Түркістан облысының кәсіпкерлік саласы өкілдері мақта және жібек кластерлері бағыты бойынша Өзбекстан Республикасында тәжірибе алмасып жатыр

Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Әбдіразақова, «TURKISTAN INVEST «РАПИРЭ» ЖШС-нің бөлім басшысы Ержан Талип және бас менеджер Қазыбек Сейдазым Өзбекстан Республикасының экономикасының өсуінің жаңа нүктелерін зерделеу мақсатында қызметтік іссапармен барды. Делегацияның жұмысы Ташкент қаласынан басталып, Хорезм, Самарқанд, Жиззах, Наманган және Ферғана облыстарында жалғасын тапты.

Мақта кластері бағыты бойынша «Art Sof Tex», «Global Textile», «Zarafshon», «WBM Qoshqopir Clasteri», және «SAG» компанияларында болып, жұмыс тәсілдерімен танысты. Сондай-ақ «Uzipaksanoat», «Yodiglar» және жібек кокондарын өндіру жөніндегі шағын және орта бизнес нысандарына табан тіреді.

Жабдықтар шығаратын «MEXMASH», тыңайтқышқа арналған «IFODA», «XCMG» ауыр техника өндірісі зауыттары, «GOLDEN FISH» сазан балығы өндірісі және тағы да басқа кәсіпорындардың мамандарымен пікір алмасты.

Кездесулер аясында Өзбекстан Республикасының тәжірибесі бойынша мақта кластері мен жібек кластерін құру тұжырымдамасы мен жұмыс принциптері әзірленді. Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде жинақтаған ақпаратпен жергілікті халықты оқыту мүмкіндіктері алдын ала келісілді.

Сапар барысында Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері мен өңірлердің бизнес және әкімдік өкілдеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Келіссөздер нәтижесінде Түркістан өңіріне инвестиция салу мүмкіндігіне бірнеше кәсіпкердің қызығушылығы пайда болып, зум-конференциялар ұйымдастырылды. Енді облысқа өзбекстандық делегациялардың сапарлары күтіліп отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Just desire to say your article is as surprising. The clearness in your post is just great and i
    can assume you’re an expert on this subject. Well with your permission allow me to grab your feed to
    keep updated with forthcoming post. Thanks a
    million and please keep up the enjoyable work.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.