Түркістан облысы: Адам папиллома вирусына қарсы 24 мыңға жуық екпе егу жоспарланып отыр

Бүгін өңірлік коммуникация қызметінің алаңында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Бахтыораз Мизамұлы Елемесов адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау бойынша брифингте баяндама жасады. Басқарма басшысының орынбасары жатыр мойны обырының шалдығуына жол бермеудің бірден-бір тиімді баламасыз құралы болып табылатын вакцинация туралы кеңінен ақпарат берді.

– Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің адам папиллома вирусын жұқтыруымен тікелей байланысты. Бұл туралы көптеген ғылыми дәлелдер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 95% — дан астам жағдайда жатыр мойны обырын (ЖМО) адам папиллома вирусы (АПВ) тудырады. АПВ бар әйелдерде жатыр мойны обырының даму ықтималдығы вирус жоқ әйелдерге қарағанда 6 есе жоғары. Бүгінде елімізде осы вирустың алдын алу мақсатында вакцинациялау жұмыстары қолға алынуда. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 11-14 жас аралығындағы қыздарға ата-анасының рұқсатымен екпе жұмыстары жүргізілмек, — деді Бахтыораз Мизамұлы.

Айта кетейік, екпе егудегі мақсат — адам папилломасы вирусымен байланысты өзге де қатерлі ісіктердің жиілігін төмендету. Екпенің денсаулыққа ешқандай кері әсері жоқ, қауіпсіз. Республикамызда 4 валентті «Гардасил» вакцинасын қолдану көзделіп отыр. Вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде жүргізіледі. Облыс бойынша 24 мыңға жуық қыз балаға егу жоспарланған.

2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда қыздарды адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялауды бастау жоспарланған. Вакцина тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді. 11 жастағы қыздар АПВ-ге қарсы вакцинациялауға жатады, вакцинация 6 ай аралығымен екі рет жүргізіледі.

Қазақстанда жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші және құнарлы жастағы (25-44 жас) әйелдердің сүт безі обырынан кейінгі өлімінің екінші себебі болып табылады. Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырына шалдыққан әйелдердің 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, жылына 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады, бұл күн сайын 2 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады дегенді білдіреді.

Жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз тиімді және қауіпсіз әдісі — вакцинация. АПВ вакцинасы әйелдерді өмір бойы осы аурудан қорғайды.

АПВ — бір вирус емес, 200-ден астам түрі белгілі байланысты вирустар тобы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жатыр мойны обырының 95%-дан астамы АПВ туындайды.

АПВ-жатыр мойны обырын тудыруы мүмкін өте кең таралған вирус. Сондай-ақ, АПВ тамақтың, ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелерінің қатерлі ісігін тудырады.

Папиллома вирусы адамнан адамға берілуі мүмкін:
— байланыс-тұрмыстық тәсілмен. АПВ қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, ванналарға, спортзалдарға, дәретханаларға, бассейндерге барған кезде мұқият болу керек.
— жыныстық жолмен. Жыныстық жолмен берілетін вирустардың онокогендік түрлері жыныс мүшелерінде орналасқан сүйелдерді тудырады.
— туылған кезде тік жолмен. Вирус туу каналы арқылы өту кезінде анадан балаға беріледі. Сүйелдер көбінесе нәрестелерде өмірдің алғашқы жылдарында аузында немесе терісінде пайда болады.
— өзін-өзі жұқтыру арқылы. Көбінесе қырыну немесе эпиляция кезінде АПВ дененің бір аймағынан екіншісіне ауысады.

Бүгінгі күні АПВ қарсы ем жоқ, жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз әдісі-вакцинация. Жатыр мойны обыры-алдын алуға болатын жалғыз онкологиялық ауру.

АПВ вакцинасы әлемде 2006 жылдан бастап қолданыла бастады және әлемде қолданылады.

Адам папиллома вирусы – кең таралған инфекция. Ол әлем халқы бойынша 90%-дан астам адамда кезедеседі. Вирус адамға жыныстық жолмен де, тұрмыстық жолмен де жұғады. Адам папиллома вирусы – әлемдік денсаулық сақтау саласындағы басты проблеманың бірі болып отыр.

Халықтың денсаулығына әсер ететін бұл мәселе Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Қазақстанда да бұл вирустың халық арасында таралуы көрсеткіші жоғары. Бұл осы инфекцияның алдын алу және емдеу әдістері туралы ақпараттың халыққа толық түсінікті болмауына байланысты.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бір жылда адам папиломасы вирусынан үш жүз мыңға жуық әйел адам қайтыс болады. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша екінші орында тұр. Атап айтатын болсақ, бір жылда еліміз бойынша 1900 адам аталмыш вирусты жұқтырады екен. Өлім дерегі де аз емес, осы дерттен алты жүзден астам әйел көз жұмады.

