Түркістан облысының 807 елді мекенінде сенбілік жұмыстары кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді

Республика бойынша «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында атқарылған жұмыстарға апта сайын талдау жүргізіліп келеді. Түркістан облысында аталған акция аясында абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық, қоқыс шығару және полигондарды күтіп ұстау бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аталған акция аясында бір апта көлемінде өңірде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Облысқа қарасты 807 елді мекенінде сенбілік жұмыстары кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді. Өткен аптада 64 елді мекенде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған 181 632 тұрғын қатысып, 132 техника жұлдырылды. Сол күні, жалпы, 717 тонна қоқыс шығарылды. Нәтижесінде, 199,7 шақырым ауыл ішілік көшелер, 179 мемлекеттік мекемелермен және 410 кәсіпкерлік нысандармен іргелес аумақтар тазаланды. Көше бойындағы 12 404 ағаш қырқылып, әктелсе, 96 аялдама ретке келтірілді. Жалпы, санитарлық тазалық жұмыстарына 932 коммуналдық қызметші мен 102 техника қызмет көрсетеді.

Облыс басшысы Дархан Сатыбалды абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын үздіксіз жүргізуді, тазалық сақтау бойынша насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Тазалық жұмыстарынан бөлек, құқық қорғау органдары тарапынан табиғатқа және облыс тазалығына зиян келтірген азаматтарды анықтап, тәртіпті шара қолдану бағытындағы жұмыстар күшейтілген.

Түркістан облысы Полиция департаменті құрылымдарымен, облыс аумағын абаттандыру қағидалары мен ортақ пайдалану орындарын ластау фактілерінің анықтау бағытында кешенді шаралар атқаруда. Жыл басынан бері Әкімшілік кодексінің 505-ші бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша 4728 тұлға анықталып, 4175 ескерту жасалып, 147 азамтқа әкімшілік айыппұл салынды. Әкімшілік кодексінің 434-2 бабы «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бойынша 12 259 тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделіп, 171 миллион теңге айыппұл салынған.

Облыс аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасады. Қоршаған ортаны ластаған, заңды бұзған азаматтарға қатысты тәртіптік шаралар да тоқтамайды. Жұмыс барысы Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында болады.

Полиция ортақ пайдаланылатын орындарды ластаушыларды жауапқа тартады

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясын өткізуде жергілікті полиция қызметінің полицейлерімен белгіленбеген орындарда қоқыс шығару, жалпы пайдалану орындарын абаттандыру және ластау қағидаларын бұзу, жолдар мен жол құрылыстарын зақымдау жайттары бойынша жыл басынан бері 20 мыңнан астам дерек анықталды.

Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластаудың 12 259 құқық бұзушылығы тіркелген. Абаттандыру ережелерін бұзудың 4175 құқық бұзушылығы анықталған. Оның 4028-іне ескерту жасалып, 147 тұрғынға айыппұл салынған.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өткізіліп келеді. Бұл шара экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда және көшеде тазалықты сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

Созақ ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері мен белсенді жастардан бөлек, елді мекен тұрғындары да жұмыла атсалысуда.

Бүгін аудандағы Шолаққорған ауылдық округіне қарасты Жеткіншек елді мекенінің тұрғындары тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, акцияға әрқашан үлес қосуға дайын екендерін жеткізді.

Тазалық жұмыстарына тұрғындармен бірге аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов пен ауылдық округтің әкімі Әділ Елібаев қатысып, шараға қолдау білдірді. Жергілікті қауымдастықтың мүшесі Мадияр Бақытжан барлық тұрғындарды көше бойы мен өз аулаларын таза ұстауға шақырды.

Экологиялық акция аясында ұйымдастырылған жұмыстар барысында елді мекендегі аяқжолдар мен көше бойлары ретке келтіріліп, арамшөптер оталды. Жұмыстарға 2 арнайы техника жұмылдырылды. Ұзындығы 5,9 шақырымды құрайтын ішкі 6 көше тазартылып, 3,5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

«Жасыл елдің» 1500 жасағы «Таза Қазақстан» акциясына атсалысады

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Түркістан өңірінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған акцияға облыс жастары мен еріктілері белсенді атсалысуда. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиынға аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары басшылары мен селектор режимінде аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен орталық басшыларына өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу, тұрғындардың экомәдениетін қалыптастыру мен қоршаған ортаны таза ұстау бойынша түрлі тиімді жобалар жасап, тазалық шарасы аясында жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы бір реттік науқан емес, жыл соңына дейін жалғасатын акция. Бүгінде облыста осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып келеді. Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауда «Үлгілі аула» жобасы аясында белсенді азаматтардың бастамасымен көше бойлары, үй аулалары, көпқабатты үйлердің айналасы тұрақты түрде қоқыстан тазартылуда. Сондай-ақ «Үлгілі ауыл» жобасы облыстағы үздік ауылдар қатысуға өтінім берген бірегей жоба. Бұл жоба аясында инфрақұрылымы дамыған, тазалығы тұрақты жүргізілетін ауылдар өзара бәсекеге түспек. Аталған бағыттағы жұмыстарды ары қарай жандандыру қажет, – деді Б. Тәжібаев.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейітжановтың айтуынша, акция аясында өткізілген іс-шараларға 80 мыңға жуық ерікті қатысты. Сондай-ақ 17 аудан, қала көлемінде 92 мыңға жуық ағаш көшеті және 10 мыңға жуық гүл отырғызылып, 1174 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 198 киелі-мекенде, көше бойларындағы ағаштарды әктеу, сырлау жүріп, қоқыс қалдықтары шығарылса, 230 қарт кісінің үйілеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Жас Түркістан» еріктілер ассоциациясы құрылып, «Бұл сенің өңірің» акциясы негізінде 500 жастың қатысуымен тимбилдинг ұйымдастырылса, «Асыл мұра» жобасы асында Түркістан облысының тарихи мәдени орталықтары мен туристік аймақтарында аптасына 1 рет 300 жастың қатысуымен квест ойындары өткізілді.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мемлекеттік бағдарламасына 1500 жасты қамту жоспарланып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin