Түркістан облысында үйірмелері тегін спорт зал ашылды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылында балаларға арналған қайырымдылық спорт залы ашылды. «Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында ауыл балалары спорт секцияларына тегін қатыса алады. Жаңа спорт зал жергілікті мектеп аумағында ірге қалаған. Зал бөлмесі мектеп балансында. Осыған дейін ауыл балалары күрес үйірмесіне барғанымен, тұрақты жаттығулар өткізу үшін қажетті жағдай жасалмаған еді. Сондықтан тұрғындар, әсіресе, балалар жаңа залдың ашылуын асыға күтті. «Қазақстан халқына» қоры «Батыр боламын» ҚҚ-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобаны естіп, ауыл азаматтары болашақ зал ашылатын ғимаратты өз күштерімен жөндеуден өткізді. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен үй-жай қажетті заманауи жабдықтармен, спорттық құрылғылармен және жаттығуға арналған құралдармен жарақтандырылды. Жаңа спорт залда 80 бала еркін күреспен айналысуды бастап кетсе, бокс секциясына қабылдау жүріп жатыр.

«Біз залдың ашылуын асыға күттік. Апта сайын жаттығамыз. Бәрімізге қатты ұнайды. Қаладағыдай залдардай өте кең және заманауи. Осындай спорт залды ашқан ағаларымызға рақмет!», – дейді секцияға қатысушылардың бірі Досжан Азамат. Қақпақ ауылындағы бұл нысан — «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Батыр боламын» қорымен серіктестікте «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы аясында ашқан тоғызыншы спорт зал. Еске салсақ, «Қазақстан халқына» қоры бастамашылық еткен «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы еліміздің шалғайдағы елді мекендерінде немесе спортқа қолжетімділік деңгейі төмен ауылдық жерлерде балалар спортының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жобаның мақсатты аудиториясы – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ даму ерекшелігі (инклюзивтілігі) бар жеткіншектер.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.