АПВ әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін. Вирустың таралуы, оның жатыр мойны обыры ауруына әсері және вакцинация сияқты профилактикалық шаралардың маңыздылығы әрі қарай зерттеуді және назар аударуды қажет етеді. Осы вируспен байланысты аурулардың алдын алу үшін профилактикалық шараларды, соның ішінде тұрақты медициналық тексерулерді және АПВ вакцинациясын қолдану маңызды. Бұл ауру қаупін және қоғамда осы вирустың таралу қаупін азайтудың жалғыз жолы.

Адам папиллома вирустары жалпақ эпителий жасушаларында өмір сүріп, көбейеді. Ададар вирусты терінің шырышты қабаты немесе терідегі жаралар мен жарақаттар арқылы жұқтырады. АПВ адам ағзасына зақымдалған тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді. Адам папиллома вирусы тек адам ағзасында, яғни терісінде немесе шырышты қабаттарында өмір сүреді. Демек, вирус – жыныстық қатынас арқылы тез жұғады.

Белсенді қоздырғыштардың нәтижесінде адам денесінде сүйелдер, папилломалар, өткір немесе жалпақ кондиломалар пайда болады. Бүгінгі күнге дейін АПВ тек косметикалық ақауды тудыратын зиянсыз вирус деп есептеліп келді. Алайда қазіргі таңда оның кейбір штаммдарының қатерлі ісік тудыруы мүмкін екендігі дәлелденген.

Адам папиллома вирусының көптеген түрлері бар. Олар орналасуына, сыртқы көріністеріне және онкогенділік деңгейіне байланысты бөлінеді.

Сыртқы көрінісіне байланысты. Барлық вирустың төрттен бірі шырышты қабаттарда папилломалар мен сүйелдердің пайда болуына әсер етеді.

Онкогенділік дәрежесі бойынша. Басқаларға қарағанда қатерлі ісік тудыратын белгілі бір штамдар бар. 16-18-ші типтері ең қауіпті болып саналады. Әйелдердің 70% -ында жатыр мойны обыры, 80%-ында – қынап ісігі, 92% -ында – аналь ісігі туындайды.

Сонымен қатар, адам папиллома вирустары әдетте сүйелдердің түріне және орналасуына байланысты бөлінеді:

  1. Тегіс – негізінен мойын мен бетте орналасады. Олар теріден жоғары көтерілмейтін кішкентай қатты затқа ұқсайды;
  2. Анық – теріде үлкен болып анық байқалып тұратын өсінділер;
  3. Сүйір – жыныс мүшесінде пайда болады. Бұл жоғары онкогенді штамдармен инфекцияның айқын белгісі;
  4. Жалпақ – табанында орналасқан жалпақ сүйелдер;
  5. Жіп тәрізді – негізінен бет, мойын, қол немесе қолтықта пайда болатын бір немесе бірнеше түзілімдер. Олар бір негізден шыққан бірнеше өткір жіптерге ұқсайды.

АПВ-ның таралуының 3 негізгі жолы бар:

  1. Жыныстық жол.Ең көп таралған әдіс. Егер жыныстық қатынас кезінде қорғанбаса, патоген жыныс мүшелерінің шырышты қабатына белсенді енеді.
  2. Перинаталдық жол.Жүкті әйел АПВ жұқтырған болса, патоген (1% жағдайда) балаға беріледі;
  3. Байланыс және тұрмыстық жол. Вирус денеге тері жарақаттары арқылы енуі мүмкін.

Адам папиллома вирусы аэробты ортада өмір сүрмейді, ол ауада бірден өледі. Сол себепті есік, автобус тұтқалары немесе дәретхана орындықтары арқылы таралып, жұқпайды.

Пациенттердің басым көпшілігінде папилома вирусы сүйелдердің, папилломалардың және кондиломалардың өсуін тудырады. Олар дененің кез келген жерінде пайда болады, алайда көбінесе жыныстық аймақта кездеседі.

Адам папиллома вирусының белгілері қандай?

Адам папиллома вирусының инфекциясы симптомсыз өтеді. Ұзақ уақыт бойы адам бойында ешқандай белгілер байқалмауы мүмкін. Денеде сүйелдер пайда болуы мүмкін, бірақ оған ешкім ерекше назар аудармайды. Әйелдерде жатыр мойны дисплазиясы дамуы мүмкін, бірақ оны гинекологиялық тексеруден басқа әдіспен анықтау мүмкін емес.

