Түркістан облысының жастарына «Серпін» білім беру бағдарламасы бойынша насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр

Бұл жайында брифингте Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Есқұлов мәлімдеді.

«Бүгінде өңір жастарының «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасы арқылы оқуға түсу мүмкіндігі өте жоғары. Оған дәлел — өткен жылы бағдарлама бойынша республикаға бөлінген 3 653 гранттың 983-не Түркістан облысының талапкерлері ие болды. Олар еліміздегі 18 жоғарғы оқу орындарына жолданды. Қазіргі таңда Түркістан облысының аудан-қалаларында бағдарлама бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Осы ретте А.Мырзахметов атындағы Көкшетау өңірлік университеті кезекті іс-сапар барысында Отырар және Бәйдібек аудандарының жастарымен кездесіп, оқуға түсуге шақырып жатыр. Негізінен серпіндіктердің 70-90 пайызы тұрақты жұмысқа орналасады», — дейді Пердебек Сержанұлы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан А.Мырзахметов атындағы Көкшетау өңірлік университетінің «Серпін» жобасы және оңтүстік өңірлерден келген жастармен жұмыс» тобының басшысы Күлзия Тобатаева аталмыш оқу орнының бағдарламаға қатысқанына биыл екінші жыл екендігін айтты.

«Қазіргі таңда оқу орнында оңтүстік өңірінен 45 студент бар. Бүгінде университет бакалавриаттан — 27, магистратурадан — 14, PhD-докторантурадан 2 мамандық бойынша оқытады. Одан бөлек, студенттер үшін қолайлы, заманауи жабдықталған екі жатақханасы бар», — деді Күлзия Тобатаева.

2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді.

Аталған бағдарлама аясында талай жас теріскейге барып, білім алды, біразы сонда тұрақтап қалды.

«Серпін» бағдарламасы халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру бағытында қолға алынған.

Ауыл түлектеріне арналған бағдарлама аясында 2023-2024 жылғы оқу жылдарына 3 653 грант бөлінді. Оған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының түлектері қатысты.

Жалпы гранттар Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарында орналасқан университеттерге бөлінеді. Гранттар техникалық ғылым, ауыл шаруашылығы, медицина саласын қамтиды. Айта кетерлігі, былтыр 1 қыркүйектен бастап шәкіртақыны бакалавр студенттеріне 20 пайызға, магистратура студенттеріне 15 пайызға дейін өсіру жоспарланды.

Осылайша бағдарлама аясында былтыр 18 университеттің өкілдері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқуға шақырды. Олардың ішінде Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, М.Қозыбаев атындағы СҚУ және Инновациялық Еуразиялық және Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық университеті, Өскемендегі С.Аманжолов атындағы университеті мен Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ бар.

Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен Ә.Бөкейханов университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты жастарды білім нәрімен сусындатып отыр. Сондай-ақ, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қостанай облысындағы Рудненский индустриалды институты және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті бар. Бұдан бөлек, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қарағанды индустриалді университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Павлодар облысындағы С.Торайғыров Университеті Оңтүстік түлектеріне есігін айқара ашты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің бас сарапшысы Әділбек Мансуровтың айтуынша, бұл бағдарламаға 2023 жылдан бастап жаңа жүйелер енгізілді. Осы уақытқа дейін «Серпін» бағдарламасы бойынша тегін білім алған студенттер оқу бітіргеннен кейін оқыған өңірлерінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттелген болса, ендігі уақытта талап өзгеріп еңбек өтеу мерзімін азайтып, екі жыл жұмыс істеу міндеттелді. Сондай-ақ, жас мамандар тек оқыған өңірінде ғана емес, солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне қарасты 11 аймақта жұмыс істеуіне болады.

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизміне тоқтала өтейік.

Бағдарлама мақсаты — халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.

  1. Осы бағдарлама аясында оңтүстік өңірдегі жастар үш негізгі бағыттың біреуі бойынша (ЖОО және ТжКБ орындарында) тегін оқи алады: білім беру, техникалық немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары. Өздеріне қажетті білімді алған соң солтүстік өңірде өмір сүруге қалуға тиісті.
  2. Оқу барысында жатақхана беріледі және стипендия төленеді.

Қайда жүгіну қажет?

Тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына (https://www.enbek.kz/kk/zaniatost/czn-contacts) немесе білім бөліміне (https://egov.kz/cms/kk/articles/2Fspisok_otdel_edu)

Қандай құжаттар қажет?

  • жеке басын куәландыратын куәлік;
  • білімі туралы құжат (аттестат).

— 2023 жылы «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикаға бөлінген 3 653 гранттың 983-не Түркістан облысының талапкерлері ие болды. Жалпы аталған жобаға түркістандық жастардың қызығушылығы жоғары. Айта кететін жайт, серпіндіктердің 70-90 пайызы тұрақты жұмысқа орналасады. Биыл да 1 мыңнан астам маман бітіруші түлектерге бағдарлама аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады. Қазіргі таңда жоспарға сәйкес жұмыстар басталып та кетті, — дейді Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Ернар Бектаев.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қабылдау комиссиясының басшысы, «Серпін» штабының жетекшісі Лейла Байжұманованың айтуынша, бүгінде Түркістан облысының аудан-қалаларында бағдарлама бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек, ол аталған оқу орнында ағымдағы жылға 700 гранттың бөлінгендігін, оның 200-і «Серпін» бағдарламасы аясында берілетіндігін айтты.

Айта кетсек, аталған жобадағы Түркістан облысы жастарының үлесі – 2018 жылы жалпы берілген 5 000 гранттың 67,3%-ын, 2019 жылы 5 100 гранттың 45%-ын, 2020 жылы 5 100 квотаның 2 100-ын құрады. Сонымен қатар, 2021 жылы 5 600 грантқа 979 студент, ал 2022 жылы 3 600 грантқа 1 мыңға жуық оқушы «Серпін» бағдарламасының қатысушысы атанған.

ЖОО-на түсу үшін түлектер ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысуы тиіс. ҰБТ мен кешенді тестілеуден кем дегенде, 50 баллдан кем емес және де таңдау пәнінің ұпайы кем дегенде 7 баллдан төмен болмауы тиіс. Ал, колледждер үшін ҰБТ және кешенді тестілеу тапсыру шарты жоқ. Колледждерге түлектер конкурс арқылы түсе алады.

«Серпін» бағдарламасы әлеуметтік жоба ретінде 2014 жылдан бері іске асырылып келеді. Бұл – студент жастарды әлеуметтік қолдау және елі­міздегі оқу көші-қонын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген бағ­дар­лама. Бағдарламаның қазіргі «аяқ алысы», жұмыс барысы қандай? Қай университеттерде жоба сәтті жүзеге асырылып жатыр?

10 жылдық тарихы бар бағдарлама еліміздің халқы тығыз орналасқан оң­түс­тік өңірлеріндегі жастарды кадр жетіс­пеушілігі бар еліміздің солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру мақсатында қолға алынған. Бұл бағдарлама алғашында педагогикалық мамандықтар бойынша іске асырылды, кейіннен оның аясы кеңейті­ліп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтар да қамтыла бастады.

Әлеуметтік бастама аясында «Серпін» бағдарламасымен маман даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі – Ы.Алтын­сарин атындағы Арқалық педагоги­ка­лық институты. 2015 жылы аталған әлеу­меттік жоба бойынша алғашқы талап­­керлерін қабылдаған оқу ордасын соңғы бес жыл ішінде 700-ге жуық түлек тәмамдаған. Әлеу­­меттік бағдарламаның талаптарына сәйкес, гранттық негізде оқуға түскен студент 4 жылдық білімнен кейін сол өңірде жұмыспен өтеуге міндетті.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақ­стан университетінде (Amanzholov Uni­ver­sity) «Серпін» бағдарламасымен Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Түр­кіс­тан, Жетісу облыстарының жастары те­гін білім алып, өзі қалаған орындарға жұ­мысқа орналасты. Тіпті алғаш «Серпін» бағ­дарламасы басталған сәтте оқуға түсіп, осы жобаның аясында білім алғандардың алдыңғы қатары бүгінде докторантурада білімін жалғастырып жатыр. 2020-2021 оқу жылында осы бағдарламаның аясында университетті 30 студент тәмам­даса, 2023-2024 оқу жылында 100-ге жуық «серпіндік» жас Amanzholov University-ді таңдаған.

Аталған университеттің таратқан ақ­па­ратына сүйенсек, 2014 жылдан бері 1700-ден аса білім алушы Amanzholov University-ді аяқтап, үлкен өмірге қадам басты. Шығыс өңірді таңдаған талай жас осы аймақтың экономикасын ілгерілетуге үлес қосып, білім саласы­ның қазанында қайнап жатыр. Олардың ара­сында шығысқа сіңісіп, біржола тұ­рақ­тап жатқан жастардың да қарасы қалың. Бұған Amanzholov University-дегі академиялық ұтқырлық бағдарламасының белсенді іске асырылуы, жаһанның үздік 200 жоғары оқу орындарымен сенімді ынтымақтастық орнатуы, студенттерді тәжірибеден өткізуге ерекше ден қоятыны себеп болып отыр. Жалпы, «Серпін» бағ­дарламасының кең ауқым алуына, атал­ған бағдарламамен оқуға түскен жас­тар­дың осы университетті таңдауына сту­денттердің өздері де мол септігін тигізіп келеді. Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Алматы, Жамбыл облыс­тарының қыз-жігіттері жыл сайын қыс­қы, жазғы демалыс уақыттарында өзде­рінің жерлес талапкерлеріне кәсіптік бағ­дар беру жұмысын өткізуді дәстүрге айналдырған. Биылғы оқу жылында бағдарлама бойынша оныншы лекті қабылдаған Amanzholov University-де бағ­дарлама аясында кадрлар даярлау білім бағдарламаларының 15 тобы бойынша, оның ішінде 23 білім бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Аталған жоғары оқу орнында «Серпін» бағдарламасымен оқып жүр­ген, оқыған 50-ден аса студент республика­лық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпазы атаныпты.

Ал С.Торайғыров университетінде 2015 жылдан бері «Серпін» бағдарлама­сы бо­йынша 600-ге жуық жас білім алды. 10 жыл бұрын бастау алған бағдарлама­мен С.Торайғыров университетінде студенттер автоматтандыру және басқару, ин­же­нерлік жүйелер және желілер, ақпа­рат­тық жүйелер, сәулет, азық-түлік өнім­де­рін өндіру технологиясы және өзге мамандықтар бойынша оқиды.

Аталған университеттің берген ақпа­ратына қарағанда, «Серпін» бағдарлама­сы аясында мемлекеттік грант бойын­ша оқуға түскен талапкерлер жатақхана­мен толық қамтылады. Осыған қоса, олар оқу­ды аяқтаған соң еңбекпен қамту бойын­ша көмек алуға құқылы. Негізі жұмыс күші көп өңірлерде жастар арасында жұмыссыздықты азайту, кәсіби кадр­ларды толықтыру мақсатында қорға алынған бұл бағдарлама өңірлердегі ғылыми әлеуеттің артуына да септігін тигізіп жатыр екен. Өйткені «Серпін» бағ­дарламасымен бакалавриатты бітірген­дер арасында кейін ізденіс аясын кеңей­­тіп, ғылымға бағыт алатындар бар екен.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin