Түркістан облысының әкімі мақташылардың мәселесін шешу бағытындағы жоспарымен бөлісті

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға мақта шаруашылығын дамыту, мақташылар жыл сайын тап болатын мәселелері жөнінде сұрақ қойылды. Өңір басшысы аймақта мақта кластерін дамыту бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

– Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы республикадағы мақта өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылығында 25 мың агроқұрылымда 70 мыңға жуық адам еңбек етеді. Облыста жыл сайын 120 мың гектар мақта егіліп, 300 мың тоннаға жуық шитті мақта жиналады. Елде тоқыма және тігін өнеркәсібі дұрыс дамымағандықтан, шикі мақтаны сату бағасы Ливерпуль мақта биржасындағы мақта талшығының индексіне тікелей тәуелді. Сондықтан біз тоқыма, тігін өнеркәсібін дамыту, мақта кластерін қалыптастыру мақсатында арнайы жоспар әзірледік. Өзбекстандық инвесторлармен бірлесе отырып, 2023-2025 жылдары Мақтаарал ауданында 21 млрд. теңгеге мақта-тоқыма кешені және логистикалық хабты құру инвестициялық жобасын жүзеге асырамыз. Жобаның қуаттылығы – 160 мың тонна, 3000 жаңа жұмыс орны құрылады. Ең алдымен мақта тұқымының сапасын жақсарту мәселесіне мән беріледі, – деді Дархан Сатыбалды.

Жұмыс орны демекші, Түркістан облысында биыл 5 айда 55 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін 109 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. Бүгін ҚР жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтылды. Облыс әкімі жұмыспен қамту бағыты бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

– Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бастамасы аясында Түркістан облысында 12 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Биыл өз ішін ашуға ниетті 1688 адамға қайтарымсыз грант ұсыну көзделуде. Бұл бағытқа 2 млрд. теңге бөлінген. Сондай-ақ алғаш рет 594 жасқа 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие беріледі. Түркістандық жастар үшін 2,9 миллиард теңге қарастырылды. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікпен айналысуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жергілікті тұрғындар арасында кеңірек насихаттау шаралары да тұрақты жүргізілуде. Әсіресе, ауыл жастарын, NEET санатындағы азаматтарды осы мүмкіндіктерді қалт жібермеуге шақырудамыз. Өйткені, кейбір азаматтар бейхабар болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттық-түсіндіру топтарымыз жұмысты күшейтпесе, бәсеңдетпейді, – деді өңір басшысы Дархан Сатыбалды.

Облыста өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық беріледі. Осы бағытта жоспар түзіліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Осы жұмыстар нәтижесінде облыста өндірілетін шитті мақтаның 70% терең қайта өңдеуден өткізіліп, баға нарығына тәуелділік жойылады. Бұдан бөлек, Түркия мемлекетімен элиталық мақта тұқымын елімізге импортауға келісімшарттар түзілді. 2027 жылға дейін ішкі нарық толығымен сапалы элиталық тұқымдармен қамтамасыз етіледі.

Биыл көршілес Өзбекстан, Түркия елдерінен элиталы тұқымдық шит жеткізілген.

Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құру жобасы әзірленген. Ос іске асқанда, 75 кәсіпорын салынбақ. Жобаны толық іске асыру кезінде 41,9 мың жаңа жұмыс орны құрылады, жыл сайын бюджетке түсетін түсімдер сомасы 26,2 миллиард теңгені құрайды. Жобаны толық іске асыру үшін инвестиция қажет. Осыған байланысты мақта-тоқыма кластерін құру бойынша салалық бағдарлама қабылдау жөнінде ҚР Үкіметіне ұсыныс енгізілген.

Оған қоса, мақта алқаптарын қысқарту, егістікті әртараптандыру бойынша да жұмыстар басталған. Жүгері, маш өнімін егуге ұсыныс берілген. Бүгінде диқандар бұл бағытта да жұмыс жүргізуде. Сарапшылардың айтуынша, аталған дақылдардан түсетін табыс мол әрі сұраныс та жоғары.

Өткен жылдың басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойған еді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде Түркістан облысында мақта кластерін құру жобасы әзірленді. Осы жобаны талқылау және сарапшылар, мамандар пікірін білу мақсатында мәжіліс өткізілді. Жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған саланы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу аса маңызды екенін жеткізді. Мақта дақылын өсіретін еліміздегі бірден-бір өңір – Түркістан облысының шаруалары бүгінде баға мә­се­лесін жиі көтеріп, наразылық­тарын білдіруде. Алдын ала айта кетелік, мақташылар көтерген мәсе­ле жергілікті билікке мәлім және облыс әкімі тарапынан тиісті шара­лар атқарылып жатыр. Дегенмен бұл облыс әкімдігі дең­гейін­де шешілетін мәселе емес. Сондық­тан да осы салада еңбек ететін 25 мың­ға жуық агроқұрылым, миллионнан астам тұрғын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге назар аударып, мақ­та­­шы­лардың мұң-зары, нақты ұсыныс-пі­кір­лері ескеріле отырып, мемлекет тарапынан қол­дау болатынынан үмітті. Елордаға қа­рап елеңдеген диқандар Президент пәр­­ме­німен оң өзгеріс болатынына сенеді.

– Облыстың өзіндік табысын арттыру үшін жаңа жұмыс орындарын ашу керек. Бұл ретте мақта кластерін дамытудың маңызы зор. Осы салада ірі фабрика, зауыт ашамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Екіншіден, мақта өсіруде су үнемдеу технологиясын мейлінше жетілдіру қажет. Жалпы мақта шаруашылығы үлкен ізденістер мен зерттеулерді талап етеді. Облыс әкімдігі тарапынан мақта кластерін дамытуға жағдай жасалады. Осы бағытта үлкен жоспарларымыз бар, – деді Дархан Сатыбалды.

Түнеугүні мақта саласының проблемаларына қатысты жиында өңірдегі мақта шаруашылығының ірі кәсіпкерлері, қаржылық ұйым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары мен ғалымдар өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Ең алдымен мақта сұрпының сапасын жақсарту керектігін жеткізді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Жәнібеков облыста мақта-тоқыма кластерін құру бағытындағы жоспарға тоқталды. Облыс әкімінің тапсырмасымен осы бағытта арнайы тұжырымдаманың жобасы әзірленген. Мақсаты – мақта шаруашылығын әртараптандыру, мақта-тоқыма кешені кәсіпорындарын дамыту және 2027 жылға дейін тоқыма өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті өнімін алу. Шитті мақта өсіруден бастап, жоғары сапалы өнім шығаратын 75 кәсіпорын ашу, 9 кластер құру көзделген. 41 мыңнан астам жұмыс орнын ашып, мақта талшығын қайта өңдеу көлемін 100 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Мата, май, киім және мақтадан өзге де өнімдер шығару мақсаты да қойылған.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Өзбекстанның «Global Textile Group» компаниясы тобының жетекшісі Музаффар Разаковты қабылдағанынан да хабардармыз. Кездесу барысында Түркістан облысында мақта шаруашылығын дамыту, мақта шитінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Өңір басшысы бұл салада екіжақты әріптестіктің екі тарапқа да пайдасы мол екенін айта келе инвесторға алғысын білдірді.

– Жуырда инвестициялық штаб отырысында да байланысқа шығып, әріптестік байланыстар бойынша кеңескен болатынбыз. Өзара түсіністік пен келісім бар. Енді нақты жұмысты бастау керек. Бүгінде Түркістан облысы кәсіпкерлікке қолдау көрсету және бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау жөнінен еліміз бойынша жетекші орында тұр. Өңірде өндірісті дамытуға мүмкіндік мол. Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар бар. Оның ішінде мақта шаруашылығын, мақта кластерін дамытуға әлеуетіміз жетеді. 2022 жылы облыста 126,3 мың гектар мақта егіліп, орташа өнімділігі 28,6 центнерді құрады. 361,8 мың тонна өнім жиналды. Бүгінгі таңда Түркістан облысының шаруалары 100 мың тонна мақта талшығын өндіре алады. Оның көп бөлігі экспортталады. Тек 15%-ы ғана терең өңделеді. Терең өңдеу бойынша көрсеткішті ұлғайтуымыз керек. Бірлескен жобаларды іске асыруда, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп саласында өзара тиімді тәжірибе алмасуда біздің болашағымыз зор деп санаймын, – деді Дархан Сатыбалды.

Өзбекстандық инвестор Музаффар Разаков та келісім бойынша жұмыс жүргізетінін, биыл нақты жоба қолға алынатынын жеткізді. Қазіргі таңда Түркістан облысы әкімдігі мен инвестор арасында бірлескен жұмыстар атқару бойынша Жол картасы әзірленген. Соған сәйкес, биыл Мақтаарал ауданындағы шаруалармен келісімшарт жасалып, 10 мың гектарға мақта егіледі. Ол үшін Өзбекстаннан жоғары сапалы 300 тонна мақта тұқымы жеткізілмек. Жоғары сапалы мақта шығатын болса, Жол картасындағы жоспар бойынша келесі жылы мақта егу жұмысы 20 мың, одан кейін 30 мың, 40 мың, 2026 жылы 50 мың гектарға дейін ұлғайтылады. Оны мақтааралдық шаруалардан «Global Textile Group» компаниясы жоғары бағада сатып алады.

Ал Жол картасының екінші және бесінші кезеңдері аралығында тиісті инфрақұрылымы бар мақта-тоқыма кешені мен логистикалық хаб жасақталады, мақта кластері дамиды. Тиісті учаске беріліп, инфрақұрылым әзірленген соң 2026 жылы Мақтаарал ауданында Мақта өңдеу зауыты мен Тігін мата фабрикасын іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Түркістан облысында туындаған мақта мәселесін шешу мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен алқалы жиыны өткен болатын. Оған Сыртқы істер министрлігі, Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев, Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Бағлан Бекбауов, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Қайнар Абасов пен Сырым Ертаев арнайы қатысты. Сондай-ақ мақта зауыттарының басшылары мен диқандар да болды. Басқосуда жыл сайын қайталанатын өзекті мәселені шешудің бірнеше жолы ұсынылды.

– Биыл мақта бағасы нақты белгіленбей әрі тұрақсыз болып, салдары осы саладағы агроқұрылымдардың наразылықтарын тудырды. Бұған мақта саласының шикізат күйінде экспортқа бағытталып, өңірде тоқыма тігін кластерін дамыту тиісті деңгейде қолға алынбауы да себеп болуда. Аталған мәселе жылда қайталанады. Осыған байланысты агроқұрылымдарды қолдап, мәселені жүйелі шешудің жолын қарастырған жөн. Біздің шаруалар шетелдік трейдерлік компанияларға тәуелді болып отыр. Бұл мәселе жылда қайталануда. Бүгін бірінші кезекте осы саладағы барлық проблеманы талқылап, қорытынды жасау үшін жиналып отырмыз. Алдағы уақытта ұсыныстарды нақтылап, орталық үкіметтік орган басшыларын өңірге шақырамыз. Шаруалармен, мақта зауыты басшыларымен тағы да кездесеміз. Біз өңір шаруаларының өз жұмысын жүргізіп, отбасыларын асырауларына қолайлы жағдай қалыптастыруға мүдделіміз, – деді Дархан Сатыбалды.

Шитті мақта саласы тек шикізат күйінде экспортталатындықтан мақта бағасы шетелдік трейдерлік компанияларға тәуелді. Осыдан арылу мақсатында және шетелдік трейдерлік компаниялардан тәуелсіз жұмыс істеу үшін өңірде мақта кластерін дамытуды қолға алу қажет. Бұл жөнінде Үкіметтің алдағы кезекті отырысының күн тәртібіне қарау үшін ұсыныс енгізілетін болады. Осыған орталық атқарушы органдарға бірқатар мәселелерді назарға алып, оң шешілуіне ықпал жасауы сұралды. Өйткені мақта мәселесін тек облыс әкімдігі деңгейінде шешу мүмкін емес. Оны кәсіпкерлер де мәлімдеп, саладағы проблемалар бойынша ойларын ашық айтты. Елімізде мақта кластерін, жеңіл өнеркәсіп (тоқыма, тігін) саласын дамыту мақсатында «Мақта саласын дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының қабылдау, инвестициялық субсидия арқылы мақта өңдеу зауыттарын, қайта терең өңдеуді оның ішінде тоқыма, тігін фабрикаларын салу мен кеңейту, құрал-жабдықтарын алу, реконструкциялау жөніндегі жаңа паспортын енгізіп, инвестициялық шығынды 50% өтеу мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды. Мақта талшығының бағасын анықтап, мақта зауыттарынан сатып алу мүмкіндіктерін ұсыну жағы да айтылды. Сонымен бірге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген ұзақ мерзімді үлкен көлемдегі несие беруді қарастыру мәселесі көтерілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на мақта талшығын экспортаушы кәсіпкерлерге үшін Мақтаарал – Достық (Алашанькоу) станцияларының аралығында қажетті көлемде вагонды мерзімінде бөлу және мақта талшығын тасымалдау шығынын 50% төменгі бағада белгілеу ұсынылды. Сауда және интеграция министрлігіне мақта талшығын экспорттау көлемін ұлғайту және инвесторларды қолдау мақсатында темір жол, жүк көлігі тарифтерін 50% төмендету мүмкіндіктерін қарастыруды, Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетіне мақта талшығын импортаушы елдердегі (Түркия, Қытай, Белорусь, Ресей, Чехия, Өзбекстан, Молдова, Латвия, Белгия, Германия т.б.) елшіліктермен бірлесіп, мақта кластерін дамыту үшін инвесторлар тарту мәселесі көтерілді.

Түркістан облысы – республикада мақта дақылын өсіретін еліміздегі бірден-бір өңір. Бұл салада 25 мыңға жуық агроқұрылым еңбек етеді. Биыл мақта дақылы 126,3 мың гектарға егіліп, 330,3 мың тонна өнім жинау жоспарлануда. Бүгінгі күнге 305 мың тонна немесе 93% жиналды. Шитті мақтаны қабылдау үшін 22 мақта өңдеу зауытының 187 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр. Зауыттар шитті мақтаны 200 – 250 теңгеден алдын ала төлем жұмыстарын жүргізуде. Бұл агроқұрылымдардың өзіндік шығынын ақтамай отыр. Биыл шитті мақтаны сатып алу бағасы төмен болып, агроқұрылымдардың наразылықтарын тудырды. Оның негізгі себебі – әлемде болып жатқан геосаяси жағдайларға байланысты логистикалық желілер күрделеніп, тасымалдау шығындары бірнеше есе өсті. Бұл мақта сатып алушы шетелдік компаниялардың (трейдерлердің) Қазақстан нарығына сұраныстарын төмендетіп, шитті мақта бағасының тұрақсыздығына алып келді. Шитті мақтаның өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді және Ливерпуль мақта биржасының индексіне сәйкес белгіленеді. Бүгінгі күнге Ливерпуль биржасында орта талшықты мақта бағасының 1 тонна баға көрсеткіші 93,75 индекс, яғни шитті мақтаның болжамдық бағасы 231,9 мың теңгені құрап отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

9 Comments

  1. Fantastic website. Lots of helpful information here.
    I’m sending it to some friends ans also sharing in delicious.
    And obviously, thank you for your effort!

  2. Wastewater power plants ⅽould signifіcantly
    benefit areɑs wіth limited infrastructure. Іt’s а tѡo-birds-one-stone solution thɑt cⲟuld improve quality of life in many areas.

    Wastewater power plants could siɡnificantly benefit
    ɑreas ᴡith limited infrastructure. Ӏt addresses Ьoth sanitation and energy needs simultaneously,
    ѡhich is crucial in many regions.

    Stop Ьy mү site — municipal water treatment pump

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.