Түркістан облысының білім басқармасы мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыруға конкурстық рәсімдер өткізбек

Түркістан облысының білім басқармасы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығының талаптарына сәйкес облыстағы меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жаңа орындарға және қосымша топтарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға (2-6 жас – 5000 орынға) конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау Қағида талаптарына сәйкес 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі, 2024 жылдың 17, 20, 21 мамыр күндері сағат 9.00-ден  19.00-аралығында. Электрондық форматта bilim.tapsyru@mail.ru электронды мекенжайына, электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда жергілікті аудандық, қалалық білім бөлімдеріне жүргізіледі.

Ескеретін жайт, кәсіпкерлер назарына өткізілген құжаттардың қабылданғаны туралы талонды талап ету қажеттігі жеткізіледі.

Конкурстық рәсімге Қағиданың 13-тармағына сәйкес:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген және төмендегі талаптарды сақтаған мектепке дейінгі ұйымдар  конкурстық рәсімге қатысуға жіберіледі:

1) «Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;

2) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;

3) «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды;

4) «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;

5) «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;

6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;

7) «Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 шiлдеде № 33166 болып тіркелді) тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

 Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;     

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

Ескерте кетерлігі, хабарландыруда көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы мектепке дейінгі білім беру ұйымын Конкурстық комиссияның қарауына жіберілмейді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin