Түркістан қаласында Конституция күніне орай Бекзат тұрғын алабында қала тұрғындарының ұсынысына сай жаңа саябақ ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, Бекзат секторы тұрғындарының қуанышына ортақтасты.
Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын саябақта тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған. 24 мың шарты метр аумақ көгалдандырылып, 3500 ағаш отырғызылған.
Аумақта балаларға арналған ойын алаңшасы мен воркаут алаңы орнатылған. Мерекелік кештерді өткізуге арналған сахна да қарастырылған, келушілер үшін 1200 шаршы метрді құрайтын автотұрағы да бар. Одан бөлек, 20 орындық пен 20 қоқыс жәшігі орнатылып, аяқ жол тақтайшалары төселген. Арнайы транформатор орнатылып, саябақ толық қоршалған. Жауапты мердігер мекеме саябаққа көгалдандыру жұмыстарын өз есебінен жүргізіп отырады.
Жалпы қала әкімінің Бекзат секторы тұрғындарымен кездесуінде көтерілген 50 мәселенің барлығы орындалды. Бүгін жаңадан ашылған саябақ – шешімін тапқан мәселелердің бірі. Сондай-ақ, қазіргі таңда тұрғындар өтінішіне сәйкес Бекзат аллеясына жөндеу жұмыстары, Жандосов көшесінің бойына әсемдік қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 318 гектарды құрайтын 32 саябақ бар. Ал, жалпы қолданыстағы күтіп-баптау аймағында жасыл-желекті 288 нысан бар. Олардың 75-і гүлзар мен аллеялар.
Жалпы, Түркістанның тазалығы – басты назарда. Осы ретте қаладағы 875 көше 3 кезекке бөлініп тазаланады. 1-кезектегі 112 көш күнделікті, 2-кезектегі 342 көше аптасына 2-3 рет, ал 3-кезектегі 421 көше аптасына 1 рет тазартылып отырады.
Шаһардағы тазалық жұмыстары бойынша 2 мекеме қызмет атқарады. Олар «Түркістан – жарық тазалық» ЖШС және «Жасыл қала – green city» ЖШС.
«Түркістан – жарық тазалық» мекемесі қаланың 160 көшесінің тазалығына жауапты. Онда 340 қызметкер жұмыс істейді және 36 техникамен қамтылған.
Ал, «Жасыл қала – green city» мекемесіндегі 80 қызметкер мен 12 техника шаһардағы 258 көшенің таза болуына атсалысып келеді. Қалған көшелердің тазалығына 6 сектор бойынша 7 жеке кәсіпкер бекітілген. Сондай-ақ төлем жүргізілетін тұрғындардың үлесі 75 %-ға жетіп отыр.
Қазіргі таңда қала аумағында ортақ пайдалану орындарын ластау, абаттандыру қағидатын бұзу, жол жабындысын бүлдіру бойынша 8 099 хаттама толтырылып, 100,4 миллион теңге айыппұл салынды.
Осы орайда қоса кетер тағы бір ақпарат, Түркістан қаласында өткен жылдың қорытындысына сәйкес асфальт жолдардың үлесі 383,9 (45,4%) шақырымды құраған болатын. Сондай-ақ, соңғы үш жылда шаһар аумағындағы топырақ жолдардың шешімі табылды.
Жалпы, қала аумағында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Биыл оның 50,8 шақырымды құрайтын 45 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 23,8 шақырымды құрайтын 20 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары бастау алды. Аталған жол сапасын жақсарту мақсатында жасалған жұмыстарға қаржы толықтай бөлінген жағдайда, 45 көшенің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады. Нәтижесінде жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар үлесін 51,4%-ға жеткізу көзделіп отыр.
Ал келесі жылы 50,5 шақырымдық 77 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған жөндеу жұмыстары іске асқан жағдайда, жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар үлесі 57,4%-ға жетіп, асфальт жолдар ұзындығы 485,2 шақырымды құрайды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.