Түркістан облысының әдіскерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: жаңартылған мазмұн және енгізу алгоритмі» бойынша тәжірибе алмасты

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Дәлірек айтсақ, тәрбие жұмысының бағдарламасын жаңарту бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 15 наурыздағы Ұлттық құрылтай отырысында берілген тапсырмалар хаттамасының 5-тармағына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жаңартылды. Осылайша 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.

Осыған сәйкес, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Ы.Алтынсарина атындағы ҰБА-мен, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ-мен, «Білім инновация лицейлері» «Білім инновация» ХҚҚ-мен бірлесіп, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша семинарға білім басқармасының мектепке дейінгі, орта және кәсіптік, техникалық білім беру бөліміне жауапты мамандары, облыстық әдістемелік орталықтардың тәрбие жұмысына жауапты мамандары қатысуда. Нақтырағы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Ыбырай Алтынсарин атындағы ҰБА-мен, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми практикалық институты КеАҚ-мен, «Білім инновация лицейлері», «Білім инновация» ХҚҚ-мен бірлесіп «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша стейкхолдерлерді каскадты әдіспен оқыту семинары өтуде.

Семинарға Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің 2024 жылы 5-10 тамыз аралығында мектепке дейінгі, орта және кәсіптік, техникалық білім беру бөлімдерінің жауапты мамандары мен облыстық әдістемелік орталықтың тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлері қатысуда. Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда атап өткен құндылықтар жүйесімен толықтырылды, мазмұны жаңартылды. Осыған орай, семинарда 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын өңірде іске асыруды басқару мен үйлестіру ерекшеліктері талқыланды.

Аталған бағдарлама мақсаты — қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

Бағдарлама мазмұны «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсатына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне шолу жасаудан басталады. Тыңдаушылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының әдіснамалық негіздерімен танысып, құндылықтар жүйесі, құзыреттіліктер туралы түсініктерін кеңейтеді.

Сонымен қатар, Оқыту барысында тыңдаушы практикалық дағдыларын жетілдіру үшін өңірлерде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыруды жоспарлайды, өңірлік тәрбие жұмысының жоспарын әзірлейді, оны әріптестік ортада талдайды және кері байланыс алып, өңірдегі тәрбие жұмысын жақсарту бойынша шешімдер қабылдайды.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы жастарды тәрбиелеу «Адал азамат» идеясымен үндеседі. Бұл балалар мен жастардың бойында әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын дарыту арқылы адал еңбек пен қоғам игілігін алдыңғы орынға қоятын, адал, әділетті азаматтарды тәрбиелеуге бағыт береді.

«Әділетті Қазақстан» идеясы әрбір азаматқа өзін-өзі жүзеге асыруға және табысқа жетуге бірдей мүмкіндік беретін қоғам құру мақсатын көздейді. Бұл мақсатқа жету үшін балалар мен жастардың бойында тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, заң мен тәртіп құндылықтарын дамытуды қажет етеді.

«Озық ойлы ұлт» идеясы балалар мен жастардың бойында білімге құштарлық, шығармашылық және инновациялық ойлау, кәсіби даму, бірлік пен ынтымақ құндылықтарын дамыту арқылы өзгерістерге бейімделіп, инновациялық технологияларды ұтымды қолданатын ұлтты қалыптастыруға бағытталады.

Қазіргі әлемнің сын-тегеуріндеріне дайын азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеу «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» үштағанымен сабақтасады. Бұл әрбір азамат өзінің маңыздылығын, жауапкершілігін және ортақ іске қосқан үлесін сезінетін әділетті, дамыған және инновациялық қоғам құруға мүмкіндік береді.

Аталған идеялар мен құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізіне айналады. Бағдарлама құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдері негізінде білім алушы тұлғасын қалыптастыруға ықпал ететін негізгі мақсат пен міндеттерді айқындайды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin