Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен облыста өнеркәсіп өнім көлемін арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту, инвестиция тарту бағытындағы жұмыс күшейтілген болатын. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айында өңірде 209,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,3% құрады.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 42,5% үлесін қамтамасыз ететін тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 89 млрд. теңгені құраса, өңдеу өнеркәсібі (үлесі 46,4%) өнімінің нақты көлем индексі – 110% немесе өнім көлемі 97 млрд. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 118,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға артты. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 16,9 млрд. теңгені (100%), мал шаруашылығы 100,2 млрд. теңгені құрады (101,2%). Облыста 55,8 мың тонна ет (тірідей салмақта), 160,8 мың тонна сүт, 57,7 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Биылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласының экономикалық даму барысына талдау жасасақ, бірқатар ілгерілеуді байқау қиын емес.
Мәселен, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ. Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 118,4 миллиард теңгені, ал нақты көлем индексі 101,1 %-ды құрады.
Оның ішінде өсімдік шаруашылығы — 16,9 миллиард теңге (100,0 %);
мал шаруашылығы — 100,2 миллиард теңге (101,2 %).
Республикадағы үлесі — 14,3 %.
(Республикалық бюджет — 2023 жылдың 3 айында — 824,7 миллиард теңге (103,5 %), оның ішінде өсімдік шаруашылығы — 37,7 миллиард теңге (100%), мал шаруашылығы — 778,1 миллиард теңге (103,6 %).
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 1,1 миллиард теңге, тиісті кезеңмен 105,5%, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 201,7 миллион теңге инвестиция тартылды.
2023 жылы ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешені (АӨК) саласына жалпы құны 62,6 миллиард теңгені құрайтын 44 жобаны іске асыру жоспарланып, құны
3,5 миллиард теңге 3 жоба іске қосылды:
- Сайрам ауданы «ZAURE GROUP» ЖШС-нің 6 гектар өнеркәсіптік жылыжай кешені;
- Арыс қаласы «ALASH LOGISTIC» ЖШС-нің 5,0 мың басқа арналған уақ мал бордақылау алаңын салу;
- Жетісай ауданы ЖК «Айлин» 3,0 мың тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасын салу.
ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 860,0 мың гектарға (2022 жылы. – 860,9 мың гектар) орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде:
Дәнді дақылдар — 318,0 мың гектар (+4,3 мың гектар);
Мал азықтық — 227,7 мың гектар (+6,7 мың гектар).
Көкөніс, бақша, картоп — 129,1 мың га (+9,7 мың гектар);
Майлы дақылдар — 73,5 мың гектар (-6,3 мың гектар);
Мақта — 111,4 мың гектар (-14,9 мың гектар);
Бүгінгі күнге, жоспарланған жаздық егістіктің (496,8 мың гектар) 271,2 мың гектары егілді (55%).
Анықтама: 75,7 мың гектар масақты дақылдардың 75,2 мың гектары (99%), 45,8 мың гектар жоңышқаның 42,2 мың гектары (92%), 46,5 мың гектар дәндік жүгерінің 14,4 мың гектары (31%), 44,9 мың гектар көкөністің 26,0 мың гектары (58%), 15,3 мың гектар картоптың 10,0 мың гектары (66%), 73,5 мың гектар майлы дақылдардың 65,3 мың гектары (89%), 68,9 мың гектар бақша дақылдарының 31,9 мың гектары (46%), 111,4 мың гектар мақта дақылының 6,0 мың гектары (5%) егілді. |
Жер айдау және сор шаю жұмыстары 100 % орындалды.
Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 48,2 мың тонна жанар-жағармай бөлінді, бұл өткен жылдан 300,0 тоннаға артық (2022 жылы — 47,9 мың тонна). Оның ішінде: ақпанға– 13,8 мың тонна, наурызға – 13,0 мың тонна, сәуірге – 11,4 мың тонна, мамырға – 10,0 мың тонна.
Жанар – жағармайды босату бағасы нарықтық жағдайға байланысты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі тарапынан тоннасына 222,0 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып белгіленді.
Таратушы операторлардың шығындары есептеліп, агроқұрылымдарға босату бағасы литріне 204-206 теңгені құрады.
Бүгінгі күнге бөлінген 34,4 мың тонна жанармайдың құны толығымен төленіп, оның 22,3 мың тоннасы агроқұрылымдарға босатылды.
Басқарма тарапынан, бөлінген жанармайдың тұрақты әрі уақытылы тарқатылуына мониторинг жүргізу мақсатында аудан, қала әкімдіктері мен қоғамдық ұйымдардан арнайы мобильді топ құрылып, жанар-жағармайды босату жұмыстары толық бақылауға алынды.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сұранысын қамтамасыз ету мақсатында, 497 түрлі минералды тыңайтқыштардың 50 % құнын субсидиялауға облыстық бюджеттен 6,5 миллиард теңге қаржы қаралды. Нәтижесінде 331,3 мың гектар егістікті тыңайту жоспарлануда. Биыл «Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» бағдарламасының қаулысы қысқа мерзім ішінде бекітіліп, өтінім қабылдау ақпан айынан басталды. (Бүгінгі күнге аталған бағдарлама бойынша 577 өтінім түсіп, 84 өтінімге оң шешім қабылданса, 220 өтінімге теріс шешім шығарылды).
Бүгінгі күнге облыс аумағындағы қоймада 25,0 мың тонна минералды тыңайтқыш сақтаулы («ҚазАзот» АҚ Сарыағаш ауданы базасында).
Сонымен қатар, агроқұрылымдардың сұранысын ескере отырып тұқым шаруашылықтарын қолдауға 600,0 миллион теңге, басым дақылдардың өндірісін субсидиялауға 432,1 миллион теңге, пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 372,0 миллион теңге, ағын суды жеткізу құнын субсидиялауға — 150 миллион теңге қаржы бөлінді.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 8,5 миллиард теңге қаржы бөлініп, ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін (АШТӨ) несиелендіру жұмыстары облыста алғашқы рет желтоқсан айында басталды. «Ырыс» МҚҰ, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы (АИО) арқылы жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен 1 192 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі несиелендірілді.
Сондай-ақ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы тікелей несиелендіруге 2,0 миллиард теңгеге 368 тауар өндіруші қаржыландырылды.
Салада еңбек өнімділігін арттыру үшін озық жаңа тәсілдер енгізілуде. Атап айтқанда:
Облыста қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді.
Бұрын баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынатын болатын. Осы бағытта шетелдің тәжірибесін пайдалана отырып, қарқынды бауларды көлемі ұлғаюда.
Нәтижесінде, өнімділік 5 есеге артып, бір гектардан 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда.
Қазіргі уақытта, облыстағы қарқынды баулардың көлемі 4 710 мың гектарды (Оның ішінде 3 айда 116 гектарға отырғызылды).
«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы өндіріске кеңінен ендірілуде.
Былтыр жоба 8,4 мың гектарға ендіріліп, 294 мың тонна өнім өндірілді.
Нәтижесінде, бұрын шаруалар гектарына 3-4 миллион теңге табыс тапса, қазіргі таңда гектарына 8 — 10 миллион теңгеге дейін табыстары артты.
Ағымдағы жылы жоба 9,3 мың гектарға ендірілуде.
Жылыжайлар көлемі 1 491 гектарды құрайды, немесе республикалық көрсеткіштің 71 пайызы (Оның ішінде 3 айда 31,3 гектар салынды).
Облыста су үнемдеу технологиялары пайдаланатын алқап 27,1 мың гектарды құрайды.
(Оның ішінде, 19851 гектар тамшылатып суғару (Оның ішінде 3 айда 1136 гектар),
7213 гектарға жаңбырлатып суғару (Оның ішінде 3 айда 350 гектар) технологиялары).
Нәтижесінде, ағын су шығынының 2 есе үнемдеумен қатар, өнімділікті 2-3 есеге арттыруға қол жеткізіліп отыр.
Қазіргі уақытта, жалпы құны 13,8 миллиард теңгеге 9,2 мың гектарға жаңбырлатып суғару машиналарын орнату бойынша 4 жоба жүзеге асыру көзделуде.
СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойған міндеттерді орындау — суармалы жерлерді тиімді пайдалануға тікелей байланысты.
Республикадағы суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі немесе 550 мың гектары облысқа тиесілі.
Түркістан өңірінде орташа есеппен жыл сайын 210 миллион текше метр ағын су тапшылығы орын алған болатын. Осы мәселені шешу үшін, облыста бір қатар су нысандарының құрылыстары басталып, 2 ірі су нысаны пайдалануға берілді.
- Сыйымдылығы 18 миллион текше метрді құрайтын «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы салынып, нәтижесінде, жылына қосымша 34 миллион текше метр ағын суды жеткізуге мүмкіндік ашылды.
- Түркістан магистралды каналының 59 шақырымын бетондау арқылы жылына 60 миллион текше метр ағын су үнемдеуге қол жеткізілді.
Каналдың су өткізу құрылымдарына Австралиялық «Рубикон Воутердің» автоматтандыру жүйесі орнатылды.
Түркістан қаласы аумағындағы 2 шақырым канал бойы абаттандырылып, қала тұрғындарының игілігіне берілді.
Сонымен қатар, «Боралдай» (50 миллион текшеметр, жоба құны 15 миллиард теңге), «Бәйдібек ата» су қоймасын салу (68 миллион текшеметр, жоба құны 16,9 миллиард теңге) жобалары әзірленуде.
Аталған жобалар іске асырылған жағдайда Түркістан өңірі ағын сумен толық қамтамасыз етілетін болады.
Облыс аумағында түгендеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған маңыздылығы жоғары коммуналдық меншіктегі 15 су нысанына күрделі жөндеу, 5 су нысанына ағымдағы жөндеу және жалпы ұзындығы 372 шақырымды құрайтын 35 нысанға күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 2023 жылға облыстық бюджеттен
4 267 миллион теңге қаржы бөлінді.
Бүгінгі таңда күрделі жөндеу жүргізілетін 14 нысанға құрылыс жұмыстары басталып, 1 нысанға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ал ағымдағы жөндеу жүргізілетін 5 нысанға құрылыс жұмыстары басталып, 2 нысанның құрылысы аяқталды (24 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Ал қалған 11 нысанға мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде).
Нәтижесінде, 63 шақырым канал бетонмен қапталып, 11 194 гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Ірі қара мал (ІҚМ) саны 4,4%-ға (1 287,8 мың бас), қой мен ешкі 3,9%-ға (5603,1 мың бас), жылқы 9,7%-ға (432,1 мың бас), түйе 4,9%-ға (39,1 мың бас), құс 2,8%-ға (2220,1 мың бас) ұлғайды.
Сүт өндіру 3,4%-ға артып, 160,8 мың тонна, ет өндіру 55,8 мың тонна (99,3%), жұмыртқа 57,7 миллион дана (98,4%) өндірілді.
Республика бойынша ІҚМ санының 14 %-ы, ұсақ малдың 24 %-ы, жылқының 11 %-ы, түйенің 14 %-ы және өндірілген еттің 13 %-ы, сүттің 16 %-ы — өңірдің үлесінде.
Өңірде жалпы 9185 бірлік ірі қара мал бордақылау алаңы бар. Оның 400 басқа дейін 9153 бірлік, 400 бастан – 1000 басқа дейін 15 бірлік, 1000 бастан жоғары 22 бірлік мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр.
Сүтті қара мал шаруашылығында 25 бірлік 50 бастан-600 басқа дейінгі сүт фермалары, 2 бірлік 600 бастан жоғары озық технологиялық жабдықталған тауарлы сүт фермалары бар.
Жалпы, 2023 жылы төмендегі көрсеткіштер аудан, қала әкімдіктері тарапынан бекітілді. Нәтижесінде, жалпы өнім көлемі 1 триллион 127 миллиард теңгеге жеткізіледі (НКИ – 103 %).
Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 75,2 миллиард теңге, тамақ өнеркәсібіне 11 миллиард теңге жеке инвестициялар тарту;
Егіс көлемін 860 мың гектарға орналастыру;
Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасын 9303 гектарға енгізу;
Қосымша 202 гектарға жылыжайлар салу;
Жаңадан 824,5 гектарға қарқынды бау, 120 гектарға жүзім отырғызу;
Сақтау қуаттылықтарын қосымша 29,3 мың тонна арттыру;
1346 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын алу;
Жылдық қуаттылығы 40 мың тоннаға жеміс-көкөніс өңдеу, 17 мың тоннаға ет өңдеу, 37 мың тоннаға сүт өңдеу кәсіпорындарын ашу;
1000 бастан жоғары 13 бордақылау алаңын, 200 бастан жоғары 4 сүт фермасын ашу;
4 бірлік ірі құс фермасын ашу және жалпы
270,0 мың басқа отбасылық құс шаруашылықтарын ашу;
4 бірлік тоқыма, тігін және 6 бірлік жүн, тері өңдеу кәсіпорындарын ашу, т.б.
2023 жылғы қаңтар-наурызында 4518,9 мың жолаушы тасымалданды, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 110,6% құрап отыр.
Облыс экономикасын дамытуға 97,2 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 160,4%-ды құрады.
Ерекше атап өтер мәселе, биыл алғашқы тоқсанда Түркістан обылыснда макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі байқалды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 209,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсім 106,3% құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 118,4 млрд. теңгені, немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,1%-ды құрады Облыс экономикасына 97,2 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 1,6 есе артты.
Аппараттың апталық отырысында Түркістан облысының әкімі индикаторларды сапалы орындап, ішкі жалпы өнім мен кірістер көлемін арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте жалпы ішкі өнімнің өсімін жыл сайын 6 пайыздық деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды. Тиісінше инфляцияны осы жылдың қорытындысымен 2 есе төмендету қажет. Бұл үшін өсудің қосымша көздерін табуымыз керек. Атап айтқанда, өндеу өнеркәсібінде, агроөнеркәсіптік кешенде, құрылыс пен қызмет көрсету секторында резервтеріміз бар. Осы бағыттарда әлеуетімізді толық пайдалану үшін нақты шаралар қабылдансын. Әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша облыста І тоқсанда оң өсімдерге қол жеткізілді. Бірақ жекелеген аудан, қалаларда бірқатар бекітілген индикаторлардың орындалуы төмен деңгейде қалыптасты. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі индикаторларының орындалуын қамтамасыз етпеген басқарма басшыларының жауапты орынбасарлары мен аудан, қала әкімдері орынбасарларының жауапкершілігі қаралады. Облыстық басқарма басшылары және аудан, қала әкімдері, белгіленген көрсеткіштердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етсін. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары өз мерзімдерінде жүргізілуі шарт, – деді Дархан Сатыбалды.
Өңір басшысы абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыруды, «Ауыл аманаты» бағдарламасын сапалы атқару және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім саласын көтеру, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша да жауаптыларға тапсырмалар берді.
Өңірде бірінші тоқсанда құрылыс жұмыстарының көлемі 31,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 117,9% құрады.
Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы 5,5%-ға артып, 120,2 мың шаршы метрге жеткен.
Аудан, қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына талдау жүргізу мақсатында 15 индикатор бойынша рейтингтік бағалау жүйесі енгізіліп, меморандум түзілді. І-тоқсан қорытындысымен 14 индикатор бойынша бағалау жүргізілді, 1 индикатор тоқсандық статистикалық деректердің шықпауына байланысты есепке алынбады. Жалпы, 14 индикатордың 10-ы бойынша жоспарланған межеге қол жеткізілген. Аудан, қала әкімдіктерінің рейтингі әзірленіп, тиісті бақылауға алынды.
Облыста 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жергілікті бюджетке 37,7 млрд. теңге кіріс түсіп, жоспар 120,9%-ға немесе 6,5 млрд. теңгеге асыра орындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсім 5,0 млрд. теңгеге артқан немесе өсу қарқыны 15,3%-ды құрап отыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.