Түркістан облысының әкімі Бейжіңде іскер топ өкілдерімен келіссөздер жүргізді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасындағы жұмыс сапары аясында 20-дан астам меморандумға қол қойылып, маңызды келіссөздер жүргізілді. Облыс әкімі Бейжің қаласының іскер топтарының өкілдерімен G2B форматта маңызды кездесулер өткізді. Онда құрылыс, ауыл шаруашылығы, өндіріс, жиһаз өнеркәсібі және басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық талқыланды.

Кездесудің негізгі мақсаты – Түркістан өңірінде өндірісті дамытуға жеке инвестициялар тартуға, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын сапалы және заманауи техникамен қамтамасыз етуге және отандық өндірісті дамыту саласында сындарлы өзара іс-әрекетті жолға қоюға ықпал ету.

Бүгінгі күндегі отбасылық бизнес – бүкіл әлемге таралған кәсіпкерліктің түрі. Отбасылық бизнес құруға Түркістан өңірі де ден қойды. Отбасылық (туыстық) бизнес үлесі тамырын кеңге жайып келеді. Әлемнің дамыған елдерінде атадан балаға мұра болып қалатын кәсіп экономиканың негізгі қозғаушы күші болып есептеледі.

Облыс әкімі жүздескен компаниялардың басым бөлігі — осы отбасылық бизнес өкілдері. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін егуден бастап, терең өңдеп, әлемдік нарыққа шығарған. Жоғары технология, компьютерлік жүйе, экологиялық таза өнім сатуды мықтап қолға алған кәсіпкерлер Түркістан облысына инвестиция құюға, жергілікті шаруалармен тәжірибелерімен бөлісуге дайын.

Қытай – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Сондай-ақ 2024 жыл «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» екеніне тоқталып, бұл отандық туристік компанияларға, сондай-ақ туризм нысандарын кеңірек насихаттауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Облыс әкімі атап өткендей, туристік әлеуетті жоғарылату арқылы экономиканың да әлеуетін көтеруге мүмкіндік бар. Визасыз режим екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды ынталандыруға, сауданы жеңілдетуге, өзара инвестицияларды ұлғайтуға және ҚР мен ҚХР арасындағы туризмді дамытуға айтарлықтай ықпал етеді. Бұл әсіресе, алдағы «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» аясында өте өзекті.

Ең үлкен аймақ саналатын Түркістан өңірінде өндірісті дамытуға күш салынған. Облыс орталығында жиһаз өндірісінде өсім бар. Бұл салада көш бастаған Қытай кәсіпкерлері өз тәжірибесімен бөлісіп, қолдау білдіруге ниетті.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында қолайлы инвестициялық ахуал құрылған. Өңірдің негізгі инвестициялық алаңдары – жалпы аумағы 540 гектар 10 индустриалды аймақ және жалпы аумағы 4000 гектар алаңды құрайтын «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Онда инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскесі және дайын өндіріс алаңдары ұсынылады. Арнайы экономикалық аймақ өз қатысушыларына салықтардан, кедендік баждардан және инфрақұрылымы бар жер учаскелерінен өтеусіз негізде босатуды қамтитын ерекше құқықтық режимді ұсынады. Сонымен қатар жаңа өндірістік жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін «шағын өнеркәсіптік парктер» салынуда. Аталаған өндірістік ғимараттарды бизнес субъектілеріне жеңілдетілген шарттармен жалдау және сатып алу құқығымен беріледі.

Айта өтейік, былтыр Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 41 миллиард теңгеге жетті. Бұл — тарихи көрсеткіш.

Естеріңізге сала кетейік, биыл наурыз айында осындай іс-шара «Қорғас» халықаралық көрме орталығының (ҚХР) аумағында халықаралық ынтымақтастықтың шекара маңы аймағында өтті, онда Қытай мен Қазақстан кәсіпкерлері үшін бизнес-конференция өтті. 

Иә, Қазақстан — Орталық Азия елдерінен Қытайдың басты серіктесі. Мұны өткен жылы 10 жылдығы атап өтілген «Бір белдеу, бір жол» жаһандық жобасын іске асыру аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіштері айқындайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Боаос Азия форумында сөйлеген сөзінде 2023 жылы еліміз бен ҚХР арасындағы тауар айналымы 41 млрд тарихи рекордқа жеткенін, ал жүк тасымалдау көлемі 22% артып, 30 миллион тоннаны құрағанын еске салды.

Қытай мен Қазақстан экономикалық даму саласындағы сауда мен әріптестіктің, әсіресе, қазақстандық мұнайды, табиғи газды, пайдалы қазбаларды және басқа да негізгі энергетикалық ресурстарды игеруде жылдам кеңеюіне ықпал етті. Қазақстан Қытайға мұнай құбырын құруды ұсынды және 1997 жылы екі ел оны салу туралы келісімге қол қойды. Бұл құбыр Қытай мен Орталық Азияның кез келген елі арасында бірінші болды.

Энергияға деген ішкі қажеттіліктің тез өсуіне байланысты Қытай Қазақстанда энергетика саласын өсіру мен дамытуда жетекші рөл алуға ұмтылды. Төрт шағын мұнай кен орындарын пайдаланумен қатар, Қытай ұлттық мұнай корпорациясы 2005 жылы бұрынғы Кеңес Одағының ең ірі тәуелсіз мұнай компаниясы болған Petrokazakhstan компаниясын 4,18 миллиард АҚШ долларына сатып алды және Қытаймен шекараға мұнай жеткізетін құбырға тағы 700 миллион АҚШ долларын жұмсады. «ПетроҚазақстан» қытайлық компания жасаған ең ірі шетелдік сатып алу болды. 2016 жылға қарай қытайлық компаниялар (мысалы, Қытай ұлттық мұнай корпорациясы, Sinopec және басқалары) Қазақстанның мұнай секторына 20 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салды.

2009 жылы Қытай Қазақстанға 10 миллиард доллар қарыз беріп Маңғыстаумұнайгаздағы үлесін сатып алды.

2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Парламентінің Мәжілісі мен Қытай Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысының Тұрақты комитеті өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Келісім екі ел арасында қол қойылған, екіжақты қатынастардың дамуына ықпал ететін ең маңызды заңнамалық акт болып табылады. Заңнама екі Парламенттің өзара екіжақты мәселелерді талқылау үшін жиналуына көмектеседі.

2020 жылғы 9 шілдеде Қытайдың Қазақстандағы Елшілігі Қазақстанның бірнеше қаласында пневмонияның анықталмаған штаммы таралып жатқандығы, оның өлімі COVID-19-ға қарағанда «әлдеқайда жоғары» екендігі туралы ескерту шығарды. Онда Атырау және Ақтөбе облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы зардап шеккені және 500-ге жуық жағдай тіркелгені айтылды. Алайда, келесі күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Қытай мен БАҚ елшілігінің мәлімдемесін «жалған жаңалықтар» деп қабылдамады, бірақ пневмонияның бұл жағдайларында ауытқулардың клиникалық белгілері байқалғанын атап өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының аға қызметкері Майкл Райан Қазақстандағыышет «дұрыс диагноз қойылмаған» COVID-19 жағдайларына байланысты болуы мүмкін дейді.

2022 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты тауар айналымы 24 миллиард долларға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,1 пайызға артық. Қазақстан Үкіметі екі ел басшыларының келісіміне сәйкес Қытаймен жылдық тауар айналымын 2030 жылға қарай 35 миллиард долларға дейін ұлғайтуға ниетті.

Қытай үкіметі Қазақстан Қытай Халық Республикасын бүкіл Қытайдың өкілі ретінде таниды және Қытайдың бірігуін қолдайды деп мәлімдейді.

Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік қауіпсіздік, Экономикалық даму және терроризм мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы өңірлік әріптестікті нығайтуға ұмтыла отырып, Қазақстан мен Қытай Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) тең құрылтайшысы болады. Қытаймен байланысты дамыта отырып, Қазақстан өзінің солтүстік көршісі Ресейдің геосаяси және экономикалық ықпалын теңестіруге ұмтылады. Алайда, Қытайдың қазақ халқы мен Қытайдың Шыңжаң провинциясының ұйғырлары арасындағы мәдени байланыстары төңірегінде ұйғыр сепаратистік қозғалысына әсер етуі мүмкін ықтимал қақтығыстар бар. Қытай сонымен қатар АҚШ-тың аймақтағы ықпалының өсуіне және Қазақстанда американдық авиабазалардың құрылуына жол бермеуге тырысады. 1997 жылы екі ел де Қырғызстан мен Тәжікстанмен бірге жалпы шекара бойында Қарулы Күштердің қатысуын азайту туралы келісімге қол қойды.

ШЫҰ «үш зұлымдықты» — терроризмді, сепаратизмді және экстремизмді азайтуға тырысады. Бұл мақсат 1997 жылдан бастап Қытайдың Қазақстандағы және басқа елдердегі дипломатиялық қатынастарының алдыңғы қатарында. 2023 жылғы 28 наурызда Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы энергетика, туризм, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, ауыл шаруашылығы және т. б. салаларды қамтитын трансшекаралық ынтымақтастық туралы екінші достық диалогқа қол қойды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жылдан асты. Осы қысқа мерзім ішінде екі ел берік мемлекетаралық байланыс орнатып, Қытай Қазақстан экономикасына жоғары мөлшерде инвестиция сала бастады.

Иә, Қытай Қазақстанның экономикалық өсімінің басты серіктесі екені анық. Бұған Ұлттық банкінің дәлелдерін келтірсек болады. Олардың деректеріне сәйкес, инвестиция көлемі бойынша ҚХР Қазақстанның ең ірі инвесторларының бестігіне кіреді.

Еліміз негізінен Қытайға мұнай, мыс және мыс катодтарын, кен, табиғи газ, ферроқорытпа, уран мен күнбағыс майын жеткізеді. Ал Қытайдан Қазақстанға техникалар, электр генераторлық қондырғылар, қара металдардан жасалған бұйымдар, шиналар, жол және құрылыс техникасы және автомобильдер әкелінеді. Ендеше соңғы статискаға сәйкес екі ел арасында экономикалық байланыс неше есеге артқан? Осыған тоқталып өтейік. 

Мәселен, 2023 жылы екі ел арасында тауар айналымы 2022 жылмен салыстырғанда 30 пайызға өсіп, 31,4 миллиард долларға жетті.

Экспорт 34,7%-ға өсіп, 14,7 млрд долларға жетті.

Қазақстан Қытайға кеннің – 8,6 млн тоннасын (+30,5%), мұнайдың – 5,7 миллион ​​тоннасын (+7,5%) сатты. Сонымен қатар мұнай газының тасымалы да артты. Ол 5,8 миллиард текше метрді (+15,5%) құрайды. Ал уран – 10,4 мың тонна (+42,7%) және ферроқорытпалар – 621,9 мың тонна (+6,7%).

Сонымен қатар Қытай қазақстандық майлы дақылдарды (күнбағыс, зығыр) 1,5 есе (631,3 мың тонна) көп сатып алуда. Дегенмен мыс экспортының айтарлықтай төмендеуі де байқалады – 13,6% (237,5 мың тонна).

Бұл ретте импорт 44,8%-ға өсіп, 3,9 млн тоннаға жетті.

Қытайдан Қазақстанға киім тасымалы 2,1 есеге (642,4 млн. дана), ал аяқ киім 2,8 есеге (106,4 мың тонна) артып, импорттала бастады.

Автокөлік жеткізу – 61,4 мың (+төрт есе), компьютерлер, ноутбуктер – 6 млн-ға (+1,8 есе) артты. Пластмасса және олардан жасалған бұйымдар импорты 8,4%-ға өсіп, 314 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар Қытайдан Қазақстанға жемістер белсенді түрде әкелінді – 136,3 мың тонна (+2,2 есе).

Бірақ смартфон импорты 3,3%-ға (6 миллион бірлік) қысқарды.

2023 жылдың үш тоқсанына байланысты статистикаға көз жүгіртсек, Қытай Қазақстан экономикасына 1,3 миллиард доллар инвестиция құйған. Яғни, 36,5%-ға өскен.

Ал жергілікті инвесторлар Қытайға 32,5 миллион доллар (-4,7%) инвестиция салған.

Қытайдың қатысуымен заңды тұлғалар мен филиалдар саны 37,8%-ға өсті. Осы жылдың 1 қаңтарында олардың саны 2,4 мыңға жетті.

Бұл компаниялардың қызметі негізінен сауда, автокөлік жөндеу (934) және құрылыс (204) салаларында ұсынылған.

Егер көші-қонды қарастыратын болсақ, 2023 жылы Қытайдан Қазақстанға 981 адам көшіп келген.

Ал Қазақстаннан Қытайға 18 адам көшкен.

Биылғы Қытай төрағасының елімізге жасаған мемлекеттік сапары қос елдің қатынасын жаңа деңгейге көтереді дейді сарапшылар.

Жалпы, Си Цзиньпин қазақ жеріне соңғы екі жылда екінші рет келіп отыр. Пандемиядан кейін де алғашқы халықаралық сапарын Қазақстаннан бастаған еді. Бұл жолы мемлекеттік сапармен үш күнге аялдады. Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына биыл 32 жыл. Осы аралықта байланыс іркілген емес. Сан салада жанданып келеді. Тіпті, қос ел бір-бірінің негізгі сауда-экономикалық серіктестеріне айналып, достық негіздегі әріптестік орнатқан.

Бұған Қытай төрағасы Си Циньпиннің коронавирус пандемиясынан кейін алғашқы халықаралық сапарын Қазақстаннан бастауы — дәлел. Екі жыл бұрын елімізге мемлекеттік сапармен келген оны әуежайдан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі құрметпен қарсы алған еді. Жалпы, қос ел басшысы осы уақытқа дейін 5 рет кездесті. Тараптар әрдайым достық негіздегі байланыстарды арттыруға мүдделі екендерін айтып, қазақ-қытай қатынасына тың серпін беріп келеді.

«Екі ел басшысының жиі кездесуі – Астана мен Бейжің қарым-қатынасының маңыздылығын көрсетеді. Әсіресе, экономикалық ынтымақтастық жағынан бір-біріне басты серіктес. Осы тұста Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің ШЫҰ саммиті алдында жеке келуі екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін және жаңа экономикалық келісімдердің болуы мүмкін екенін аңғартады» — дейді саясаттанушылар.

Халықаралық «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында да мемлекет басшысы былтыр Қытайға екі рет «Орталық Азия — Қытай саммиті мен «Бір белдеу — бір жол» форумына қатысқанын айтқан еді. Биыл да Хайнань провинциясында өткен Боа Азия форумына барды. Тіпті Қытай тарапымен өтетін саяси шараларда арагідік қытай тілінде де сөйлейді. Мұның себебі «маңызды ойымды нақты жеткізу үшін» деген еді Президент. Қай кездесуде болса да, тараптар жылы шырай танытып, бір-біріне «досым» деп айтады.

Естеріңізде болса, «Қадірлі досым. Сізді ҚХР төрағасы болып қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан үшін ҚХР орны ерекше» — деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал Си Цзиньпин: «Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, Қытай мен Қазақстан өздерінің бастапқы ниеттерін берік ұстанып, өзара көмек көрсетіп, тату көршілік концепциясын жалғастырып, екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің дамуына жағдай жасауы қажет» — деген еді.

Соңғы бірнеше жылдың өзінде қос ел арасында жасалған маңызды келісім аз емес. Визасыз режимнің орнауы мен үшінші темір жол өткізу пунктін ашу — солардың негізгісі. Әрі 2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы деп жарияланғаны белгілі.

Қорыта айтқанда, «қазақ-қытай қатынастарының әлеуеті зор» — дейді сарапшылар. Оны дамытуға шығыстағы көршіміз де мүдделі. Сондықтан Қытай төрағасы саммит алдында елімізге мемлекеттік сапармен бір емес, үш күнге сапарлап келді. Си Циньпиннің шетелдерге ұзаққа жиі шыға бермейтінін ескерсек, «бұл Қазақстанның әрі мемлекет басшысының халықаралық саяси аренадағы абыройын көрсетеді» — дейді сарапшылар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin