Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 550 миллион долларға жуықтады

2024 жылдың 6 айында Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 549,4 миллион АҚШ долларын құраған. Былтырмен салыстырғанда тауар айналым көрсеткіші 80,1 миллион АҚШ долларына көбейген. Өңірдің негізгі сауда серіктестерінің көшін Өзбекстан елі бастаса, Түркіменстан екінші орында тұр. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тұрысов брифингте мәлімдеді.

«Облыстан негізі экпортталатын тауарлар қатарында мақта, ет, көкөніс және қант өнімдері бар. Ал, импорт құрылымында негізгі көрсеткіштерді көкөніс, жеміс-жидек пен автокөлік бөлшектері құрап отыр» — деді департамент басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, спикер кедендік бақылау бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жайында да айтты. Осы жылдың 6 айында 3746 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 155,2 миллион теңге айыппұл салынған. Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымында 8 кеден бекеті және 2 өткізу пункті бар.

Осы ретте ҚР Ұлттық экономика министрлігі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қорытындылары туралы хабарлады.

Ұлттық статистика бюросының жедел деректері бойынша жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты өсуі ағымдағы жылғы қаңтар-мамырдағы 3,2%-пен салыстырғанда жеделдеуді көрсетіп, 3,3%-ті құрады. Динамиканың жақсаруы тауарлар өндірісінде де (3,5%-тен 3,6%-ке дейін), сондай-ақ қызмет көрсету секторында да (3,1%-тен 3,3%-ке дейін) байқалады.

Өткен жылмен салыстырғанда экономиканың өсу қарқынының баяулауы экономиканың едәуір секторларының дамуына, оның ішінде сауда, көлік, логистика және т.б. шектеуші әсер еткен 10 өңірдегі су тасқыны салдарының әсерімен, сондай-ақ мұнай өндірудің 1,6%-ке қысқаруымен байланысты.

ЖІӨ құрылымында экономика өсуінің басты факторларының бірі өнеркәсіптік өндіріс болып табылады, оның көлемі 2,8%-ке ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсу (5,1%-ке) сақталуда, ол тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі (0,3%-ке) өсуден едәуір озық қарқынмен өсіп келеді.

Өңдеу өнеркәсібінің салалары арасында машина жасау өндірісінің 9,4%-ке, металлургияның 8,3%-ке, химия өнеркәсібінің
5,3%-ке, фармацевтикалық өнімнің 14,8%-ке және жиһаз өндірісінің 28,3%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,7 трлн теңгені құрады және бес айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5 проценттік тармаққа жеделдеп, 8,6%-ке өсті.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 4,6 млн шаршы метр көппәтерлі үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,9%-ке жоғары.

Ауыл шаруашылығы маусымдық өсудің белсенді кезеңіне кірді. Ауыл шаруашылығында өнім өндіру 3,4%-ке өсті, бұл ағымдағы жылғы қаңтар-мамырдың көрсеткішінен 1,8 проценттік тармаққа жоғары.

Көлік саласы мен ақпарат және байланыс секторын дамыту экономика өсуінің маңызды құрамдас бөлігі болып қала беруде. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында көлік және қоймалау қызметтері 7,3%-ке, ақпарат және байланыс қызметтері 8,7%-ке өсті.

Нақты сектордағы өсу сауда көлемінің өсуімен қатар жүруде. Ішкі сауда көлемі 3,9%-ке ұлғайды және ағымдағы жылдағы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,8 проценттік тармаққа жеделдеді.

Экономиканың шикізат емес салаларында инвестициялық белсенділік өсуде. Өңдеу өнеркәсібінде (9,4%-ке), ақпарат және байланыста (2,4 есе), ғылыми және техникалық қызметте (58%-ке), көлікте (33,7%-ке), білім беруде (24,1%-ке), қаржылық қызметте (22,1%-ке) және жылжымайтын мүлікпен операцияларда (4,5%-ке) негізгі капиталға инвестициялардың өсуі байқалады.

Бесінші ай қатарынан іскерлік белсенділік индексінің өсуі байқалуда, ол маусым айының қорытындысы бойынша 51,4-ті құрады.

Ағымдағы жылы инфляциялық процестердің баяулауының тұрақты үрдісі байқалуда. Ағымдағы жылғы маусымда жылдық инфляция өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 8,4%-ке дейін төмендеді (а.ж. қаңтарда 9,5%).

Азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 5,4%-ке, азық-түлік емес тауарларға 7,4%-ке дейін баяулады. Ақылы қызметтер бағасының өсуі 13,8%-ті құрады.

Бұл ретте ағымдағы жылғы маусымда инфляция деңгейі өткен айға қарағанда 0,4%-ке дейін баяулады, бұл 2021 жылдан бері ең төменгі көрсеткіш болып табылады.

Инфляцияны тежеуге инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыру оң әсер етуде.

Өткен жылмен салыстырғанда сауда балансы жақсаруда.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында алдын ала деректер бойынша сыртқы сауда айналымы 55,3 миллиард АҚШ долларын құрады.

Оның құрылымында тауарлар экспорты 1,8%-ке өсіп, 32,5 миллиард долларды құрады, оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 0,8%-ке, 10,5 миллиард АҚШ долларына дейін артты.

Импорт 7,2%-ке қысқарып, 22,9 миллиард АҚШ долларын құрады.

Оң сауда балансы 9,6 миллиард долларын құрады және 2,3 миллиард долларға немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4%-ке нығайды.

Елдің халықаралық резервтері өсуде.

Жыл басынан бері жалпы халықаралық резервтер 5,4 миллиард долларға өсті және ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 101,3 миллиард АҚШ долларынан асты.

Оның ішінде Ұлттық қордың валюталық активтері 1,4 миллиард доллларға, 61,4 миллиард долларға дейін, ал Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері 4 миллиард долларға, 39,9 миллиард АҚШ долларына дейін өсті.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның тауар айналымы 139,8 млрд долларды құрады. Қазақстандық тауарларды өткізудің негізгі нарықтары Қытай, Ресей және Италия болып табылады», — деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесі болды.

Қазақстан Азия елдеріне (Қытай (+10%), Гонконгқа (+34%), Оңтүстік Кореяға (+30%), Вьетнамға (+64%) шикізаттық емес экспортты ұлғайтты.

Тауар айналымындағы Қазақстан экспортының үлесі 56,3%-ды құрайды.

Экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлардың үлесі 32,1%-ды құрады.

Тауар нарықтарының саны 131 мемлекеттен 135 мемлекетке дейін өсті.

ТМД-ға кірмейтін елдермен тауар айналымы өсіп жатыр. Мұндай сауданың үлесі 2022 жылғы 72,6%-дан 2023 жылы 73,6%-ға дейін өсті. Қазақстанның 2023 жылғы импорты 2022 жылмен салыстырғанда 341 миллион долларға қысқарып, 5,213 миллиард долларды құрады. Керісінше, экспорт 531,1 миллион долларға өсіп, 7,247 миллиард долларға жетті.

Соңғы төрт жылда Қазақстанның экспорты 19,8 миллиард долларды, ал импорты 15,1 миллиард долларды құрады.

ЕАЭО елдеріне келетін болсақ, экспорт/импорт келесідей көрініске ие (миллион долларда):

ЭКСПОРТ

Армения 35,0.

Беларусь 183,5.

Қырғызстан 1147,2.

Ресей 10207,4.

ИМПОРТ

Армения 68,7. 

Беларусь 764,8. 

Қырғызстан 541,0.

Ресей 16847,0.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin