Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 26 ақпанда Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, атап айтқанда, тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша «Мейірім» акциясының тәжірибесін кеңінен тарату жөніндегі тапсырманы іске асыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысында 2011 жылдан бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша «Мейірім» қайырымдылық акциясы іске асырылуда. Акцияның негізгі миссиясы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қажетті жағдай жасау, жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.
Акция шеңберінде кәсіпорындардың, бизнестің, мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатарынан жоғарыда аталған санаттағы балаларды кәсіптік бағдарлау және одан әрі жұмысқа орналастыру, тұрғын үйді одан әрі сатып алу үшін «Отбасы банк» АҚ-да депозиттік шоттар ашу және толықтыру мақсатында «тәлімгерлерді» бекіту көзделген.
Бала тәрбиеленетін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы мен баланы сүйемелдеу жөніндегі міндеттемелерді өзіне алған кәсіпорын арасында баланы әлеуметтік-патронаттық қолдау жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы шарт/келісімшарт жасалады.
Бұл акция облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдар, бизнес-құрылымдар, қала құраушы кәсіпорындар, жұртшылық тарапынан жан-жақты қолдау табуда.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1408 бала бар. Олардың 1191-і — қорғаншылық және қамқоршылықта, 47-сі — патронаттық тәрбиеде, 162-і — жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, 8-і әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде. 70-і — Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылында, 67—сі — «Төлеби» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында, 25-і — «Облыстық өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында.
«Аталған мекемелердегі тәрбиеленушілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, өзіңіз басқарып отырған мекемедегі қызметкерлердің бір күндік жалақысынан ерікті түрде аталған санаттағы балалардың есеп шотына қаржылай аударымдар жасауды ұсынамыз» — дейді облыстық білім басқармасының жауаптылары.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.