Бүгінгі күні дәрігерлер денеде папилома вирусы болуы мүмкін бірқатар белгілерді атайды.

Төмендегі белгілер болған жағдайда міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек:

–  Жыныстық қатынас кезінде ыңғайсыздық сезімі;

– етеккір арасында қан келуі;

– Кез келген жанасудан терідегі ісіктерің қанауы;

– Теріде ісіктердің пайда болуы;

– Жыныс аймағының қышуы.

Адам папиллома вирусын тасымалдаушыладың көбінің табанында сүйел пайда болады. Денедегі әлсіздік, шаршау, кенеттен салмақ тастау немесе іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы сияқты белгілерді байқасаңыз, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.

Адам папилломавирусы емделмейді. Дегенмен, емдеу режимі инфекция дәрежесіне және организмнің жеке ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі.

Папилома вирусынан қорғанудың жалғыз тиімді әдісі – вакцинация.

Әлем елдерін алаңдатып отырған аурудың алдын алу жолдарын Қазақстан да қолға алды.

Биылдан бастап елімізде адам папиллома вирусына қарсы вакцинация басталады. Ол үшін Үкімет 9,7 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп отыр. Оған 351 мыңнан астам доза мөлшерінде вакцина сатып алынады. Жұқпалы аурулардан туындаған онкологиялық аурулардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында нысаналы топтың кемінде 95%-ын қамтитын 11 жастағы жасөспірім қыздарды папилломалық вирусқа қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда. Бұл жұмыс 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Вакцинаны 11 жастағы қыздардан бастап салудың өзіндік себебі бар. Онкогинекологтардың пікірінше, қыздарды жыныстық қатынасқа түспес бұрын вакцинациялау өте маңызды. Бұл жаста қыз балалар вирусты жұқтырып үлгермейді және вакцинацияның тиімділігі өте жоғары болады. 

Сонымен қатар, адам папиллома вирусына қарсы вакцинаны ер адамдар да салдыра алады.

2020 жылы ел үкіметі Қазақстанда АПВ вирусына қарсы вакцинация 2021 жылы басталады деп мәлімдеген, бірақ кейін бұл бағдарлама тоқтатылды.

Жатыр мойны обырының дамуы АПВ инфекциясына байланысты екені ғылыми түрде дәлелденген. АПВ жұқтыру мен жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз әдісі – вакциналау.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жатыр мойны обыры әлемдегі барлық қатерлі ісік аурулары құрылымында 13%-ға дейін жетеді. Әлемде жыл сайын жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады. Қазақстанда жыл сайын 1600-ден астам жағдай тіркеліп, 500-ден астам әйел қайтыс болады. Қатерлі ісік ауруы арасында жатыр мойны обыры — 5-орында, ал өлім-жітім бойынша 8-орында тұр.

Қазіргі уақытта 125-ке жуық ел (АҚШ, Канада, Аустралия, Бразилия, Венесуэла, Ұлыбритания) өзінің ұлттық иммундау бағдарламаларына АПВ қарсы вакцинаны енгізді. ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, «2023-2025 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар» шеңберінде адам папиллома вирусына қарсы вакциналауды енгізу көзделген.

АПВ-ге қарсы вакциналауды енгізу бойынша дайындық жұмыстары басталды. ДДСҰ 9-14 жас аралығындағы қыздарды вакциналауды ұсынып отыр. Осыған байланысты, Қазақстанда биылғы жылдың үшінші тоқсанында 11 жастағы қыздарға екпе салу жоспарлануда. Күзге дейін 11 жастағы 175 мыңға жуық қызды вакцинамен қамту көзделген.

Вакцина білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде тегін қолжетімді болады. Сондай-ақ, ата-ана өтінішімен вакцинаны тіркелген жері бойынша емханалардан алуға болады.

Вакциналау ата-ананың немесе қамқоршының келісімімен, еш қарсы көрсетілім болмаған жағдайда, дәрігердің тексеруінен кейін жүргізіледі. АПВ-ге қарсы вакциналар стандартты 0,5 мл көлемде иық бұлшықетіне егіледі.

ДДСҰ ақпаратына сәйкес, вакциналау кестесі вакцина салынуы тиіс адамның жасына байланысты анықталады.

ДДҰ ұсынымын, өндірушінің нұсқаулығын және ҚР-да халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың консультативтік тобын ескере отырып, 6 ай аралықпен екі дозадан тұратын қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакциналау кестесі ұсынылған.

Айта кету керек, кез келген вакциналау, соның ішінде АПВ-ге қарсы вакциналар ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін ғана жасалады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin