Түркістан облысы: Арыста жарты жылда 7000 гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындармен есептік кездесуде пайдаланусыз бос жатқан жайылым және суармалы жер туралы айтты.

«Биыл игерілмей бос жатқан жерлерді қайта айналымға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жыл басынан бері 7292,2 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 7291,0 гектары — жайылым, ал 1,2 гектары — суармалы жер. Сондай-ақ, ауылдар мен елді мекендерде ортақ жайылым жерлер 2500 ұлғайтылды. Яғни, Ақдала ауылында ортақ жайылым 1500 гектарға, Аққалада 1000 гектарға ұлғайтылды. Бұл бағытта жұмыстар жүйелі жалғасатын болады», — деді қала әкімі Гүлжан Мамытқызы.

Жалпы, қалада ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру, аталған салаға инвестиция тарту бағытында 2023 жылы ауқымды жұмыстар бар.

Атап айтқанда, құны 8,7 миллиард теңгені құрайтын «Turkistan Agro KZ» ЖШС биыл 25 мың басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысын бастастайды. Кешен толық іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылады. Бұдан бөлек, ірі қара малды азықпен (жем, шөп) қамтамасыз ету үшін 3000 гектар аумаққа жаңбырлатып суару әдісімен өнім алуға тағы 8 миллиард теңге инвестиция салынбақ. Бүгінгі таңда мал бордақылау алаңына қажетті инженерлік-инфрақұрылымын қамтамасыз ету мақсатында 54 шақырымға жоғары кернеулі электр жарығы тартылған.

Ал, «KAZPLEMZAVOD» ЖШС 10 000 бас ірі қара малды өсіру және көбейтуді жолға қоюда. Аталған серіктестік 2023 жылы 3550 асыл тұқымды қалмақ бас сиырын әкелмек. Жобаның жалпы құны 2 миллиард 275,0 миллион теңгені құрайды. Көп күтімді керек етпейтін, кез келген ауа райына төзімді сиырдың салмағы – 500 келі, бұқасы бір тоннаға дейін тартады.

Сонымен, бүгін шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова қала тұрғындарымен Мәдениет үйінде есептік кездесу өткізді. Бұған дейін 6 ауылдық округте болып, ондағы өзекті мәселелерді талқылаған әкім Арыс тұрғындарына қорытынды есеп берді. Кездесуде халықтың көкейінде жүрген бірнеше өзекті мәселелердің шешімін айтты.

Расында да, қала жыл өткен сайын ажарланып, халық саны артып келеді. Осыған сәйкес, жаңа білім ұялары құрылысын салу — заңдылық. Қала әкімі биыл Арыс қаласында екі жаңа мектептің құрылысы басталғанын айтты. Атап айтқанда, «Тараз» және «Отырар» тұрғын ауданында 600 орындық жаңа мектеп бой көтереді.

«Білімді ұрпақ — ел болашағы. 21-ші ғасырда үш ауысымды мектеп мәселесі туындамау керек. Қала тұрғындарының жыл сайынғы өсуі ескеріліп, жаңа мектептер салуды жоспарлап отырмыз. Жоғарыда айтқанымдай, 2 жаңа мектеп құрылысынан бөлек, биыл М.Әуезов атындағы гимназиядан 200 орындық, И.Журба мектебі жанынан 300 орындық қосымша оқу ғимараты салынып жатыр. Осылайша, 1500-ден астам оқушыға жағдай жасалады», — деді Гүлжан Мамытқызы.

Бұдан бөлек, жиында электр желілерін жаңарту, ауыз су сапасын арттыру, қала көшелеріне ағымдағы жөндеу жүргізу мәселелеріне жеке тоқталып өтті. Жиынға қатысқан тұрғындар тарапынан да бірқатар өзекті мәселелер айтылып, оларға нақты жауаптар берілді.

Айта кетейік, жиында сұрақтарын қойып үлгермеген тұрғындар шара соңында қала басшысымен жеке кездесіп, сұрақ-сауалдарына жауаптар алды.

Инфрақұрылым мәселесіне келсек. «Қаламызда халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау үшін жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінгі таңда қала тұрғындарын жер асты ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған жоғары қысымды су магистралдық құбырын тозығы жетуіне байланысты ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 12,6 шақырымды құрайтын магистралды су құбыры құрылысы 2023 жылы аяқтап, пайдалануға береміз», — деді Гүлжан Мамытқызы.

Бұдан бөлек, 3 тұрғын аудандадағы (Саяжай 1, Саяжай 2, Алатау) 16 көшеге жаңадан су құбырларының құрылысы аяқталып, халық игілігіне беріледі. Сондай-ақ, Шағыр, Ақтас елді мекендерінде жаңадан ауыз су жүйесі құрылысы басталады.

Қала басшысы кәріз жүйесі мен жол салу мәселесі де назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

«Бүгінгі таңда Арыс халқы жыл сайын өсіп, қала қанатын кеңге жайып келеді. 2023 жылы қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің кәріз құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған. Ал, «Тараз» тұрғын ауданына жаңадан кәріз жүйесін жүргізу құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру көзделген. Бұдан бөлек, қаланың ішкі орамдағы кәріз жүйесіне қайта-құру жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Жалпы, қаламызда тұрғын үйлерді 2027 жылға дейін 70%-ын кәріз жүйесіне қосу бойынша іс-шара жоспары дайындалуда», — деді Гүлжан Мамытқызы.

Бұдан бөлек, Сырдария және Атамекен елді мекендерінде 23 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Талдықұдық тұрғын ауданының ішкі көшелеріне тас төселетін болады. Ал, Арыс қаласында 10 көшеге, Қожатоғай мен Шағыр елді мекендерінде 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қала ішінде 10 дана автобус аялдамалары орнату жоспарланып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.