Түркістан облысының әкімі Татарстан Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында заманауи білім ордасымен танысты

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Татарстан Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Иннополис қаласына барды. Иннополис қаласының мэрі Дмитрий Вандюковпен және Университет директорының орынбасары Искандер Бариевпен кездесіп, заманауи білім ордасымен танысты.

Ғылым мен IT технологияларды дамытуды, жасанды интеллект пен робототехника саласындағы және инновациялық аумақтарды құруда тәжірибесімен бөлісу ынтымақтастығын қарастыру туралы талқылады.

Иннополис университеті — ақпараттық технологиялар және робототехника саласындағы білім беру мен зерттеулерге маманданған жоғары білім беру ұйымы. Заманауи жоғары оқу орнында барлық академиялық бағдарламалар ағылшын тілінде жүргізіледі, ал мамандықтар ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Университет Ресейдегі 300-дей жетекші IT-компаниялармен біріккен 17 зертханасы мен 9 даму орталығы бар ғылыми орталық саналады. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

Мемлекет басшысының елімізді жаһандық цифрлық технология орталығы ретіндегі орнын нығайту туралы тапсырмасын жүзеге асыру бағытында Түркістан облысы IT секторын дамыту үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Татарстан Республикасына жұмыс сапары — ақпараттық технологиялар саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту жолындағы маңызды қадам. Бұл бағытта облыста белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ сапар барысында өңір делегациясы «Иннополис» арнайы экономикалық аймағымен танысты. Бұл — озық инновациялық шешімдер әзірленетін және коммерцияланатын аймақ. Арнайы экономикалық аймақ негізгі нысаны технопарк кеңселері мен даму орталықтары бар заманауи, көп функционалды кешен болып табылады. Мұнда IT компанияларды дамуына барлық қолайлы жағдайлар жасалған, жаңа перспективалы жобалар да, ірі ресейлік және халықаралық IT-компаниялар да шоғырланған. Арнайы экономикалық аймақ алаңдарының жалпы аумағы — 311 гектар.

Инновациялар мен технологиялық бағытынба ынталандыруда IT-стартаптарды құру және қолдау да маңызды рөл атқарады. Осыған орай, тәжірибе алмасу мақсатында делегация Башир Рамеев атындағы ІТ-паркке арнайы барды. Парк базасында коворкинг, цифрлық кітапхана, балалар технопаркі, стартап хаб, киберпарк аренасы және т.б. бар.

Иннополис – Қазан қаласы агломерациясы аумағында тұрғызылған заманауи қала. Онда Иннополис университеті мен «Иннополис» ерекше экономикалық аумағы бар. Мәскеу жанындағы Сколково және Новосібірдегі Кольцово аумақтарымен қатар, Ресейдегі IT технологияларды дамыту мақсатында тұрғызылған ғылыми-өндірістік аумақтардың бірі.

Түркістан облысынан барған делегация Татарстанның өндіріс орындарын аралайды. Инвесторлармен нақты келісімдер жасайды деп күтілуде. Әсіресе, ІТ саласы мен ауыл шаруашылығындағы озық технологиялар мен жобаларға басымдық беріледі.

Еске салайық, Татарстанның Қазан қаласында БРИКС+ елдері қалаларының халықаралық форумы өтті. Оған Үкімет делегациясы құрамында арнайы барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесті.

Облыс әкімі Түркістанның Түркі әлемінде өзіндік орны бар рухани орталық екенін айтып, аймақтың индустриалды әлеуеті мен инвесторларға жасалатын жеңілдіктер жөнінде баяндап берді. Қазақстан мен Татарстанның бауырлас елдер екеніне тоқталған Дархан Сатыбалды сауда-экономикалық байланысты нығайту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен ІТ саласында тәжірибе алмасу және өзге де мәселелерді талқылады. Өзара әріптестікті нығайту жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Татарстан басшысы екі елдің рухани байланысы тереңде екеніне тоқталып, сауда мен экономикалық байланыстарды тереңдете түсуге мүдделі екенін жеткізді. Қазақстандық делегацияға құрмет көрсетіп, меймандостық танытты. Осы келіссөз аясында елімізден барған делегация Татарстанның өндіріс орындарын аралайды. Инвесторлармен нақты келісімдер жасайды деп күтілуде. Әсіресе, ІТ саласы мен ауыл шаруашылығындағы озық технологиялар мен жобаларға басымдық беріледі.

Татарстанға сапары барысында Дархан Сатыбалды Қазандағы әйгілі «Кул Шариф» мешітінде болды. Одан кейін «Ак Барс» спорт кешенінде балуандар бәсекесін тамашалады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысы – еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық әлеуетке ие.

Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Қазіргі уақытта облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Бизнесті ынталандыру мен дамытуға жағдай жасалған. 10 индустриалды аймақ және «Turan» арнайы экономикалық аймағы бар. Аталған алаңдар инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелерін, сондай-ақ түрлі салықтық жеңілдіктерді ұсынады.

Негізгі мақсат – екіжақты байланыстарды нығайту, серіктестік қатынастарды кеңейту, ынтымақтастықты дамыту.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен маңызды келіссөздер жүргізді. Кездесуде бауырлас елдер арасында сауда-экономикалық байланысты нығайту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен ІТ саласында тәжірибе алмасу және өзге де мәселелерді талқыланды. Ортақ жобаларды жүзеге асыру туралы айтылды.

Облыс әкімі Қазан қаласында Татарстан Республикасы Раисының қатысуымен өткен «БРИКС+» елдері қалаларының халықаралық форумында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Бауырластық қатынас орнату туралы өзара серіктестік меморандумына қол қойылды. Қазақстан мен Татарстанның бауырлас халықтары әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген саласында табысты ынтымақтасады.

Сапар аясында өзара әріптестікті нығайту жөнінде келісімге қол жеткізілді. Қазақстандық делегацияға құрмет көрсетіп, меймандостық танытты. Облыс әкімі екі ел арасындағы ынтымақтастық әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беретінін айтып, көрсетілген қонақжайлық үшін алғысын білдірді.

Татарстанға сапары барысында Дархан Сатыбалды Қазандағы әйгілі «Кул Шариф» мешітінде болды. Одан кейін «Ак Барс» спорт кешенінде балуандар бәсекесін тамашалады.

Сондай-ақ бүгін өңір басшысы Татарстан Республикасындағы техникалық-енгізу үлгісіндегі ерекше экономикалық аймақ пен өнеркәсіп орталықтарына, «Химград» технополисі-заманауи индустриалды химиялық паркіне, ақпараттық технологиялар және робототехника саласындағы білім беру, зерттеулер мен әзірлемелерге маманданған Иннополис университетіне бару жоспарланған. Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті инвесторлармен кездесіп, Түркістан өңірінің әлеуетімен таныстырады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin