
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және халық арасында кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмасы аясында өңірде халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты аясында несиелендіру тәртібі бойынша жиын өтті. Жиынға әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, «Ырыс» МҚҰ және «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының өкілдері және облыс кәсіпкерлері қатысты.
Жиында Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әзірленген кәсіпкерлік бағытындағы 50 бизнес жобаны таныстырды. Құрылыс, қолғап, шұлық, шеге, құрылыс материалдарын жасау, плитка өндірісі, ұнтақ және химиялық сұйықтықтарды өндіру, жиһаз, ағаш бұйымдары, жартылай дайын тағамдар өндіру бойынша кәсіп иелері өз бизнестерін таныстырып, қолдау көрсетуді сұрады. Шығыны мен пайдасы зерделеген кәсіпкерлік бағытындағы жобаларды таныстырған басқарма басшысы бұдан бөлек бірқатар потенциалды жоба пысықталып жатқанын жеткізді.
Кәсіпкерлердің жобаларымен жеке-жеке танысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
– Іс бастаймын десеңіздер, ешқандай қарсылық білдірмейміз. Керісінше, істеймін деген азаматқа қолдау көрсетеміз. «Ауыл аманаты» бағдарламасына халықты тарту керек. Мүмкіншілік көп. Мемлекет ұсынған қолдауды тиімді пайдаланып, жұмыс істеу керек. Тек ауыл шаруашылығымен ғана айналысып қоймай, басқа да кәсіпке бейімделген жөн. Көтерген мәселелеріңізді заң аясында қарап, оңтайлы шешуге күш саламыз. Бірлесіп жұмыс атқарайық, – деді Нұралхан Көшеров.
Кездесуде кәсіп иелері кедергі келтіретін өзекті мәселелерді ортаға салып, жер және инфрақұрылым туралы сөз қозғады. Көтерілген мәселелер заң аясында қаралып, шешімін табады.
Жиын соңында кезекті отырыс уақыты белгіленіп, көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыс нәтижесін саралау келісілді. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға таныстырылған 50 бизнес жобаны қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Атап өту керек, Түркістан облысына 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға Түркістан облысына республикалық бюджеттен 11,0 миллиард теңге несие қаражаты бөлінген болатын. Енді өңірге қосымша 8,7 миллиард теңге қаражат қарастырылып отыр.
Соған сәйкес 16 ауданнан анықталған 32 ауылдық округке қосымша әр аумақтан 2 ауылдық округтен қосу жоспарланып отыр. Бұл мақсат биыл шілде айынан бастап жүзеге асып, өңір бойынша жалпы 64 ауылдық округ қамтылады.
Жобаны тиімді іске асыру аясында Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының тапсырмасына сәйкес «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында пилоттық жобаға қатысатын ауылдық округтерде тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмысшы топ құрылып, Сайрам ауданы Қайнарбұлақ, Көлкент ауылдық округтерінде және Түлкібас ауданы Т. Рысқұлов пен Шақпақ ауылдық округінде жиналыс өткізілді.
Жиын барысында несиелеу шарттарын, кооперация құру механизмі, пилоттық ауылдық округтегі жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру тиімділіктері түсіндірілді.
Мәжілісті Түркістан ӘКК АҚ-ның қаржы және «Ауыл аманаты» бағдарламасының мониторингі жөніндегі басқарушы директоры Нұрлыбек Исаев және «Ырыс» МҚҰ басқарма төрағасының орынбасары жүргізіп отырды.
Несиелерді қаржыландыру бойынша 6 бағыт іріктелді. Олар:
➢ Өсімдік шаруашылығын дамыту;
➢ Мал шаруашылығын дамыту;
➢ Құс шаруашылығын дамыту;
➢ Балық шаруашылығын дамыту;
➢ Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау;
➢ Тұрғындардың өз кәсібін ашу.
Жобаны тиімді жүргізу үшін өңірде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдық беріледі. Қазіргі таңда, несие қаржысын таратушы әрі сенім білдірген өкіл ретінде «Түркістан ӘКК» АҚ тиісті шараларды атқаруда.
Айта кетейік, сәуір айының 18-нен бастап несие қаражатын беруге құжаттар қабылдау басталды.
Бүгінгі күнге 5,5 миллирд теңгені құрайтын 843 өтінім қабылданды. Несие комитетімен 2,1 миллиард теңгені құрайтын 437 өтінім мақұлданды. Қазіргі таңда 164,5 миллион теңге көлемінде 31 жоба қаржыландырылды.
Атап өтер маңызды мәселе, «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда әрбір аудан және ауылдық округ әкімдеріне үлкен жауапкершілік пен ізденіс, еңбекқорлық керек. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеріп, кәсіпкерлікті дамытуға арналған жобаның қаражаты тиімді жұмсалуы тиіс» деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жуырда ғана аппараттың апталық отырысында осы мәселеге арнайы тоқталып, жұмысты күшейтуді тапсырған-ды. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша баяу қимылдап, көш соңында қалған аудан әкімдерінің, жауапты басқармалардың жұмысын сынға алғаны да — есімізде.
– Аудандар мен қалаларды аралап, әкімдермен, елмен кездесіп жүрміз. «Ауыл аманаты» жобасын үйлестіру жұмыстары әлі де төмен деңгейде. Жартыжылдық бітіп жатыр, баяу жүруде. Осы жобаға қатысты басқармалар, қаржылық мекемелер, «Ырыс» қаржы ұйымы, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, әкімдер, кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтары жұмысты жандандыруы тиіс. Тұрғындарға құжат дайындауға, жобаларын жүзеге асыруға көмектесіңіздер. Жобаның сәтті жүзеге асырылуына тікелей жауаптысыздар. Бұл – Мемлекет басшысының назарында тұрған аса маңызды тапсырма. Мемлекет ұсынған қаржы тиімді жұмсалып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беруі қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Н.Бекмұратов пен «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның төрағасы Ф.Байдуллаевтың есептері тыңдалды.
Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен жыл басында 11 млрд. теңге, наурыз айында республикалық бюджетті нақтылауда қосымша 8,9 млрд. теңге қарастырылып, жалпы 19,8 млрд. теңге бөлінді. Облыс бойынша негізгі 6 бағытты қаржыландыру көзделуде. Нәтижесінде 3 220 бірлік жобаға қолдау көрсетіліп, кемінде 3413 бірлік жаңа жұмыс орындары құрылады. Несие қаржысын таратушы ретінде сенім білдірген өкіл «Түркістан ӘКК» АҚ-ы белгіленді. Өтінім қабылдау «Түркістан ӘКК» АҚ-ы еншілес мекемесі «Ырыс»ШНҰ» ЖШС арқылы жүргізілуде.
Жобаны іске асыруда өңірде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға барлық ауылдық округтерде скрининг жұмыстары жүргізіліп, бірінші кезекте (11 млрд. теңгеге) жобаға қатысатын 16 ауданнан 32 ауылдық округі анықталды. 44 кооператив анықталып, әлеуетті несие алушылардың тізімі жасақталды. Кооперативтердегі мүшелер саны – 3406 адам. Бүгінгі күні 425 жоба қабылданып, 1,1 млрд. теңгеге 236 жоба мақұлданып, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде.
Талдауға сәйкес 90 % өтінімдер мал шаруашылығы саласын дамыту бағыттында өткізілген немесе 425 жобадан 380 жоба мал шаруашылығы, 40 жоба егін шаруашылығы, 5 жоба балық шаруашылығын дамытуға бағытталып отыр.
Жиында құс шаруашылығын дамыту, балық шаруашылығын дамыту және жобаларды әртараптандыру бойынша тапсырмалар берілді. Сонымен бірге осы қолдау арқылы АӘК алушылар санын азайтып, кәсіпкерлер санын көбейту міндеті де күн тәртібінде екені мәлімделді.
Өңір басшысы «Ауыл аманаты» жобасын сапалы жүзеге асыру, Түркістан қаласы аумағында «Азық-түлік белдеуін» қалыптастыру бойынша жұмысты ширату, нақты жұмыс істейтін кәсіпкерлерді тарту жөнінде де міндеттер жүктеп отыр. «Үлкен жобалар бойынша жүйелі жұмыс жоқ. Шашыраңқы жоспарлар көп. Жұмысты күшейтіңіздер. Тиімсіз жобалардан бас тартып, нақты жұмыс істейтін кәсіпкерлермен әріптестік орнатыңыздар. «Ауыл аманаты» бағдарламасын жандандыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» акционерлік қоғамы, аудан, қала әкімдері, жауапты басқарма басшылары түсіндіру жұмыстарын, тұрғындарды үйлестіру жағын реттеу керек. Бірлесе жұмыс атқарыңыздар. Жыл қорытындысымен қаржы игерілмесе, жауапты тұлғалардың қатаң жауапкершілігі қаралатынын ескертемін», – деді Дархан Сатыбалды.
«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Файзулла Байдуллаевтің айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 7,9 млрд. теңгенің өтініштері қабылданған. Оның ішінде мақұлданған жобалар – 5 млрд. теңгені, қаржыландырылған жобалар 1,1 млрд. теңгені құрап отыр. Тұрақтандыру қорына 2022 жылы 1,0 млрд. теңге және 2023 жылдың ақпан айында 3,4 млрд. теңге бөлінді. Оның 4,4 млрд. теңгесі «Айналым схемасы» бойынша жұмсалып, бағаны тұрақтандыруға бағытталған. Тұрақтандыру қорындағы өнімдер 2022 жылы 19 сауда нүктесінде (13 әлеуметтік дүкен, 6 супермаркетте) сатылса, қазір 50 сауда орнында сатылуда. Осы жылдың аяғына дейін бұл көрсеткішті 80-ге жеткізу жоспарлануда. Түркістан қаласының келбетіне лайық, көлемі 50 шаршы метрді құрайтын жаңа әлеуметтік дүкендердің санын 50-ге жеткізу жоспарлануда. Бүгінгі күні 19 әлеуметтік дүкеннің құрылысы аяқталып, 10-ы пайдалануға берілген. Жиында «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» АҚ-ның құрамындағы қаржылық ұйымдардың көрсеткіштері, құрылыс, ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларының барысы туралы айтылды. Бүгінгі таңда жалпы құны 35,6 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылуда. 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның таза табысы 480,0 млн. теңгені құрады. Жыл қорытындысы жоспар бойынша 1,5 млрд. теңгені құрайды деп күтіліп отыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.