы тақтайлар (osb) және ағаштан немесе басқа ағаш материалдардан жасалған, шайыр немесе басқа да органикалық байланыстырушы заттар сіңірілген немесе сіңрілмеген осыған ұқсас тақтайлар (мысалы, вафельді тақтайлар); қауыздалған күріш (жылтыратылмаған күріш); мұздатылған тұқы. Түркістан облысының экономикасы Қазақстан Республикасының экономикасында концентрацияның төмен деңгейімен сипатталады. Өңірдің өңдеу өнеркәсібінде төмендегі өнім түрлерінің өндірісі тауашалы бағыттар болуы мүмкін: балғын және консервіленген балық және ет өнімі; жаңа піскен жемістер, кептірілген жемістер; күнбағыс тұқымдары; сүт сарысуы, табиғи сүт компоненттерінен жасалған өнімдер; электр қозғалтқыштар мен генераторлар, оларға арналған бөлшектер; мырыштан жасалған бұйымдар; қара металдан жасалған құйма бұйымдар. Сондай-ақ, ауылшаруашылық дақылдарын жинауға және бастыруға арналған машиналар мен механизмдер, сабан немесе шөпті бумалауға арналған пресс; шөпшапқыш, аспалы және ойма құлыптар, шиналар және тыстар өндірісін игеру үшін әлеуетке ие. Осы тауарлар тізбесі Түркістан облысының экспортталатын таурларының өнімдік күрделілік индексі және анықталған салыстырмалы басымдық (RCA) арқылы анықталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin