Түркістан облысының өнерпазы республикалық ән байқауында топ жарды

Қызылорда облысында 1-2 тамыз күндері ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Мәдина Ералиеваның 70 жылдығына арналған «Қазақтың Ақбаяны» атты І республикалық әншілер конкурсы өтті. Байқауда Түркістан облысының атынан «Конгресс Холл» көпсалалы кешені, «Jana Lep» шығармашылық ұжымының өнерпазы Асыл Жомартов бақ сынады.

Жобаның мақсаты — жас әншілерді қолдау, ән өнеріндегі жаңалықтарды кейінгі ұрпақтың кәдесіне жарату және ескі халық әндерін насихаттау. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 18-35 жас аралығында іріктелген 15 әнші қатысты.

Байқаудың бірінші кезеңінде Қазақстан композиторларының әндері орындалса, екінші кезеңде Мадина Ералиеваның репетуарынан әндер шырқалды. Нәтижесінде 5 жеңімпаз анықталды. Үздік өнер көрсеткені үшін Түркістан өңірінің өнерпазы Асыл Жомартов Бас жүлдені жеңіп алды. Байқау әрі қарай еске алу кешіне, гала концертке ұласты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin