Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы ерекше қарқынмен алға қарыштап келеді

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы республикада көш бастады. Салаға инвестиция тартылып, 1,5 есеге өсті. Ал 2024 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы саласының көлемі 308,3 миллиард теңгені құрап, 106,2% деңгейінде қалыптасты.

Егістікті әртараптандыру нәтижесінде алдынға жылы көкөніс, бақша дақылдарының 3,3 миллион тонна рекордтық өнім жиналды. Жиналған өнім бойынша республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 380 жұмыс орнымен 45 жобаны іске асыру жоспарланған болса, оның 13 жобасы іске қосылып, 136 жұмыс орны құрылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау қуаттылықтарын арттыру мақсатында Сауран ауданында 1 гектар аумақта көкөніс сақтау қоймасы және 30 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік парк жобасы жүзеге асырылуда. Өндірістік ғимаратта 38 жобаны іске қосу көзделуде. Нәтижесінде 1 790 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар импорттық тауарды алмастыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруда рентабельді дақылдарға өту жұмыстары жүргізілуде. Суды көп тұтынатын дақылдар алқабы 18 мың гектар қысқарды. «Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына» сәйкес, Түркістан облысында 2030 жылға қарай су үнемдеу технологиясын 216,3 мың гектар енгізу қарастырылған. Оның ішінде биыл 22 мың гектар жоспарланса, 7 айда 13,1 мың гектар су үнемдеу технологиялары енгізілді.

Су үнемдеу технологияларының қол жетімділігін арттыру бағыттында 2 жергілікті кәсіпорын ашылуда. «BNK Group LTD» «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты. Жыл соңына дейін қосыша «50 мың гектар тамшылатып суғару өндірісі» қосылады. «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорны«жылына 9 мың гектар тамшылатып суғару жүйесін шығаратын өндірісті» толық іске қосады. Нәтижесінде, алдағы уақытта осы кәсіпорындар есебінен су үнемдеу технологияларымен облыс және көршілес өңірлер толық қамтамасыз етілетін болады.

Жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселесін Үкімет алдында көтеріп, нәтижесінде жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілді. Осы мақсатқа өткен жылы қыржы бөлінді. Сондай-ақ, жылыжайларды бір орталықтан көмірмен қамтамасыз ету үшін арнайы кооператив құрылып, өндірушілерден тікелей тасымалдау келісілді.

«Ауыл аманаты» жобасы 6 бағытта жүргізілді. Бұл мақсатқа қаржы бөлініп, 3 256 жоба қаржыландырылды. Пилоттық жобаға 62 ауылдық округ белгіленіп, 62 жаңа кооператив ұйымдастырылды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 413 жаңа жұмыс орны ашылды. Қосымша өнім өндіріліп, жобаға қатысушылардың орташа табысы өсті. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азаюда.

Түркістан облысында бақ өсіретін шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр

Осы тұста атап өтерлігі, Түркістан облысында гектарлап алма бақ егіп, жеміс-жидек бағытына бетбұрыс жасағандар көбейiп келеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыс бойынша жеміс-жидек ағаштары 17,9 мың гектарға, оның ішінде 5,4 мың гектар қарқынды алма бауы орналастырылған. Өңірде алма, алмұрт, өрік, шие, шабдалы, қара өрік өсіріледі.

Бұл елдегі жеміс-жидек ағаштарының 43% құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынса, қарқынды баулардан 300-350 центнерден өнім жиналды. Қарқынды баулардың негізгі бөлігі Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Сайрам аудандарында орналасқан.

Өткен жылы жеміс салу жасындағы жеміс-жидек ағаштарынан 116,9 мың тонна (95,8 мың тонна алма, 3,6 мың тонна алмұрт, 7,4 мың тонна сары өрік, 4,2 мың тонна шие, 2,4 мың тонна шабдалы, 3,3 мың тонна қара өрік, 1,8 мың тонна жидектер) өнімі жиналды. Бүгінгі күнге 26 мың тонна Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Өзбекстан елдеріне экспортталды.

Облыста қарқынды бау шаруашылығын дамыту бұл бағытқа инвесторлар тарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Жеміс-жидек ағаштарын өсіруге келесідей мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі.

«Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша сатып алынған минералды тыңайтқыштардың 50%; «Пестицидтер, гербицидтер мен биоагенттердің құнын субсидиялау» бойынша зиянды организмдерге қарсы қолданылатын преператтардың 50%; «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасына сәйкес 5 гектардан бастап қарқынды алма бағын салуға жұмсалған шығынның 40% (1 гектарға есептелетін барынша құны 21 000,0 мың теңге) және 5 гектардан бастап жеміс-жидек бағын отырғызуға жұмсаған шығынның 25%; Сонымен қатар тұқым шаруашылығын қолдау бағдарламасы арқылы сатып алынған көшеттерінің 50% субсидияланады.

Субсидия демекші. «Үміт» бағдарламасы кәсіпкер аруларға экономиканың кейбір секторларынанан басқа салаларда микро, шағын және орта бизнесті дамыту үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.

 Бағдарлама шарттары:

 Максимал сома — 100 миллион теңгеге дейін.

 Несие мерзімі:

 инвестиция — 7 жылға дейін;

 айналым қаражатын толықтыру — 3 жылға дейін.

 Номинал сыйақы мөлшерлемесі 16,5%-дан аспайды.

Бағдарлама аясында Еуропа қайта құру және даму банкімен әріптестік ретте тегін курс, тренинг оқып алуға мүмкіндік бар. ЕҚДБ-мен бірлескен бағдарлама бизнесті басқару, компанияны дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашуға қажетті кәсіби машық, білім алуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама туралы толығырақ damu.kz сайттан біле аласыз және 1408 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады немесе Түркістан қаласы, Жаңа қала шағынауданы, 28-көше, 5-ғимарат мекенжайы бойынша кеңес алуға болады.

Шардаралық диқандар 370 гектар жерден күнбағыс өнімін алып жатыр

Орайы келгенде назарларыңызға жеткізе кетейік, Шардара ауданының Жаушықұм ауылында орналасқан «ИІРЖАРАГРО»ЖШС шаруа қожалығы тамшылатып суғару әдісімен 370 гектар жерге күнбағыс өнімін егіп, бүгінде жиын-терімді бастаған.

Бүгінде «ИІРЖАРАГРО» ЖШС шаруа қожалығы түркиялық инвесторлармен бірге 500 гектар егістік алқабын игеріп отыр. Биыл 370 гектарына күнбағыс егіп, оны тамшылатып суғару әдісімен өсірген. Бұдан бөлек шаруақожалық басшылығы 100 гектардан астам аумаққа картоп егуді жоспарлап отыр. Онда 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, жұмыс ауқымына байланысты 20-30 адамға қосымша жұмыс беріп отыр. Сондай-ақ 23 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Диқандар күнбағыс өнімін іші экспорт нарығынан бастап, ҚХР, Түркия, Әзірбайжан шет мемлекерге де экспорттауды жоспарлайды.

«Алдағы уақытта мемлекет қолдауымен шаруақожалықты дамытып, зауыт ашуға да ниеттіміз. Бұл тамшылатып сурару дүниежүзі бойынша су тапшылығының алдын алатын және өнімділікті көбейтетін әдіс деп білемін», — дейді шаруа қожалығының өкілі Оразалы Шыршықбаев.

Бұл ретте тілге тиек етер тағы бір жайт, Шардарада аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен қалалық емханаға баратын жаңа жолдың құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілді.

Жолдың ұзындығы 235 метрді құрайды. Аталған жаңа жол, аудан тұрғындарының емханаға кептеліссіз келіп-кетуі мен жедел жәрдем көліктері кеңсесіне кедергісіз кіріп-шығуына мол мүмкіндік береді.

Айта кетсек, 2024 жылға Шардара қаласындағы 16 көшеге тас төсеу және асфальт жабдысын төсеуге жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, Шардара қаласындағы О.Жандосов, Ш.Уәлиханов, Юсупов, Смағұлов-Алаш, Бауыржан Момышұлы, Ақан Сері және жаңа емханаға баратын жолға асфальт жабындысы төселді. Сондай-ақ Тәуелсіздік, Қорқытата, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Мұнайбаза, Мұса Жәлел, Тұрар Рысқұлов көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілді. Қалған Құршан Ералиев, Әбілхан Қастеев, Ерәлиев көшелеріне асфальт жабынын төсеу мақсатында тегістеу, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың қыркүйек айының соңында толық аяқталып, тұрғындар игілігіне табыстау жоспарлануда.

Оған қоса “Ауыл Ел бесігі” бағдарламасы аясында Қоссейіт ауылдық округіндегі 9 көшеге асфальт жабыны төселуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin