Түркістан облысының аудандарында үй жануарларына кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын өз уақытында әрі сапалы жүргізу қатаң қадағаланады

Келес ауданында халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті. Мәжілісті Үйлестіру кеңесінің төрағасы, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сүлеймен Жылқыбаев ашып, жүргізіп отырды. Келес аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Анарбаев, Келес аудандық аумақтық ветеринариялық инспекциясының басшысы Т.Дүйсенбаев, Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Б.Салыбай, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК Келес ауданының филиалы басшысы Қ.Мырзамұратов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысқан жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Атап айтқанда, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында кенеге қарсы қора-жайларды, буферлік аймақтарды заласыздандыру және үй жануарларына кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының өз уақытында, әрі сапалы жүргізілуіне қол жеткізу, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына күдікті науқастарды дер кезінде анықтау, диагнозын нақтылап қою; ЕСМ-де дәрі-дәрмектермен жеткілікті түрде қамтылу; Медицина қызметкерлері өз қызметіне жауапкершілігін артыру және ауданда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында шешілмей келе жатқан мәселелер талқыланды.

Жиын барысында Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы биыл жыл басынан бері Түркістан облысындағы эпидемиологиялық жағдайды қысқаша айтып өтті. Сонымен қатар аудандағы эпидемиологиялық жағдай баяндалды. Жиын қорытындысында баяндамалар назарға алынып, Үйлестіру кеңесі өз шешімін шығарды. Берілген тапсырмалар бойынша хаттама түзіліп, орындалуы бақылауға алынды.

Бұдан бөлек Сауран ауданындағы А.Байтұрсынов атындағы мектептің мәжіліс залында да брифинг болып өтті. Күн тәртібінде Конго-қырым геморрогиялық қызбасы және тамақтан уланудың алдын алу бойынша Сауран аудандық санитариялық эпидемиялогиялық бақылау басқармасының басшысы Нурдулла Мирзагелдиев мәлімет берді.

Басқарма басшысы Нурдулла Абдуллаұлының мәлімдеуінше Сауран ауданы бойынша жыл басынан тұрғындар арасында кенеден зардап шеккендер саны – 64. 2022 жылы осы мезгілінде 48 жағдай тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 16 жағдайға өсіп отыр.

2023 жылы аталған диагнозымен 5 науқас тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш — 5,1 пайызды құрап, зертханалық зерттеуге алынған талдаумен — 2 науқас (Жүйнек ауылдық округі, Шекербұлақ ауылы) «оң» нәтижемен тіркелген. Аурулар тіркелген елді мекендер: Жүйнек ауылдық округі, Шекербұлақ ауылы — 2, Бабайқорған ауылы — 1, Шаға ауылы — 1. Тіркелген ауру ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылған. Аталған жағдайлар бойынша басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті.

Бұдан бөлек, тамақтан улану бойынша тамақ өнімдерінің әртүрлі микроорганизмдермен ластану қаупі артып, оның ішінде тамақ патогендік организмдерге қолайлы тіршілік ету және көбею ортасы болып табылатынын жеткізді. Тамақ өнімдерін өндіруде, сақтауда, тасымалдауда және өткізу кезеңдерінде санитариялық-гигиеналық талаптар сақталмаған кезде инфекциялық аурулар мен тамақтан уланулар туындауы мүмкін.

2022 жылдың кезеңінде Сауран ауданында жаппай тамақтан улану жағдайлары тіркелмеген. 2023 жылдың өткен тоқсанында ботулизмге күдікті 1 жағдайы тіркелген, 5 зардап шегуші үй жағдайында консервіленген салат өнімін тұтынған. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында тағамнан улану жағдайы тіркелмеген. Алайда, жеке тұлғалардан 2023 жылдың 6 айына 3 қоғамдық тамақтану объектілеріне байланысты арыз тіркеліп, жеке тұлғалардың арыз негізінде жоспардан тыс тексеру тағайындалып, 3 хаттама толтырылған, ӘҚБтК-нің 425 бабы 1 бөлігімен 1 заңды тұлғаға, 2 жеке кәсіпкерге 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.